Home » Балабақша » Тепе-теңдікті сақтап жүру. Доға астынан қолын еденге тигізбей тура жүру. Тунель арқылы еңбектеу

Тепе-теңдікті сақтап жүру. Доға астынан қолын еденге тигізбей тура жүру. Тунель арқылы еңбектеу

Білім беру саласы:    Денсаулық, шығармашылық.

Бөлімі: Дене шынықтыру

Оқу іс-әрекет түрі:   Дене шынықтыру

Мақсаты:Балаларды сапқа тұрғызу. Жүгіріп жүріп нұсқаушының тапсырмаларын орындауға бейімдеу, нұсқаушының белгісі бойынша бағытты өзгертіп жүгіруге, алға, артқа, бір бүйірмен аяқты – аяққа қойып жүруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдікті сақтап, тұлғаны дұрыс ұстап жүруге жаттықтыру.Еденге қолды тигізбей доға астынан тура жүре отыруды үйрету. Тунель арқылы еңбектеуді меңгерту.

Қолданылатын құрал жабдықтар:  Доға, шығышықтар, тунель, ысқырық, табандар, арқан, доғалар.

Дене шынықтыру нұсқаушысының іс-әрекеті:

/Бұйрық/

-Сап түзел, тік тұр!

-Салеметсіңдерме балалар?

-Салеметсізбе!

/Бұйрық/

-Сап түзел, оңға бұрыл.

Шеңбер бойымен орындалатын дене қыздыру жаттығулары.

Кіріспе бөлім:

Бірқатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру, бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру.Жануарлардың қимылдарын келтіріп жүру. 3-4 тізбекке тұру. Жыланша  тәріздес жүру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

Кішкентай сақинамен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

1.Б.қ.-қолды екі жанында (сақина оң қолда) ұстап, аяқты сәл алшақ қойып тұру. Сақина ұстаған қолды оң жаққа созып, арт жақпен әкеліп, сақинаны сол қолға салу және б.қ.-қа келу.

2.«Ең биік шаңырақ» жаттығуы. Сақина екі шетінен ұстап, төмен түсіріп тұру, аяқ сәл алшақ қойылады. 1-екі қолмен сақинаны кеуде тұсына әкелу; 2-қолды жоғары көтеру; 3-аяқтың ұшына көтеріліп, «Ең биік шаңырақ» деп айтады. 4-б.қ.-қа келу.

  1. «Сақинаны жерге қойып, қайтадан ал» жаттығуы. Б.қ.-сақинаны кеуде тұсына ұстап, аяқты иық деңгейімен бірдей қою. 1-қолды алға созу; 2-тізені бүкпей, алға иілу; 3-сақинаны еденге өзінің алдынан алыстау қою; 4-б.қ.-қа келу. 1- қолды алға созу;2-тізені бүкпей, алға иілу; 3-сақинаны алу; 4-б.қ.-қа келу. «Сақинаны еденге қой», «Сақинаны ал» деген сөздерді айтып тұру.

4.«Билейік» жаттығуы. Б.қ.-жұп болып тұрып, сол қолын қарсы тұрған баланың беліне қою, сақина ұстаған оң қолды төмен түсіріп тұру. 1-шетке бірінші бала сол  аяғымен, екінші бала оң аяғымен бір адым жасайды. 2-екеуі де оң қолдарын көтеріп, сақиналарын бір-біріне тигізеді. Әр жаққа 6-8 рет орындау.

  1. «1,2,3-сақинаны көрсет» жаттығуы. Б.қ. -1м арақашықтықта сақинаны кеуде тұсында ұстап, бір-біріне теріс қарап тұру, 1-шеңберді жанымен созып көтеріп, сақинаны бір-біріне көрсету. 2-б.қ.-қа келу.
  2. «Сақинаны аяғыңның ұшына кигіз» жаттығуы. Б.қ. – сақинаны кеуде тұсында ұстап, аяқты ашып отыру. 1-алға иіліп, оң аяқтың ұшына сақинаны кигізу. 2-б.қ.-қа келу. 1-алға иіліп, сақинаны сол аяқтың ұшына кигізу. 2-б.қ.-қа келу. 3-алға иіліп, сақинаны шығару. 4-б.қ.-қа келу.
  3. «Абайла, бұрылыс!» жаттығуы. Б.қ. –аяқты сәл ашып, сақина ұстаған қолды кеуде тұсында ұстап отыру. 1-қолды алға созып, «ж-ж-ж» деп, автомобиль жүргізгендей кейіп таныту. 2-«бұрылыс» деген белгі бойынша денені солға бұру; 3-б.қ.-қа келу. 1- қолды алға созып, «ж-ж-ж» деп, автомобиль жүргізгендей кейіп таныту. 2-«бұрылыс» деген белгі бойынша денені оңға бұру; Тізені бүкпей, аяқты қозғамау керек. 3-б.қ.-қа келу.

Негізгі қимыл-қозғалыстар:

  1. Тепе-теңдікті сақтап жүру.
  2. Доға астынан қолын еденге тигізбей тура өту.
  3. Тунель арқылы еңбектеу.

Қимыл қозғалыс ойындары:

  1. «Икемділер» жарысы

/Бұйрық/

Ойыншылар гимнастикалық орындық үстімен өтіп, допты себетке салып кері қарай қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші болып аяқтаған топ жеңімпаз болады.

  1. «Ептілер» жарысы

/Бұйрық/

Ойыншылар алдарында тұрған доға астынан еденге қолын тигізбей өтіп, берілген конусты айналып эстафетаны келесі ойыншыға береді.

  1. «Кім жылдам?» жарысы

/Бұйрық/

Ойыншы тунель арқылы еңбектеп өтіп, берілген конусты айналып қайта тунель арқылы еңбектеп келеді.

Қортынды бөлім:

Жай жүріс, қатармен жүру. Бір қатарға тұрып, сап түзеу. Балалардың көңіл – күйін, оқу іс- әрекетінен алған әсерін сұрап, мақтау, мадақтау.

Нені білу керек:

Тепе-теңдікті сақтап жүруді меңгерді.

Доға астынан қолын еденге тигізбей үйренді.

Нені игерді:

Тунель арқылы еңбектеп жүруді игерді.

Жумашева Маржан Кикбайқызы

дене шынықтыру нұсқаушысы

№7 ясли-бақшасы

Талдықорған қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.