Home » Ашық сабақтар » Тоқыма тоқу түрлері

Тоқыма тоқу түрлері

Жайекенова Нұртолған

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл

селосы, «Опорный орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің технология пәні мұғалімі

 Сабақтың мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерімен танысу. Қолмен тоқу өнерін жан-жақты меңгерту. Тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қазіргі өмірде алатын орнын әңгімелеу.

  1. Білімділік мақсаты: бес инемен, ілмек инемен тоқу әдіс-тәсілдерін үйрету.
  2. Дамытушылық мақсаты: жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен жұмыс жасауда, бір-біріне көмектесуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: тоқылған дайын бұйымдар, әр түрлі тоқыма жіптер, бес ине, курючок, интерактивті тақтамен слайд, видео, сұрақтар.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

б) Оқушыларды түгенде.

Сергіту сәті:

Жасырынбақ ойыны. Бұл ойында сабағымыздың тақырыбы жасырынған.

ІI. Жаңа сабақ.

Қолмен тоқылған киімдер баяғыдан сәнде және жоғары бағаланады. Ең қымбат заттар – ол қолмен тоқылған заттар. Әдемілігі, өзіндік ерекшелігі жағынан қолмен тоқу машинамен тоқудан қалыспайды.

Тоқылған заттың сапасы иірімжіптің дұрыс таңдалуына да байланысты болады. Иірімжіп бұйымның арналуына, фасонына, сәніне, т.б. сәйкес келуі керек. Бүгінде тоқыма сәнге айналған әлемде алуын түрлі иірімжіптер бар. Солардың ішінен кейбіреулерін қарастырамыз.

Іліптоқуға арналған иірімжіп түрлері: зығыр, мақта иірімжібі, мохер, жүн иірімжібі, ангор, кашемир, альпак, вискоза, фасонды иірімжіп.

Тоқудың түрлері

Шұлықша тоқу – айналдыра тоқығанда үнемі оң шалумен тоқиды;  жазып тоқығанда – бір қатарда (тоқыманың оң жағынан) оң шалумен, екінші қатарды (тоқыманың теріс жағынан) теріс шалумен тоқиды.

Қуыстап тоқу. Тоқыманың оң және теріс жағын бірдей етіп тоқиды. Бірші қатар – 1 оң беті, 1 оң шалуды тоқымай алады (жіп тоқыманың алдына түседі), екінші және одан кейінгі қатарлар — оң шалуларды оң тоқып, терісін тоқымай бос алады (жіп тоқыманың алдына түседі).

Орамалша тоқу – айналдыра тоқығанда бір қатарды оң шалумен, бір қатарды теріс шалумен тоқиды жазып тоқығанда тоқыманың оң немесе теріс жағы болсын біркелкі не оң не теріс шалулармен тоқиды.

Резинка (ластик) – белгілі бір есеп бойынша теріс және оң шалулар кезектесіп отырады.

Тоқыма үшін қажетті құралдар:

  1. Біз.
  2. Жіп.

Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:

  1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
  2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
  3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке жіптерді жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.

Қауіпсіздік ережесі:

  1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
  2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.
  3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
  4. Ілмекбіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.
  5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.
  6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.
  7. Ілмекбізді қорабымен алып жүру қажет.

I-топ. Ғалымдар.

  1. Қолмен тоқылған киімдер баяғыдан сәнде және жоғары бағаланады. Ең қымбат заттар – ол қолмен тоқылған заттар.
  2. Әдемілігі, өзіндік ерекшелігі жағынан қолмен тоқу, машинамен тоқудан қалыспайды.
  3. Тоқылған заттың сапасы иірімжіптің дұрыс таңдалуына да байланысты болады.
  4. Иірімжіп бұйымның арналуына, фасонына, сәніне, сәйкес келуі керек. Бүгін де тоқыма сәнге айналған әлемде алуын түрлі иірімжіптер бар.
  5. Зығыр, мақта иірім жібі, мохер, жүн иірім жібі, ангор, кашемир, альпак, вискоза, фасонды иірім жіп.
  6. Ең қызығы тоқу алғашында ер адамдардың кәсібі болған. Онымен балықшылар, аңшылар айналысқан. Олар торлар мен тұзақтар тоқыған. Тоқу кәсіпшілігінде ер адамдар әйелдер бәсекелестігімен күресті, арнайы келіссөздер жасасты. 1612 жылы праждық шұлық шығарушылар «ақша жазасынан» қорқып, бір әйелді де жұмысқа алмаймыз деп жариялаған. Дегенімен уақыт өте келе, бұл әйелдердің кәсібіне айналды десекте болады.
  7. Шұлықша тоқу. Қуыстап тоқу. Орамалша тоқу. Резинка (ластик).
  8. Басында ілмекбіздер ілмексіз тегіс таяқшалар болған. Қазіргі кезде ілмекбіздер әртүрлі материалдан жасалады: болат, алюминий, сүйек, пластмасса, ағаш. Диметрлері 1-8мм дейін. Қалыңдықта болады. тоқу үшін ілмекбіздің басына назар аударған жөн. Егер басы үшкір болса тоқу барысында саусақты жаралайды. Егер жаңа ілмекбіздің басы бұдырлау болса, ұсақ егеумен егеу керек.
  9. Ілмек бізді қалам сияқты оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып, ілмек бізде жатады. Жіп алақан ішімен саусақтар арасымен өтеді.
  10. Ілмек бізбен тоқудың тағы бір ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып – сол иірім жіпті қайтіп бірнеше рет қолдануға болады. Тоқылған заттың сапасы иірім жіпке байланысты. Алуан түрлі иірім жіптер бар. Жіпті де бұйымға қарап таңдау керек.

II-топ. Журналистер.

  1. Қолмен тоқылған киімдер бағаланды ма?
  2. Қолмен тоқу өнері немен ерекшеленеді?

3.Тоқылған заттың сапасы неге байланысты?

  1. Иірімжіп бұйымның несіне сәйкес келуі керек?
  2. Іліп тоқуға арналған иірім жіптің қандай түрлері бар?
  3. Іліптоқу неліктен ер адамдардың кәсібі деп саналады?
  4. Тоқудың қандай түрлерін білесіңдер?
  5. Тоқуға арналған ілмекбіздерді қандай материалдардан жасайды?
  6. Ілмекбізді қолда қалай ұстау керек екенін айтып беріңдер.
  7. Ілмекбізбен тоқу ерекшелігін айтып беріңдер.

ІІІ. Сарамандық жұмыс.

Жұмыс барысында техниқа қауіпсіздік ережесін еске салу.

I-топ. Сым темірмен мойын орағыш.

II-топ. Ілмек бізбен тізбек және айналдыра шеңбер тоқу.

Бектіту сұрақтары:

  1. Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?
  2. Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар.
  3. Сапасы және түсі әр түрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер?
  4. Иірімжіп зат белгісіне қарап ұсынылған ілмебіздің номерін қалай білуге болады?

Үйге тапсырма: Тоқыма жұмысын жүргізу. Көрмеге бұйым дайындау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.