Елбасымыз айтып өткендей оқушылардың саналы түрде мамандық таңдау қалыптастыру мәселесі сөзсіз қызығушылық туғызады, әсіресе қоғамның әлеуметтік жаңғырту жағдайында. Технология сабақтары мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарыңда маңызды рөл атқарады. Пән мазмұны сабақ аясында қолайлы кәсіби кеңес және кәсіби іріктеуге мүмкіндік береді.
2017 жылдың 24 сәуірінен бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» технология пәнінің мұғалімдеріне арналған «Мәңгілік Ел идеясының контекстінде ұлттық құндылыққа тәрбиелеу» тақырыбында біліктілігін арттыру курсы басталды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінде, №32 орта мектеп пен жас натуралистер станциясы базаларында ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабақтарда мұғалімдер назарына пәннің өткізілу үлгілерін ұсыныдық. Одан бөлек, технология пәні мұғалімдерімен семинарлар, шеберлік-сыныптар, пікірталастар, «дөңгелек үстелдер», конференциялар өткізіледі. Курс қатысушыларына Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнер пәні мұғалімі – Ерғали Сәткенов, №32 орта мектептің ұстаздары Инна Голуб пен Ербол Мұхажанов тәжіребелік сабақтар ұсынды.
Курсқа қатысушылар да өз мүмкіндіктерін «Шеберлер елі» шеберлік сағатында СҚО жалпы білім беру мектеп мұғалімдеріне көрсетті. Ол жерде кез-келген қатысушы 9 Мамыр мерекесіне орай қағаздан қалампыр гүлің жасап үйренді. Әрбір жұмыс ұлттық рух, еліміздің сұлулығын және Отанға деген махаббатты сипаттады.
Л.С. Альмагамбетова,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»,
«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»
кафедрасының меңгерушісі