Білім беру саласы: «Таным»
Мақсаты: Қазақстан өзен – көлдерін мекендейтін балық түрлерімен таныстыру, балықтың құрылысы, оның тіршілігі туралы үйрету. Балықтар туралы білімдерін әрі қарай дамыту. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал – жабдықтар: Ертегі кейіпкерлері: Су періштесінің, сегізаяқтың, теңіз тасбақасының, балықтардың теңіз бейнесінің суреті,
моншақтар, үнтаспа, интерактивті тақта.
Алдын –ала жүргізілетін жұмыс:су, оның маңызы туралы әңгіме жүргізу, сумен тәжірибелер жүргізу.
Сөздік жұмыс: бекіре, алабұға, табан балық, албырт балықтар.
Билингвальды компонент: көз –глаза, желбезек –жабры, қабыршақ – чешуя, жүзбеқанат – плавник, уылдырық –икра.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
-Балалар, мен жұмбақ жасырамын, сендер жауабын табыңдар.
Жұмбақ:
Аузы бар, сөйлемейді,
Қанаты бар ұшпайды.
Балалар: жұмбақтың шешуі: балық.
Педагог: Балалар, қандай балықтарды білесіңдер?
Балалар: Сазан, шортан, алабұға, майшабақ т.б.
Педагог: Жарайсыңдар, бізді теңіз асты әлеміндегі теңіз тіршілік иесіне таңғаларлық, қызықты саяхат күтіп тұр, мен сендерді теңіз жағалауына саяхатқа шақырамын.
1 — кезең Ұйымдастырушылық қозғаушылық:
Балалар музыка әуенімен теңізге имитация жасалған жерде төселген көк матаның үстіне салынған түрлі- түсті аквариумға салынатын тастарды айналып жүріп, теңіз жағалауына келеді.
Педагог: Балалар қараңдаршы бетімізге таза теңіз желі соғып тұр.
Теңіз шағалаларының саңқыдаған дауысы анық естіледі. Балықтар тобы суда жүзіп жүр. Балалар, қараңдар мынау не? Хат қой. Оны теңіз жағалауына толқындар лақтырып жіберген шығар. Бұл хатты кім жазды екен, қане оқып көрейік. Хат Су періштесінен екен.
Су періштесі не деп жазған екен, оқып берейін: балықтармен ойнап жүріп, тастардың арасына жіпке тізілген маржан тастарым үзіліп, түсіп қалды. (Моншақтың жібі конверттің ішінде). Балдырлар мен тастардың арасынан таба алмай, өзімнің досым Дельфинді шақырған едім, ол алысқа жүзіп кетіп, естімей қалыпты. Енді кім маған көмектесе алады?
Балалар: Ол бізден көмек сұрапты. Оған сүйікті маржан тастарын табуға көмектесеміз бе?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Педагог: Олай болса жоғалған маржан тастарды іздеп шығайық.
2 кезең Ұйымдастырушылық — ізденістік:
Педагог: Балалар, балықтар қайда болады?
Балалар: Балықтар теңізде, өзендерде, көлдерде, аквариумдарда болады.
Педагог: Қазақстанның қандай өзен –көлдерін білесіңдер?
Балалар: Балалар өздері білетін өзен –көлдерді (Есіл, Балқаш, Еділ, Жайық, Іле, Нұра, Ертіс, Қапшағай көлі, Алматы өзені,Сырдария өзені ) атайды.
Педагог: Омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп тараған түрі – балықтар.
-Біз бүгін сендермен өзен –көлдерімізде көп кездесетін балық түрлерімен танысамыз.
Балықтардың суреттері көрсетіліп, таныстырылады.
Бекіре –бағалы балықтардың бірі. Каспий теңізінде, Еділ, Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 метрдей болады. Балықтардың ішіндегі ең семізі және еті жұмсағы, сүйегі болмайды. Бүйрек еті өте дәмді, ал қара уылдырығы өте бағалы кәсіп үшін пайдаланылатын балық. Бекірені аулауға тыйым салынған. Егер, қорғамасақ, 4-5 жылда жойылып кетеді.
Алабұға – Қазақстанның барлық өзен –көлдерінде кездеседі. Ұзындығы 4-5 м-ге жетеді. Кәсіптік маңызы бар. Сазан – қабыршағы ірі, екі езуінде мұртшалары бар балық. Еділ, Жайық, Жем өзен-дерінде, Шалқар көлінде, Каспий теңіздерінде кездеседі.Сазанның еті дәмді болады. Ересектерінің ұзындығы 40 – 45 см, салмағы 2,5 кг болады. Өзен –көлдердің суы тартылуына байланысты азайып, дене тұрқы кішірейіп кетті.
Табан балық ағысы жай барлық су алаптарында тараған. Қақталған, ысталған, тұздалған және қолма –қол түрінде пайдаланады. Қолдан өсіруге болады. Албырт балықтар Каспий, Арал теңіздерінде кездеседі. Ұзындығы1 м-ге жетеді, салмағы 51 кг-ға дейін жетеді.Өте аз балықтар. Қазақстанның ғана емес, Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.
Балықтардан басқа су астының тіршілік иелері: сегізаяқ, шаян, теңіз тасбақасы т.б. тіршілік етеді.
Қалай ойлайсыңдар, адамдар су астында ұзақ жүре ала ма? Неліктен?
Балалар: Жоқ, ұзақ жүре алмаймыз. Өйткені, адамдар ауамен, кислородпен тыныс алады, ал су астында ауа жоқ. Сондықтан адамдар су астында дайындықсыз ұзақ жүре алмайды.
Педагог: Кәнеки, сендермен жаттығу жасайық.
Тыныс алу жаттығуы:
Біз су астында жүрген сияқты елестетейік. Балық сияқты боламыз.
П – П – П – П – П деп, қатты екпіннен бастап, баяу екпінмен демі біткенше дыбыстап, дем шығарады. Балалар теңіз толқыны сияқты колдарымен жан -жағына созып, алға карай созып, қимылдайды, колдары мен бастарын түсіріп отырады.
Педагог: Балалар, олай болса саяхатымызды бастайық, экранға назар аударайық. Су түбінен нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Сегізаяқты көріп тұрмыз.
Педагог: Балалар, сегізаяқтың қасынан не көріп тұрмыз?
Балалар: Біз маржан тастың 2 (екеуін) көріп тұрмыз.
Педагог: Сегізаяқ сендерге тапсырма береді. Егер, тапсырманы орындасаңдар ғана маржан тастарды сендерге береді.
Тапсырмалар:
Балықтардың суретін көрсетіп, құрылысына талдау жасау:
Педагог: Балықтың денесі неше бөліктен тұрады?
Балалар: Денесі үш бөліктен тұрады: басы, денесі, құйрығы.
Педагог: Басында не орналасқан?
Балалар: Көзі
Педагог: Олар қалай орналасқан?
Балалар: Балықтарда екі көзі: басының оң және сол жағында орналасқан.
Педагог: Балықтар қалай қозғалады?
Балалар: Олар суда жүзіп жүреді.
Педагог: Балықтардың бір –бірінен қандай айырмашылығы бар?
Балалар: Балықтардың денелерінің көлемі, пішініне қарай айыруға болады. Балықтардың пішіндері: шар тәрізді домалақ, енді бірі оқтау тәріздес, белбеу сияқты, кейбіреуі жапыраққа ұқсайды, жайма нан сияқты жұқа балықтар болады.Сыртқы пішіні, бояуы бір – біріне ұқсамайтын балықтар болады.
Педагог: Олар қалай тыныс алады?
Балалар: Олар желбезегімен тыныс алады.
Педагог: Олардың денесі немен қапталған?
Балалар: Олардың денесі қабыршақтармен жабылған.
Педагог: Қабыршақтар не үшін қажет?
Балалар: Қабыршақтар балықтың денесін жарақаттанудан сақтайды.
Педагог: Ал, оларға жүзуге не көмектеседі?
Балалар: Жүзбеқанаттары мен құйрығы көмектеседі.
Педагог: Олар қалай көбейеді?
Балалар: Олар уылдырық шашу арқылы көбейеді.
Педагог: Балықтарға ашық түстер не үшін қажет?
Балалар: Ашық қабыршақ тастар мен балдырлар арасына жасырынуға көмектеседі.
Педагог: Жарайсындар, балалар! Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.
Енді оның қасындағы маржан тасты алып, жіпке тізіңдер.
Балалар: Балалар тастарды жіпке тізеді.
Педагог: Балалар әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Суперісінің моншағын әрі қарай іздестірейік, Экраннан нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Теңіз тасбақасын көріп тұрмыз.
Педагог: Оның қасынан нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: 4 маржан тасты көріп тұрмыз.
Педагог: Жіпке тізу үшін Теңіз шаяны да сендерге бірнеше тапсырма береді. Оны орындасаңдар ғана маржандарыңды аласыңдар. Балықтардың пішіні жағынан айырмашылығы қандай?
Балалар: Түрлі — түсті, әдемі, жылдам, жыртқыш т.б.
Педагог: Маржан тасты алып, жіпке тізейік. Балалар маржан тастарды жіпке тізеді.
Педагог: Экраннан нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Теңіз тасбақасын көріп тұрмыз.
Педагог: Теңіз тасбақасының қасынан не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Теңіз тасбақасының қасында 4 маржан тас тұр.
Тапсырмалар:
Педагог: Оның қасында неше маржан тас тұр? Теңіз тасбақасының да сендерге тапсырмалары бар екен.
Тапсырмалар:
Педагог: Балықтардың қандай пайдасы бар?
Балалар: Балықтарды тамақ ретінде, дәрі ретінде, жануарларға азық, тыңайтқыш жасайды, техникалық май ретінде қолданады. Балалар мәрмәр тасты жіпке тізеді.
Педагог: Берілген сөздерді үш тілде қайтала.
Билингвальды компонент.
Көз –глаза -аис, желбезектер – жабры- джильс, қабыршақ –чешуя — скеильс, жүзбеқанат – плавник — флиппы, уылдырық – икра — хартро.
Сергіту сәті:
Толқиды теңіз,толқиды
Толқындарын жағаға ұрады,
Балықтар оңға, солға жүзеді,
Біз балықты ұстаймыз. (Балалар сөйлемдерге сәйкес қимылдар жасайды).
Педагог: Балалар, балықтар қандай суды жақсы көреді?
Балалар: Балықтар таза суды жақсы көреді.
Педагог: Балықтарды қалай қорғау керек?
Балалар: Ұсақ балықтарды ауламай, ірі балықтарды аулау керек, өйткені ұсақ балықтар өсіп, көбею керек. Балықтарды қорғау үшін өзен – көлдердің суын ластамау керек. Оларды көп ауламаған дұрыс.
Педагог: Өзен –көлдерде балықтардан басқа не болады?
Балалар: Сегізаяқ, шаян, теңіз тасбақасы т.б.
Педагог: Балықтар немен қоректенеді?
Балалар: Балдырлар мен су астындағы өсімдіктермен, шаяндармен қоректенеді.Сондықтан да оларды да күту керек, өйткені балықтар олармен қоректенеді.
Ойын: ұсақ моторикасын дамытуға: «Балықтар» Балалар үстел басына отырады. Алақанға уқалау – алақандарын жылы болу үшін бір — бірімен ысқылау.
Педагог: Балалар, міне біз Су періштесінің маржан тастарын жинап бердік, енді оны хатпен бірге апарып береміз.
Рефлексивті түзетуші:
Ойын «Ұлу тасы»
Ойын шарты: бір –біріне ракушканы музыка әуенімен тез жіберіп тұрады. Музыка тоқтағанда кімнің қолында қалса, сұраққа жауап береді.
Біз қайда бардық?
Нені іздедік?
Теңіз асты патшалығынан нелерді көрдік?
Қандай балықтарды есімізге сақтадық?
Балықтарды қалай қорғауымыз керек?
Тилегенова Гульнара Советаевна,
Шымберген Гульбаршын Ементайқызы,
Астана қаласы,
№ 32 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешілері