Home » Мақалалар »  ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЕБЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЕБЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

№120 Жамбыл атындағы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Шалмаханов Серик
Қызылорда қаласы

 

Басқадан кем болмас үшін біз білімді, Һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. А.Байтұрсынов

 

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Әлем елдерінде қазіргі қоғамның талабына сәйкес келетін ұрпақ, өз дәлел уәждерін сенімді жеткізе алатын адам тәрбиелеу басты назарға алынып отыр. Бүкіл әлемнің жылдам дамуына байланысты барлық елдерде білім беру жүйесінде қарқынды өзгерістер, реформалар жасалып жатыр. Осыған сәйкес, егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт ала бастағаны белгілі. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістер мен жаңа инновациялық технологиялардың кеңінен қанат жая бастағандығынан бастау алып отыр.

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясының бағдарламасында «Барлық халықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге, тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін,  білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар, экономикамызды гүлдендіретін кәсіпкерлер қажет» делінген.

Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін-өзі іске асыруға,  өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген.

Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатта мұғалім оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін жүзеге асырады.

Технология пәнінде сабақ барысында оқушылар теориялық біліммен қатар, сарамандық жұмыс кезінде қол жұмыстарын жасауға үлкен қызығушылық танытады. Ағаштан ойып бұйым жасау, қаңылтыр темірмен жұмыс, фанерадан сыйлықтар жасау 10-15 минутта жасалатын жұмыстар емес. Осыған қарамастан, технология пәні бір сағатқа шектеліп қалды. Осы тұста балалардың шығармашылық қабілетін ашу үшін, қолөнер бұйымдарына қызығушылығын арттыру үшін мектептерде үйірме жұмыстарын жүргізу өте тиімді деп ойлаймын.

Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркем өнерге тартуда үйірме жұмысы  маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Асқан шеберлер көркем қолөнеріне басқаша шығармашылық көзбен қарап әдемі жәнеде пайдалы заттарды жасай алады. Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Менің ізденістерім – жаңа технологиялар. Соның ішінде  ағаштан ойып бұйымдар жасау, ағашты күйдіріп сурет салу, қаңылтырмен, фанерамен жұмыстар.

Техникалық үлгілеу – бұл оқушылар үшін әрі қызықты, әрі шамаға лайық әрекет түрі. Модельдер жасауға байланысты сарамандық жұмыс кезінде оқушылар шеберханада әр түрлі құрал-саймандар туралы ұғымдарды меңгереді,өз жұмыстарында өлшеу, құрастыру үшін басқа құрал-жабдықтарды пайдаланады және әр түрлі материалдарды өңдеуді үйренеді. Сонымен қатар, құрылысы қарапайым техникалардың үлгілері мен түрлі берілістер арқылы қозғалысқа түсетін күрделі модельдерді жасау технологиясымен танысады, машықтанады. Аталған техникалық үлгілер үйірмеде оқушының ақыл-ой, еңбек әрекетін оятады және еңбекке деген қызығушылықтарын арттырады. Үйірмеде оқушы өз қиялы мен белсенділігін, дербестігі мен тапқырлығын көрсете алады, техника әлемін зерттеп қосымша мәліметтер алады, үлгілермен жұмыс жасаудағы шығармашылық қасиеттері де дами түседі.

Уақытты тиімді пайдалану, оқушыны жалықтырып алмау үшін  және жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс үлгілерін шаблон, сызба, сурет  т.б. түрінде жетекші мұғалім алдын-ала дайындап қойған жөн. Жетекші қатырма қағаздан, жұқа фанер мен қаңылтырдан және  тағы да басқа материалдан дайындалған шаблонды көшіру барысында арлы-берлі қозғалтуға, бұруға болады, соның нәтижесінде материалды үнемді пайдалануға қолайлы. Дайын шаблон бойынша істелетін жұмыс көшірме сипатындағы жұмыс болып табылады. Бірақ, бастапқы техника моделін жасауға үйретуде мұндай жұмыстың пайдасы зор. Ол оқушылардың жұмысқа ынтасын мен қызығушылығын арттырады. Техникалық үлгілеу кезінде оқушылардың жас  ерекшеліктеріне, икемділіктері мен қабілетіне байланысты көңіл аударылғаны және модельдің  пішінін өзгертулеріне мүмкіндік берілгені жөн. Атқарылатын жұмыстар жетекші мұғалімнің көмегі,  қадағалауы, бағыт-бағдар беруі, пікір алмасуы арқылы  жүзеге асады.

Атқарылған жұмыстардың жасалу жағдайына байланысты, яғни оның құрылысы, жұмыс күрделілігі және эстетикалық талаптарға сай  жасаған  үйірме оқушыларының бұйымдары  аудандық, облыстық өткен көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып, оң бағаланып жатады. Осындай орасан зор еңбектерінің арқасында жеткен жетістіктері оқушының өзіне деген сенімі мен қызығушылығы артып, шығармашылық қабілетке жетелей түседі. Жалпы, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына үйірменің алатын орны мен атқаратын маңызы зор. Шаблон мен сызбаларды пайдалану негізінде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған күнтізбелік сабақ жоспарларымды  ұсынбақпын.

«Шебер қолдар» үйірмесінің күнтізбелік жұмыс жоспары

Үйірме жетекшісі: Шалмаханов Серік

Сынып: 8 «Б»

ТақырыбыСағат саныУақыты
1Мектеп шеберханасындағы ережесі. Еңбек қауіпсіздік ережесі1 
2Тал бұтақтарынан түрлі мозайкалар жасау1 
3Ағашпен жұмыс. Ағаштың қасиеттері, құрылымы оны таңдап алу, құрал-жабдықтармен танысу1 
4Ағашты қолмен өңдеу. Белгі қою, аралау, сүргілеу жұмыстары1 
5Ағашты біріктірудің негізгі түрлері жай және бұрама шегемен желіммен біріктіру1 
6Ағаштан қарапайым бұйым жасау1 
7Ағаштан қарапайым бұйым жасау1 
8Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасау1 
9Ағаштан ж/ә сүйектен бұйым түрлерін жасау1 
10Ағашты күйдіріп сурет салу жұмысын  жасау1 
11Қағаз өнімдерінің шығу тарихы1 
12Қағазбен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі1 
13Қағаздан түрлі макеттер жасау түрлерімен танысу1 
14Қағаздан үстел орындық макетін жасау1 
15Қағаздан түрлі  машина макетерінің түрлерін жасау1 
16Әр түрлі жеміс дәндерінен портреттер жасап үйрену1 
17Картон қағазынан қорқыт-ата монументінің макетін жасап шығару1 
18Картон қағазынан мәңгілік алау монументінің макетін жасау1 
19Темірмен жұмыс.Темірді көркемдеп өңдеу.1 
20Темір қаңылтырды өңдеу, одан бұйым жасау1 
21Қалам салғыш салып үйрену1 
22Ағашты тесу бұрғылау1 
23Ағашты көркемдеп өңдеу тех-сы1 
24Ағашты өңдеу ж/ә оның құрал-саймандары туралы түсінік1 
25Ағаштан жасалған күрек1 
26Ағаш шебері мен ұсталық жұмысына қажет материалдар1 
27Бұйымның жасалу техналогиялық картасын жасау

 

1 
28Сәндік қолданбалы өнер элементтерін қосып материалды өңдеу1 
29Ағашты көркемдеп өңдеу күйдіріп өрнек салу1 
30Үй мәдениеті. Тұрмыстағы жөндеу жұмысы1 
31Ағаш токарь станогында н/е біріктіру әдісін қолданып бұйым жасау. Бұйымның графикалық кескіш1 
32Ағаш бөлшектерін біріктіру «қарлығаш құйрығы» кертіп біріктіруін орындау1 
33Техналогиялық жоспар бойынша жұмыс. Дайындаманы өңдеу1 
34Құлыптың ілмегін дайындау1 
 Барлық сағат саны34 

 

Үйірме сабақтары барысындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жинақтаудың маңызы

 

Мектеп бітіріп кеткен түлектер жұмыстары сақталады

— Жасалған бұйымдардың жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасауға

мүмкіндік туады

— Сабаққа пайдалануға дайын көрнекіліктер жинақталады

— Оқушылардың еңбекке деген қызығушылықтары артады

— Ой-өрістері кеңиді

— Талғам деңгейлері жоғарылайды

— Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт-бағдар алады

— Мақсатқа жетуге талпынады

— Өңдеу технологиясына өз ой пікірлері мен ұсыныстарын енгізуге үйренеді

— Әртүрлі шығармаларды көре отырып баға беруге дағдыланады

— Эстетикалық, ұлттық этикалық құнды қасиеттері қалыптасады

— Оқушылар мұғалімнің үйретуімен шектеліп қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып үйренеді

Меніңше, әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып, оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек. Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» — деген ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі.

Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол. Үйірмеде оқушылардың  өздері құрастырып жасаған еңбектері бағаланады. Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Жұмыстар ай сайын өтетін сайыстарға ұсынылып, көрмелерге қойылады. Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады.

«Шебер қолдар» үйірмесіне қызығушылық танытып жүрген оқушылар көп. Шәкірттерімнің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.