Технология пәнін оқытуда еңбек етудің алғы шарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті – еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу»бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.
Болашақ кәсіпкер:
— Өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
— Азаматтық нарыққа қатыса алады;
— Өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
— Жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу
— Мектептің материалдық-технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.
Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден іске көшу».
Кәсіпке баулудың алғашқы жоспары – киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. Технолгия пәні оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырады. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек. Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу — оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту — оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
— оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану;
— сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т.б.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн.
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану.
Жоба — әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті. Қолданбалы экономика мақсаттары:
— жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу;
— экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау:
— нарықтық экономикадағы үкімет рөлін көрсету;
— кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін оқушылардың түсінісуіне көмектесу;
— мамандықты, сонымен қатыр жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар:
— Оқу, хат және базалық білім.
— Графиктер мен таблицаларды түсіну.
— Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау.
— Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады.
Бүгінгі заманда кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап. Адам еңбек ету іс-әрекетінде білім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет.
Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдыларды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әбдіғалиева Ш, «Мектептегі технология». Кенжеахметұлы С «Алматыкітап» М. Махамадиева
Тәжімұратов Д. — «Шебердің қолы ортақ»
Сулейменова Бақшагүл Балтиновна,
Ә. Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ
Технология пәнінің мұғалімі,
Қарағанды қаласы