Home » Ашық сабақтар » Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі. Жарақат алғандағы алғашқы көмек

Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі. Жарақат алғандағы алғашқы көмек

Мақсаты   мен міндеттері: ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.

  1. Білімділік: өзбетінше ағза мүшелері туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: деңсаулыққа көңіл бөлуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Көрнекіліктер: слайд, керекті құралдар, карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: топтық , талдау

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

І. Қызығушылықты ояту.

  1. Мазмұндау.
  2. Сұрақ- жауап.
    А) Бұл спорттық ойын түрлері қандай ағза мүшелерінің жақсы жетілуіне көмектеседі деп ойлайсың?

Б) «Денсаулық» деген ұғымға түсінік бер, өзіңнің ауырып қалған кездегі жаңдайыңды есіңе түсір.

В) Не себепті әр оқушы спортпен шұғылдануға міндетті? Ол қандай қасиетке тәрбиелейді?

 

  1. Тест.
    1. Адамның денесі неше бөліктен тұрады?

А) 5

Ә) 6

Б) 4-

В) 3

  1. Адамның ішкі дене мүшелерінің ішіндегі ең негізгі мүше.

А) ми-

Ә) жүрек

Б) өкпе

В) қуық

  1. Адамның ішкі мүшелері нешеу?

А) 5

Ә) 8-

Б) 6

В) 7

ІІ. Жаңа материалмен жұмыс жасау.

Жаңа тақырыпты білу үшін сиқырлы сандықты  ашу.

— Адам денесін түрлі жарақаттан, соққыдан, күюден, үсуден қорғайтын, дене температурасын қалыпты ұстап тұратын не? (тері)

ІІІ. Ой толғаныс. Топпен жұмыс

1- топ

Адам денесін тері жауып тұрады. Ол  дене мүшелерін түрлі жарақаттардан,  соққыдан, күюден, үсуден қорғайды және дене температурасын қалыпты ұстап тұруға қатысады.

Егер ұлғайқыш әйнек арқылы  білектің терісін қарасаң, одан майда ұсақ саңылауларды көресің. Саңылаулар арқылы терінің біріне аздан май шығып тұрады. Ол теріні жұмсартып, құрғап кетуден сақтайды.

2- топ

Осы саңылаулар арқылы денеден тер бөлінеді. Термен бірге ағзадан зиянды заттар сыртқа шығады. Ыстық кезде  тер көп бөлінеді де, адам денесі салқындайды.

Тер мен май терінің бетінде қалады. Оған шаң тұрып,  тері ластанады. Одан терінің саңылаулары бітеліп қалады да, тердің шығуы қиындайды.

Кір теріге ұсақ ағзалар (микробтар) қонады. Теріге кішкене сызат түссе, ұсақ ағзалар ішке кіріп, іріңді жара пайда болады.

Түрлі  дене жарақатын алғанда(жараланғанда, күйгенде, үсікенде, қан кеткенде, т.б.) өзіңе немесе досыңа алғашқы жәрдем көрсетуді білу қажет.

3- топ

Жарақат алу. Жарақанты сумен шайып, маңайына йод немесе жасыл дәрі жағу керек. Одан кейін таза медициналық дәкемен немесе дәрілі жапсырмамен орау керек.

Соғып, жарақат алу. Соғып алған жерге таза матаны суық суға салып, басу керек.

Күйген кездегі алғашқы көмек. Күйген жерді бірден суық су астында ұстап немесе мұз басу керек. Одан кейін барып арнайы дәрілік майларды жағады.

Үсіп қалған кездегі алғашқы жәрдем. Дене үсіген кезде тері ағара бастайды. Ондай жағдайда бірден қолғаппен не болмаса  алақанмен ағарған жерді қызарғанша ысқылау керек.  Егер тері ісініп, ауыра бастаса, үйге қайтқан жөн.

ІҮ. Сергіту сәті.

Көжектерім тұршы, беттеріңді жушы,

Айнаға қарашы, шашыңды тарашы.

Киіміңді киші, мектепке қарай жүрші

Орныңа отыршы, сабағыңды оқышы

Ү. Дәптермен жұмыс.

— Үнемі теріні, денені (бас, қол-аяқ, тіс) таза ұстауға дағдылан.

— Жарақат алған жағдайда жедел жәрдем (103) шақыртуды ұмытпа!

ҮІ. Ой-қиял. Топпен жұмыс. Тапсырма:
Тері зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек беру түрлерін атау және ісжүзінде көрсету.
1 топ- 2 топқа. Жарақат алу.

2 топ-3 топқа. Соғып, жарақат алғанда.

3 топ-1 топқа. Күйген кездегі алғашқы көмек.

Шығармашылық тапсырма.

Дене тазалығын сақтау ережелері туралы өз ойларын айту.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау, жинақтау мақсатында оқушылардан тест, сұрақтарға жауап алу. Әр топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап алу арқылы сабақты қорытындылау.

— Тері қандай қызмет атқарады?

— Теріні таза ұстау жөнінде не білеміз?

Тест тапсырмалары:

  1. Тері үсіген кезде:

а) сылайды

ә) жылы суға салады

б) алақанмен ысқылайды

в) ақ дәкемен орайды

  1. Соғып, жарақаттанғанда:

а) жылы суға малынған дәкемен орайды

ә) қыздыратын затты басады

б) медициналық жапсырманы жапсырады

в) суық суға  малынған дәкемен басады

Үй тапсырмасы: 11-14 бет, 3. Тері тақырыбын мазмұндау.

Бағалау:

 

Есимсейтова Нурбану Жамбыловна

 Астана қаласы,

 Ә.Марғұлан атындағы 40 орта мектептің

 бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.