Астана қ.
№59 «Аққанат» балабақшасының
тәрбиешілері
Бүгін Астана қаласындағы №59 «Аққанат» балабақшасында «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты семинар-тренинг өтті. Аталмыш тренингті республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырды. Дәріс барысында педагогтер мақала жазып, оны БАҚ беттерінде жариялаудың қыр-сырымен танысты. Білікті медиабапкерлердің дәрісіне балабақшадан 14 тәрбиеші қатысты. Семинар кезінде Гүлзат Нұрмашева, Әйгерім Ибраева, Ақмарал Рысбекова, Айназ Қазбековалар белсенділік танытты.
— Бұл семинардан үйренгеніміз көп болды. Бастысы, ақпарат жазуға дағдыланып, оны дер кезінде жариялауды меңгердік. Алдағы уақытта балабақшада өткен шараларды «Білім айнасы» сайтында үздіксіз жариялап отырамыз. Педагогтардың білімін арттырып, олардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік жасаған «Білім айнасы» газетінің басшылығына алғыс айтамыз,-дейді Майра Сәрсенханқызы.