Home » Сценарийлер » Тулебаева Мира Кенжегариновна

Тулебаева Мира Кенжегариновна

Тулебаева Мира Кенжегариновна,
Астана қаласы,
№79 «Шабыт» балабақшасының
тәрбиешісі

 

«Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» мерекелік ертеңгілік
Көрініс

Анасы балам үйге қонақтар келеді. Маған үй жинауға көмектесші?
Баласы. Қонақ келсе не болыпты. Мен мультфилм көріп отырмын. (бала ерегісе анасына үйді шашып тастайды)
Анасы: Балам қонақ келген құт деген, бүгін менің мерекем көмектеспейсің бе анаңа- деп (үндемей шашқан жерін жинап алып ары қарай жұмысын жасай береді.
Анасы кәмпиттерді жасап , жемістерді жуып үстел үстіне қояды. Балам қонақтарға деген тәттілер мен жемістерді жасап қойдым, қозғама.
Баласы: 1-,2,3 жегеннен қонақтарға жетпей қалмас деп алып, қызыққаннан бәрі жеп, тістеп тастайды.
Анасы ашуланып. Неге ғана тілазар болдың екен , сені тәрбиелеуде қай жерден қате кеттім, сұрағаныңның бәрін екі етпей жасап едім? Маған неге бұлай жасайсың? баласына қатты ұрысады.
Баласы қатты уайыммен далаға шығып кетеді. Анасы баласын іздеп тысқа шығады. (ол бала үйден шыққан бойда шабыт балабақшасындағы Сыбызғы тобына тап болады. Сонда ол мына жағдайларды біледі. Әлемдегі ең асыл жан ол

Сардар: Қош келдіңіздер! Ардақты әжелер, асыл аналар, қызғалдақ қыздар, Мереке құтты болсын!
Бағым:Баланың тілі шыққаннан -ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Сардар: Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.
Бағым: Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Сардар: Бүгінгі «Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Ән: “Анашым”
Бұзақы: Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Әмина. Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі.
Аяулым. Сондықтан сен бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп,біздің жігіттердің тақпақтар тыңда.
Рамазан
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Сардар: Мерекесі бүгін
Алтын анамның
Сыйлайыншы гүлін
Жарқын даламның
Күлімдеген көзі
Күннің нұрындай
Ұлым деген сөзі
Ақын жырындай.
Абзал:Мені ертіп жетектеп
Осы күнге жеткізген
Бізді бағып өсірген
Аман болсын жан әжем
Арнұр. Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет
Арсен. Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!
Мансұр. Әркім сүйер өзінің,
Мақтан етер анасын.
Бәрі жақсы ананың,
Бәрін сыйлау керек-ау.
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек-ау.
Арыстанбек. Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлихан. Ақ жүректе сақтаған,
Жақын жүзің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам.
Иманжүсіп. .Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Арыстан. Анашым анам,
Ыстықсың маған.
Тәрбие бердің,
Көп алғыс саған.
Мирас. Анам менің ақ мамам,
Балашым деп мақтаған.
Анам барда әрдайым,
Қуанамын шаттанам.
Асылхан. Аялап алақан,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.(тақпақтарын айтып тысқа шығып кете береді.)
Жансель: Қыздар қараңдар жігіттер маған мерекеге сақина сыйлады.
Басқа қыздар: Сақина сыйлағанша би сыйламай ма?
Жансель: ренжіп қалдыңдар ма? Олар бәрімізге би де сыйламақшы.
Би: Ұлдар.
Бағым: Балалар қазір қандай мезгіл?
Сардар: Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктемде қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемде келіп жетті.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Нұрай: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн — әжелер мен аналар мерекесі.
Анель: Қыздар олай болса көктемге, аналарымызға деген тақпағымызды тыңдасын.
Нұрай.Шалқып тасып әніміз
Жадыратып жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.
Зере. Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Ясмина. Ақ мамамды әрқашан
Сағынамын сыйлаймын
Мейрам сайын мен оған
Түрлі сыйлық сыйлаймын
Мадина. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Аяулым. Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз,әр балапан.
Анасына ұқсайды.
Бағым. Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды
Алуа. Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Жансель. Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Дария: Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Лаура. Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Әмина. Анашым жан анам
Балдан тәтті бал анам
Үйге келсең мақтанам
Құшақ жая қарсы аламын
Дария. Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Анель. Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
(Қыздар да тақпақ айтылып болғасын шығып кетеді.)
Абзал: Көктем ханым қарасам арамызда ұлдар ғана қалыпты.
Көктем: Иа кәні жігіттер аналарымыздың мерекесінде биге шақырайық.
Би. Жігіттер аналармен.
Мирас. Көктем де келді уақыт та зымырап өтіп бара жатыр.
Абзал. Иа күнде жылынды.
Мирас. Қарасам біздің қыздар да құлпырып барады.
Абзал: Иа Мирас қыздардың биін тамашалайық.
Би қыздар.
Ән. Вокал балалары.
Ойын. Қажетті заттар: гүл , ваза , ваза төсеніші, орындық,тәрелке кәмпит. Бес-бестен он ұл екі комендаға бөлініп, аналар мерекесіне арнап мерекелік үстел жаяды.
Ағылшын тілінен тақпақтар мен көрініс.
Ән. Қарты бар үйдің, қазынасы бар демекші әжелерімізді ортаға шақырып, ән айтайық.
Әжелер.
Бұзық баланың анасы шығады: балам –ау қайда жүрсің сені іздемеген жерім болмады ғо.
Бұзық бала: Анашым ренжіткенім үшін кешірім сұраймын. Енді мен тек сізді қуантып жүремін. Сыбызғы тобының балаларына рахмет. Анасын қалай сылау керек екенін үйретті. Балалар аналарыңды әрқашан тыңдап ,көмек беріп,сыйлық сыйлап жүріңдер.(осы уақытта сыйлықтар таралады балаларға)
Ән. Анашым балалар әндерін айтып, сыйлықтарын табыс етеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.