Home » Балабақша » «Толағай» спорттық жарысы

«Толағай» спорттық жарысы

Мақсаты: балаларға ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Туннель, шығыршық, арқан, велосипед, кегілдер, доп.

Д/ш нұсқаушысы: Сәлем, достар!Армысыздар, құрметті көрермендер бүгін бізде спорттық сайыс «Толағай» спорттық сайысын бастаймыз.

  • Құрметті, ата-аналар, балалар. Бүгін «Толағай» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.

Шынықсаң шымыр боласын,

Сауығып айдай толасын.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласын.

Жеңінпаз болу оңайма,

Арман болған талайға?

Болмасаңдда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Ортаға «Ақ қоян» тобын шақырамыз.

Ортаға «Бәйтерек» тобын шақырамыз.

Амандасу:  Ақ қоян тобынан Бәйтерек тобына жалынды сәлем.

Бәйтерек тобынан Ақ қоян тобына жалынды салем.

Д/ш нұсқаушысы: Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.

Сайысты бастамастан бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен танысайық.

Нұршуақ балабақшасының әдіскері – Күміскүл Шалабаевна

Нұршуақ балабақшасының сурет салу мұғалімі – Феруза Бегелдиевна.

Нұршуақ балабақшасының Ән-күй жетекшісі – Мақпал Сандибековна.

Спорттық сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

  1. Кезең: «Танысу»  (Топ таныстыру, ұран)
  1. Кезең: «Шығыршық» сайысы (Ата-анамен бала екі шығыршықты кезекпен қоя отырып жүреді).

3.Кезең: «Кедергілер көпірі» сайысы ата-аналар балаларымен бірге өтеді.

(Тунельден өту, кедергілерден өту)

4. Кезең: «Көңілді доп»(Аналар доппен секіріп, баласы ұстап тұрған шығыршықтан өтеді)

5. Кезең: «Бал бала» сайысы (Ата-аналар баласын қолдарына отырғызып жүгіреді)

6. Кезең: «Арқан тарту»

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Жетписова Сандуғаш Тоймуратовна

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы,

 дене шынықтыру нұсқаушысы

Степногорск қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.