Home » Мақалалар » Топтық оқу – оқушылардың табысты оқу әрекетінің кепілі

Топтық оқу – оқушылардың табысты оқу әрекетінің кепілі

Қазіргі оқыту оқушылардың өз бетінше оқуына бағытталғандықтан,олардың таным белсенділігін көтеру маңызды деп есептеймін.Сондықтан мұғалім оқушылардың білімді іздену,пікірталас,проблемалық жағдайларды шешу,жоба құрастыру арқылы өз беттерінше алатындай етіп ұйымдастыра білуі үлкен шеберлікті қажет етеді.Оқушылардың таным әрекетін белсендіретін оқытудың белсенді түріне топтық жұмыс жатады.Топтық жұмысты ұйымдастыру ұжымдық өзара әрекеттестікті жүзеге асырудың бір жұмыс формасы болып табылады.Бұл жерде мұғалім дидактикалық принципті ұстанғаны дұрыс деп ойлаймын,дәлірек айтсақ күшті оқушылар мен әлсіз оқушылардың барлығының дамуына ықпал жасайтындай мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуі қажет.

Дұрыс ұйымдастырылған жұмыстың бұл формасы топ мүшелерінің ортақ мақсатты түсініп,жауапкершілікті сезінуіне,міндеттерді дұрыс бөлісіп,бақылау жүргізуге үйретеді.

Топтық жұмыс барысында:

  • Оқушылардың өзара әрекеттестігі жүзеге асады
  • Оқыту мен оқытудың қажеттілігі туындайды
  • Білімнің бақылануы жүреді
  • Оқу тобында қолайлы орта қалыптасады

Топтық оқытудың маңыздылығы:

1.Қажетті маңызды дағдыларды үйренеді (өзара әрекеттестік,тыңдай білу,

пікірталастарды шешу,бір мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс істеу)

2.Оқушылардың академиялық үлгірімі артады

3.Өзін-өзі құрметтеуге үйренеді

4.Оқушылар өзара көмектің маңыздылығын түсінеді

Мен өз тәжірибемде топтық жұмыстың мынадай түрлерін ұйымдастырамын.

1.Жұптық жұмыс

2.Бірге отырған топ

3.Кішкене команда

Топтық жұмысты ұйымдастыру мына міндеттерді шешуі тиіс:

Ортақ жұмысты орындау барысында оқушылардың тапсырмаларды өздігінен өзара дұрыс бөлісуі

Тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауы

Топтық жұмыстың ережелерін сақтауы

Өзара ынтымақтастықта болуы

Өзінің көзқарасын еркін білдіре отырып,басқалардың пікірін тыңдай білуі

Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушыларды тапсырма мен міндеттерді өздерінің арасында дұрыс бөлісуге үйрету қажет.Дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыс әрбір оқушының дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді.Міндеттерді бөлісу кезінде оқушылар бір-біріне бағынуға,

тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйрету тәртіптілікке шақырады.

Топтық жұмыс кезінде топ мүщелерінің саны 5-6 оқушыдан тұрса,әрбір топ мүшесі ортақ әрекетке барынша белсене қатысады деп ойлаймын.Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын бірінші орынға қойған дұрыс деп есептеймін.Ол үшін меніңше топтың әрбір мүшесінің өзіндік көзқарасын бағалау керек.Мен топтық жұмыс формасын жаңа сабақ материалын өту барысында,бекіту және қайталау кезеңдерінде пайдаланамын.Әр топқа бірнеше күрделірек деңгейдегі карточкалар дайындаймын.

1-деңгей карточкасының тапсырмасы білімді тек жәй ғана айтып беру немесе оқулықтан оқып беру сипатында болады.

2-деңгей тапсырмалары алынған білімді алгоритмдік әрекет арқылы қолдану.

Мысалы: белгілі-бір нәрсені сипаттау арқылы оның не екенін табу.

3-деңгей тапсырмалары бар білімді нақты жағдайларды қолдана білуді,

салыстыру,қорытынды жасауды камтиды.

Тапсырманы орындау барысында оқушылардың бірін-бірі тексеруі өте маңызды деп есептеймін.Тапсырманы орындап болған соң оның қорытындысын хабарлаймын.Кеткен қателер мен жетістіктері хабарланады.

Топтың жұмысын бағалау критерийлері

№ топ

Тақырыпты баяндаудың жүйелілігі

Тақырыпты баяндаудағы реттілік

Тақырыпты баяндаудағы уақыт

Басқа топтардың толықтыруы

Топтың ұйымшылдығы

Топтық жұмыстың артықшылығы:

  • Топта қызу талқылаудың болуы.Оқушылар алған білімдерін пайдаланады
  • Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бір-бірін оқытады,жақын арадағы даму аймағы жүреді
  • Оқушылар әңгімелесу арқылы ой-пайымдарының негізін құрып,мәнін ұғынады,сыни тұрғыдан ойлауы жүзеге асады

 

Қамбарбекова Жаңыл Қамбарбекқызы,
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
№27 Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

Б.И.Иманбекова.,Ф.Т.Саметова.Алматы,2004.

2.«Болашақты бірге жасаймыз».И.Б.Нагиев.Алматы,2014.

3.Оқыту тәрбиесі мен технологиясы.М.Жампейісова.Алматы,2013.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.