Home » Сценарийлер » Тоңдырды мені, тоңдырды сені, Желтоқсан желі – ызғарлы! (конференция)

Тоңдырды мені, тоңдырды сені, Желтоқсан желі – ызғарлы! (конференция)

Мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Жоспар:

Конференция бөлімдері:

І. 1986 ж. желтоқсан оқиғасының салдары…

           Тарихтың ақтаңдақ беттері…      (слайд)

  • Ұмытылмайды желтоқсанның ызғары.(бейнетаспа)
  • Желтоқсан оқиғасының маңызы… (слайд)
  • «Қасқалдақ» әні (Домбыра)
  • «Күнәдан таза басым бар» (Қ.Рысқұлбеков)

ІІ. Тәуелсіздікке қол жеткізу

  • Желтоқсан сыр шертеді…  (слайд)
  • Тәуелсіздікке – 25 жыл өлең (фонмен күй орындалады)
  • Желтоқсан желі тоңдырмасын! (слайд)
  • Желтоқсан тоңдырды барша қазақты (слайд)

                «Тоңдырды мені, тоңдырды сені,

                   Желтоқсан желі – ызғарлы!»

 Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, студенттер және ардақты қонақтар!

Бүгінгі «Тоңдырды мені, тоңдырды сені,

               Желтоқсан желі – ызғарлы!»  атты  конференцияға қош келдіңіздер!!!

Біз, бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тоңдырды мені, тоңдырды сені, Желтоқсан желіызғарлы» атты конференцияны ашық деп жариялаймыз! Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын! (әнұран шырқалды)

Конференциямызды бастамас бұрын, Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің 25 жылдығымен, желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тарих беттерін қозғасақ, Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл конференция 1986ж.16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 25 жыл! Елімізде тек бейбітшілік,ынтымақтастық болсын! Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді!

Міне, Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 25 жыл толғалы отыр. Қазақстан – бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бірден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағыннан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.

25 жыл бұрынғы  қиыншылықты артқа тастап бейбіт күннің де ақ таңы арайлап атты жарқын болашаққа қадам басып келе жатқан халқымыз үшін тәуелсіздігіміз мәнгі жасай берсін «тәуелсіздік» деген қазақ халқы үшін қымбат, әрі киелі ұғым болып қала бермек!!! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған  боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың  арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-апалар! Солардың құрметіне 1минут үнсіздік! Рахмет!    

Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын-сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді. Олай болса, желтоқсан оқиғасынан үзінді бейнетаспаға зер салайық!!!!!!!!!!!!!!!

Ендеше, келесі сөз кезегін ____________________ береміз! (оқыды,шықты)

 Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн !-демекші келесі баяндаманы оқитын ________ береміз!

Мінгенде аты қаракер ма екен, сұр ма екен

Кезікті Наурыз, кешікті менің, нұр көкем

Алатау-атам неге үндемейді, жоқ әлде

Соңы қайырлы боларын біліп тұр ма екен

деп ақын Е.Раушанов жырлағандай осы сезімдер әуезді «Қара бауыр қасқалдақ» әнімен жалғасын тапты.

Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»! Орындайтын  _______қабыл алыңыздар!!!

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!-дей келе ортаға _____________шақырамыз!

ІІ. Тәуелсіздікке қол жеткізу.

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
От боп жанған қазағымның жастары,
Жалынымен ерітіпті мұздарды.
Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
Еркіндікті қашанда ел  көксейтін.
Қаныменен тарихтарда жазылып,
Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.

Олай болса, _____________баяндамасына кезек берейік!

Жас арудың жанарында-желтоқсан,
Қанды ғасыр табаныңда-желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-желтоқсан.
Жауыздықты жақтағанды да-желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан,
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Аббақтыға тастаған да-желтоқсан.
Намысымның шырағы да-желтоқсан.
Сұрқай өмір сынағы да-желтоқсан,
Жігіттіктің өмірі де-желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да-желтоқсан
Жалын жүрек жанып тұрды мұздарда,
Қарсы келіп қаhарлы қыс ызғарға,
Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда,
Намыс туын көтеріпті қыздар да.

«Тәуелсіздікке – 25 жыл» атты өлеңге кезек берейік!______________өлеңдерін тамашаласақ!

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып  көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Ендеше, ортада  –_______өз баяндамасымен қарсы алыңыздар!

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы дей келе келесі баяндаманы оқитын _______________ береміз!

Жоғалтып нуын,

Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді 6 рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп: Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.

Айта берсек, 25жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп . Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Және өз басыммен айтарым соңғы ұрпақ яғни, болашақ жастарымыз осы тәуелсіздікке қандай қиындықпен келгенін біліп жүрсін дегім келеді. Жаңа біздің студенттеріміз өздерінің баяндамаларында айтқандай    «Тоңдырды мені, тоңдырды сені, Желтоқсан желі – ызғарлы!» атты конференцияда барлық нәрсе баршамызға мәлім!!!!!!!!!!!!!!

Олай болса, осымен біздің оқушылармен ұйымдастырып өткен «Тоңдырды мені, тоңдырды сені, Желтоқсан желі – ызғарлы!» атты конференциямыз жабық деп жариялаймыз!!!!!

Сөз кезегі біздің  аса құрметті қонақтарымызға беріледі! (сөз берілді,сөйледі)

Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Жаңаөзен қаласы,

№9 орта мектептің

тарих пәнінің оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.