Home » Айтарым бар » Туылған күніңмен Нұрман нағашы!

Туылған күніңмен Нұрман нағашы!

                     

Бүгін сенің туылған күнің — төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, 29 жаста келіп жатқан қуанышыңды бөліспекке жиналдық. Егер қып — қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады. Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай  ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Бұл өмірге адамдар жылап келіп жатады,
Жылайтұғын себебі адамдар бар қинайтын.
Бұл өмірден адамдар жылап кетіп жатады,
Жылайтұғын себебі адамдар бар қимайтын!
– деп  Қадыр Мырза-Әлі ақынымыз айтқандай өзіңе тілегім, қинайтын дұшпаның аз болып, қимайтын достарың көбейсін! Айналаң қаумалаған қалың ел болып, абыройың асқақтасын!

 

 

 

 

 

Ізгі ниетпен: Анашың Гүлжаһан, ағайын-туыстарың, дос-жараңдарың және отбасың.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.