Мақсаты: Балалардың есту қабілетін арттырады.Сезіну,ойлану,тапқырлық қабілеттерін арттырады.
Ойын шарты: 5-10 балаға дейін қатысады. Бір бала басшы болып,балаларға қарама-қарсы тұрады, теріс қарап. Ал артта тұрған балалар бір сызық бойында тұрып екі асықты бала қолына алып асықтың бүк жағымен бір-біріне ұрып тоқылдатады. Алдында тұрған бала кейін артқа қарап қай бала асықпен тоқылдатып дауыс шығарғанын табу керек. Дұрыс тапқан жағдайда жеңілген бала өз өнерін көрсетеді.Ойынды барлық жас ерекшеліктеріне қарамай ойнауға болады. «Тоқ-тоқ» ойыны балалардың зейін қойып тыңдауды үйрету.
«Тоқ-тоқ» ойыны ұлттық ойынның бірі болып саналады.
Абдукаххарова Гүлбахар Үсенқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№48 «Ақ көгершін» балабақшасының
тәрбиешісі.