Home » Балабақша » Тепе- теңдікті сақтау

Тепе- теңдікті сақтау

Білім беру саласы: Денсаулық. Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру

Мақсаты: Гимнастикалық орындық үстінде екі қолдарын екі жаққа созып, денелерін тік ұстап жүру және денелерін тигізбей еңбектеп доға астынан өту.
Құрал — жабдықтар: Гимнастикалық орындық, доға, жалауша, ысқырық, музыка әуені, атрибуттар.

1-кезең: Мотивациялық- қозғаушылық 

Балаларды саппен залға кіргізу. Сәлемдесу. Бірінің артынан бірі шеңбер бойымен жүріп денені қыздыру жаттығуларын жасау. Қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру, қолдарын белге қойып аяқтың өкшесімен жүру, қолдарын тізеге қойып отырып жүрелей жүру, қолдарын белге қойып оң буйірлерімен және сол буйірлерімен аттап жүру және жәй жүгіру. Тыныс алу жаттығуын жасау.
Бір қатар сапта тұру. Нұсқаушымен бірге жыл мезгілдерін атап өту. Қазір қай мезгіл – қыс мезгілі, бала жылы киінбесе тоңады – иммитациялау.

2-кезең: Ұйымдастырушылық- ізденістік

Жалпы дамыту жаттығуларын санау арқылы екіге бөлініп, екі қатарға тұрып жалаушалармен орындау:
Б.қ. аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды бір біріне соғып тықылдату, төмен түсіру.
Б.қ. жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұру, отыру жалаушаларды алға созу, тұру иыққа кою .

Б.қ. жалаушаларды төмен түсіріп тұру, жоғары көтеру айқастыра бұлғау, төмен түсіру.

Б.қ. жалаушаларды жоғары көтеріп оңға иілу, солға иілу бастапқы қалыпқа келу. Әр жаттығуды 5-6 реттен орындайды.

Негізгі жаттығу:

Балалар жеке жеке гимнастикалық орындық үстімен тік жүріп, доға астынан еңбектеп өтеді және жаппай бір қатармен жүріп орындайд

Қимылды ойын: «Аққұтан мен бақалар»

Бір бала аққұтан болады қалған балалар бақалар болады. Бақалар белгіленген жерде шеңбер ішінде яғни көлшікте жүреді, нұсқаушының белгісі бойынша ағаш басындағы аққұтан бақаларды ұстап алып кетеді. Солай ойын бірнеше рет қайталанады және кейіпкерлер ауысып отырады.

3-кезең: Рефлексиялық- түзетушілік

Қорытындылау.
Жақсы қатысқан балаларды атап өту.
Қоштасу. Саппен залдан шығу.

 

Алтынбекова Гульферуз Турсунбаевна,
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы , Т.Рыскұлов ауылы Дене тәрбие нұсқаушысы «Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.