Home » Ашық сабақтар » Теңгенің шығу тарихы

Теңгенің шығу тарихы

Мақсаты: Оқушыларға еліміздің экономикасы, ұлттық валютасы, оның шығу тарихы туралы мағлұмат беру арқылы білімдерін жетілдіру. Күнделікті өмірмен байланыстыра, ақпарат құралдарының мәліметтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ықпал ету, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, баяндау, талдау, жинақтау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: ақшаның суреттері, интерактивті тақта, слайд.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялаған соң еліміздегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени салаларын дамытуда жұмыстар жасай бастады. Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі — оның ұлттық валютасы болып табылады. Сондықтан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кірісті. Төмендегі тақырыптар бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді:

Ø Ұлттық валютаның «Теңге» деп аталуы;

Ø Теңге дизайнын жасау;

Ø ҚР Ұлттық банкі;

Ø 15 қараша 1993жыл (әрбір номиналға жеке тоқталу);

Ø 15 қараша 2006 жыл;

Ø Мерейтойлық, ескерткіш банкноттар;

Теңгенің шығу тарихы.

Әр елдің ұлттық ақша бірлігі, яғни валютасы болады. Мәселен, валюта

АҚШ-та доллар, Ресейде рубль, Жапонияда йена, Өзбекстанда сум деп аталады. Ақша дегеніміз – қандай да бір затты сатып алу үшін қолданылатын, заттың құнын білдіретін, металдан, қағаздан жасалған белгілер немесе бірлік. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңгенің де қызық шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды, себебі бұл – өте көп еңбекті қажет ететін күрделі жұмыс. Қазақстан өз төл теңгесін шығару үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Олар барлық дүние жүзіндегі мемлекеттердің ақшаларымен және еліміздің аумағында табылған теңгелер тарихымен танысты. Алайда Қазақстан ұлттық ақша жасайтын арнайы мамандар мен шеберханалардың жоқтығынан бұл саланың қызметкерлерін шетелден іздеуге тура келді. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Чаррисон» атты фирмасы қолға алды. Теңге беттеріне қазақтың біртуар перзенттерінің суреттері салынып, сапалы қағаздан жасалды. Әрбір мемлекет валютасының қолдан жасаудан қорғайтын көзге көріне бермейтін сапа белгілеріне болады. Ұлттық теңгемізде мұндай сапа белгі саны – 18. 1993 жылы 15-қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз, себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі – теңгеміз айналымға енгізілді. Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде шығарылды. Әр мемлекеттің ақшасы – оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізге ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т.б. суреттері салынды.

 Гүл жайнаған елімде, 

24 жыл төрімде. 

Теңгелерім ардақты 

Ие болдың сенімге. 

Ақшаның қасиеттері:

  1. Тұрақтылығы. Бүгін-ертең оның құны мүмкіндігінше бір деңгейде сақталуы керек.
  2. Ықшамдылығы.
  3. Ұзақ мерзімділігі.
  4. Біртектестігі.
  5. Бөлінімділігі.
  6. Ажыратылымдылығы.

Теңге тәуелсіз, егемен Қазақстанның рәмізі екендігінің, еліміздің кешегі күнінің айғағы сенімді бүгініміздің дәлелі және жарқын болашағымыздың кепілі болып табылады. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы — теңге әлемдік рынокта құны жоғарылап, доллар, еуро, иена сияқты дүниежүзілік валюталар қатарына айналуына сенім білдірейік.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Қазақстан аумағындағы ақшалар» атты ойын ұйымдастыру. Оқушылар жаңа сабақтың сұрақтарына жауап беру арқылы тақтадан ұлттық валютамыз теңге айналымға енгенге дейін Қазақстан аумағында қолданыста болған ескі ақшалардың суреттерін толық көре алады.

Сұрақтар:
— Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге тұңғыш рет айналымға қашан енгізілді?
— Ұлттық валюта теңгенің дизайнын кімдер жасады?

— Не себепті теңге атауы таңдалды?

— Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналды банкноттар шықты? Кімдер бейнеленді?
— Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналды банкноттар шықты? Кімдер бейнеленді?
— Қазіргі айналымдағы ақшалар қашан енгізілді? Ерекшелігі неде?

— Қандай мерейтойлық және ескерткіш ақшаларын білесіңдер?

Ергешова Ақмаржан Қалдыбайқызы,

№177 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі,

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.