Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім беру мектебі жанынан ашылған шағын орталықта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Туған елім — Қазақстан» атты ертеңгілік өтті. Мереке топ тәрбиешілері: Ж.Ш. Каниева, А.М. Газизова, Л.В. Логозовская, Б.П. Магзамова ұйымдастырды.
Мерекелік шараға аталмыш орталықтағы тәрбиеленушілер түгел қатысты. Іс-шара үш кезеңді қамтыды. Алғашқысында олар ұлттық киім киіп, қос тілде өлең оқыды, ән шырқады, би биледі. Екінші кезеңде тақырыпқа байланысты сурет, қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, балалардың шығармашылық өнерлері таныстырылды. Соңында балдырғандар өздерінің сүйікті ертегілері мен ұлттық салт-дәстүрден көріністер қойып, сахналық шеберліктерін көрсетті.
Ата-аналар өз балаларының жетістіктеріне риза болып, ұстаздарға алғыстарын білдірді.
Теңдік АХАТОВА,
№18 ЖОББМ,
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
Павлодар қаласы