Home » Жаңалықтар » Техникалық мамандықтар бойынша экскурсия жасалды

Техникалық мамандықтар бойынша экскурсия жасалды

2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Астана қаласының әкімдігі, қалалық прокуратура, ІІД, жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ведомствоаралық өзара қарым-қатынас шеңберінде елорданың білім беру ұйымдарында «Жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алуды жаңғырту» жобасы іске асырылуда.
Жоба шеңберінде Астана қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушыларына болашақта мамандықтарды дұрыс таңдау, сондай-ақ еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарды таңдау, техникалық мамандықтардың тиімді оң жақтарын көрсету мақсатында кәсіптік бағыттау жұмыстары жүргізілуде.
Астана қаласының Білім басқармасы ағымдағы жылдың 12 ақпаны күні Кәсіби-техникалық колледжге № 25, 45, 39 мектептерінің оқушыларын қатыстыра отырып, техникалық мамандықтар бойынша экскурсия жасады.
Аталған іс-шарада оқушылар колледждің әртүрлі саладағы оқытушылармен кездесіп әр мамандықтар, оның ішінде құрылыс, машина өңдеу, шаштараз, аспаз, машинист т.б. бойынша ақпарат алды.

Оқушылар экскурсия барысында үлкен қызығушылық танытып, болашақта мамандық таңдауда ұқыптылық танытатындарын айтып өтті.
Мұндай игі іс-шаралар әлі де жалғасын табатын болады.

 

 

 

Асыл Аманкелдіқызы,
Астана қалалық Білім басқармасы
Жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.