Монтессори жүйесі бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Мақсаты: Балаларға теңіз туралы түсінік беру, теңіздің дауысын слайдтан естірту арқылы балықтардың теңізде мекендейтінін айтып түсіндіру. Балықтың құрылысымен таныстыру.Теңізді таза ұстауға, ластанудан сақтай білуге тәрбиелеу.
1-шеңбер.
Педагог: -Кәне,балалар бәріміз шеңберге жиналайық.
-Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі. Қараңдаршы, біздерге көптеген тәрбиеші апайлар қонаққа келіп отыр, кәне барлығымыз қонақтармен амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме!
-Здаствуйте!
-Gud monnind!
-Жарайсыңдар,балалар!
-Балалар, кәне көздерімізді жұмайықшы.(слайдтан теңіздің дауысын естірту)
-Балалар, сендер ненің дауысын естіп тұрсыңдар?
-Иә, дұрыс теңіздің дауысы.
-Балалар, біз жазда қайда барып шомыламыз?
-Теңізге.
-Иә, дұрыс айтасыңдар!
-Олай болса теңіз асты патшалығына саяхатқа шығайық (релаксация жасату)
-Балалар, мына слайдқа назар аударыңдаршы.(слайдтан теңіздің және балықтың суретін көрсетеді)
-Теңізде не мекендейді?
-Балықтар.
Балықтарды орысша-рыба, ағылшынша – fish – ( фиш)
-Біздер қандай балықтарды білеміз?
-Бекіре, кефаль, сазан, майшабақ т.б.
-Балықтың, шикі түрі мен піскен түріне түсінік беру.
-Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
-Теңізде.
Теңіз –море, sea-(сиа)
-Иә, дұрыс айтасыңдар.
-Балалар, мына шикі балықтың сыртын және ішкі қаңқасын көрсету, иісін иіскеп көріңдерші (балаларға иіскетіп көреді)
-Балықтан ненің исі шығады?
-Теңіздің исі.
Біз балықты көп жеуіміз керек,себебі: балықта адамға керекті көптеген дәрумендер бар.
-Балалар, піскен балықтың дәмін татып көрейікші (піскен балықтан балаларға дәм татқызады)
-Ал, енді мен сендерге балықтың презентациясын көрсетемін, сендер мұқият қарап алыңдар.
Ал, балалар, өздеріңнің қалаған орталықтарыңа баруларыңа болады.
Әр бала өздері қалаған орталықтарға барады. Көмек сұраған балаларға көмек беріледі тәрбиеші тарапынан.
2-шеңбер.
Қорытынды:
Оқу қызметінің соңында балаларды қоңырау соғу арқылы шеңбер бойына жинап оқу қызметін жәй әуенмен қорытындылайды.
-Біз бүгінгі оқу қызметінде қайда саяхатқа бардық?
-Теңізге.
-Теңізде нелер мекендейді?
-Балықтар.
-Қандай балық түрлерімен таныстыңдар?
-Бекіре, кефаль, майшабақ т.б.
-Теңіздің түсі қандай?
-Көк түсті.
-Балалар сендер бүгінгі оқу қызметінде балық түрлерімен танысып, қандай балықтың құрылысымен таныстыңдар?
-Кефаль.
-Балықтың несі бар?
-Басы, аузы, құйрығы, қаңқасы, көзі, желбезегі.
-Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
-Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.
Мен сендерге ризамын.
-Жарайсыңдар!
-Ендеше қонақтармен қоштасайық.
-Сау болыңыздар!
-Досвидание!
-Gyd bau!
Кулмурзаева Айтуган,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы,
МКҚК «Айгөлек» балабақша тәрбиеші