Қазіргі уақытта оқушылардың білім сапасын бақылаудың көптеген әдістері бар. Оқушылардың білім сапасын шұғыл және тез арада тексеру үшін тестілеу өте жиі қолданылып жатыр, өйткені тест технологиясы оқушылардың дайындық деңгейі мен дәрежесін жылдам және сенімді тексеру әдісі болып табылады.
Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу-білімге қатысты барлық білім жүйесінде кеңінен қолданып жүр. Тест деген не? ТЕСТ (англ. test) –сынау, тексеру, талдау. «Тест» – психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.
Тестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б.э.д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақта өткен адам 2-ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген.
Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестті ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған. XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Тест терминінің кеңінен таралуы американдық психолог Дж.Кеттелдің «Интеллектуалдық тестілер мен өлшемдер» деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады.
Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ-та жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.
География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі.
Тест жұмыстарын пайдалану география сабақтарына өте пайдалы, үй тапсырмасын бекітуге, қорытынды жасауға өте тиімді. Мен өз сабағыма үнемі пайдаланамын. Қазіргі кезде балалар да тест тапсырмаларын орындауға балалар да үйреніп дағдыланған. Мен үнемі география сабағында мынадай тест түрлерін пайдаланамын.
Тест технологиясының алуан түрлері
- Диктант
- Өздік жұмыс
- Бақылау жұмысы
- Фронтальды ауызша сұрау
- Жаттықтыру жұмыстары
- Сынақ жұмысы
- Карточкамен жеке – дара сұрау
- Қалып қойған жерді толтыру (пропусков)
- Ұғымды анықтау
- Тізбектілікті құру
- Сәйкестік тест
- Логикалық тест
Оқыту қызметі оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Оқыту функциясының рөлін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тесттердің, орындалған тесттің қорытындысын талдау болып табылады.
Тәрбиелеу қызметі оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта тапсырманы орындап үлгеру қасиеттерін тәрбиелейді. Тестті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді, білімдерінде кемшіліктерді анықтап, жоюға көмектеседі, өз қабілеттерін дамытуға тырысуды қалыптастырады.
Тестілеудің артықшылықтары:
Тестілеу – барынша әділ әдіс болып табылады, себебі тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді.
Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
- тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
- тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы.
Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.
Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
Тест формасы:
- Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар.
- Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар.
- Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар.
- Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу).
- Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар.
Тестілеудің ерекшеліктері:
- Оқушы өзін-өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды.
- Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді.
- Нәтижесі тікелей белгілі болады.
- Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.
- Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.
- Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады.
Жоғарғы сыныптарда тест алу арқылы күтілетін нәтижелер:
- Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
- Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.
- Танымдық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.
Досмагулова Толқын Сапарбекқызы
Рудный қаласы, №19 орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі