Home » Мақалалар » Технология пәні кәсіптік білім беру негізі

Технология пәні кәсіптік білім беру негізі

Қазақстан  Республикасының білім саласының бастапқы және орта кәсіби  білім  жүйесінде   нарықтық   экономика  талаптары   мен мақсаттарына  сәйкес  және   қоғамның    саяси  әлеуметтік   даму   дәрежесіне   орай   кәсіби   білімде   жаңа   мазмұн   мен   форма  қалыптасты.

Елбасымыз  егемендік  алғаннан  бері  еліміздің  экономикалық  дамуының   нақты    көрсеткіштерін   түсіндіріп   берді.

Н.Ә.Назарбаевтың  жарлығымен  бекітілген  мемлекеттік  «Білім»  бағдарламасында:  «Балалар  мен  жастарды    тәрбиелеудің   ең  көкейкесті  мәселелері   ретінде,  білім  мекемелерінде  оқушылардың  этностық –мәдени  ерекшеліктерін  ескере отырып  тәрбиелеу, білім  берудің  тиімді   жүйесін  жасап, өмірге  ендіру»  қажеттілігі   атап   көрсетілген.

Өнер  пәндері  арқылы шәкірттердің  бойына  ұлтымыздың   мәдениетін,  өнерін,  салт –дәстүрін,  әдет –дәстүрін, әдет –ғұрпын  сіңіруге  мол  мүмкіндік  бар. Қазіргі  заманғы   мектептің  алдында  тұрған   маңызды міндеттердің  бірі: оқушыларда  білім  мен  шеберлікті  қалыптастыру   болып  табылады.

Өткен   тарихымызды  білмей,  бүгінгі  күннің   қадіріне  жету,  болашақты  болжай  білу  өте  қиын.  Ата –бабамыздың  жинақтаған  рухани  байлығының   қоры   ұшан –теңіз.  Ата –баба  жасаған  бұл  рухани  байлықтар  қазіргі  таңда да  өз  құндылығын  жойған  емес. Сол  мәдени  мұраларды  зерттеп, танып  білу,  бағалай  білу –қазіргі  жастардың,  кейінгі  ұрпақтың   абыройлы  да  азаматтық  ұлттық  парызы.

Ел Президенті «Қазақстан -2030»  стратегиясының   бағдарламасында  «Барлық қазақстандықтардың  өсіп –өркендеу, қауіпсіздігі мен әл –ауқатының  артуы,  елдің  денсаулығын  жақсартумен  бірге, тәуелсіз  мемлекетімізге  еңбекқор,  өз кәсібін терең  түсінетін,  білім  мен  іскерлігін жан –жақты  қолдана  білетін  мамандар,  экономикамызды  гүлдендіретін  кәсіпкерлер  қажет»  делінген.

Кәсіпкерлердің  энциклопедиялық  сөздігінде  кәсіпкерлік  түсінігі  былай берілген: «Кәсіпкерлік –табыс  алу  үшін  өз  атынан жүргізетін,  өз  жауапкершілігіне  алатын   азаматтардың  дербес  ынталы  қызметі. Кәсіпкерлік –қаржы  жұмсап, пайда  алуға бағытталған  қызмет. Кәсіпкер –бұл жаңа  технологияны  жасайтын  наватор».

Адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласып, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы –қазіргі таңда өз түлектеріміздің осы пәнді меңгеріп қана қоймай өмір дағдысында таңдаған маман иелері, халыққа қалтқысыз қызмет етуде

 

  Сулейменова  Бакшагул Балтиновна,
Қарағанды қаласы
«Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ»КММ
технология пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.