Home » Ашық сабақтар » Темперамент

Темперамент

Сабақтың мақсаты: Темперамент туралы түсінік беру

Білімділігі: темперамент туралы түсінік беру, оның ерекшеліктерін ұғындыру, темпераменттің басқа психикалық қасиеттермен байланысын түсіндіру.

Дамытушылық: өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра түсіндіру, студенттердің ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға баулу, шығармашылыққа бейімдеу.

Тәрбиелілігі: студенттердің белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы 

Түрі: аралас

Әдісі:  түсіндіру, топтастыру, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ой-толғау

Пәнаралық байланыс: жалпы психология, жантану, жалпы педагогика. Көрнекілігі: техникалық құралдар, слайд, интерактивті тақта,

оқулықтар.
Сабақтың барысы 

Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

Студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау. Балаларды смайликтер арқылы төрт

топқа бөлу және бағалау жұлдызшаларын көрсетіп түсіндіру.

 

Үй тапсырмасын сұрау:  (10 минут)

«Ғажайып бестік» ойыны

  1. Психология дегеніміз не? Оның маңызы мен міндеттері, салалары.

Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Ғылым ретінде психологияның міндеті – психикалық өмірдің негізгі заңдарын зерттеу.
Психологияның салалары – педагогикалық психология, жасерекшелік психологиясы, арнаулы, еңбек, медициналық, әскери, әлеуметтік, спорт, сауда, ғылыми-шығармашылық, салыстырмалы, заң психологиясы.

  1. «Психология» сөзінің мағынасы. Психология қашан және қайда пайда болды? Қандай ғылым саласынан бөлініп шықты?

Психологияның ең алғашқы дүниеге келген жері – ежелгі Грекия. Ол гректің екі сөзінен тұрады: біріншісі – «псюхе» жан, екіншісі – «логос» ілім, яғни жан туралы ілім.

Психология ХІХ ғасырдың ІІ жартысында дүниеге келді және ол философиядан өз алдына

дербес ғылым ретінде бөлініп шықты.

  1. Аристотель, В.Вундт, Демокрит, Платонның психология ғылымындағы орны қандай?
    Аристотель алғаш болып жан туралы ғылыми түсінікті енгізді. В.Вундт психологиядағы экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы. Демокрит «жанды» оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірген ертедегі грек ойшылы (материалист). Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалисттік тұжырым жасады. Платон, керісінше, “жан мәңгі өлмейді, өшпейді” деп тұжырымдады.
  2. Психикалық құбылыстарды ата.

Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, ерік.

Психикалық қалып: Эмоция, сезім, ерік, т.б.

Психикалық қасиеттер: қабілет, темперамент, мінез.

  1. Қабілет және мінез дегеніміз не?

Қабілет – әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады.

Қабілет – мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және нәтижелі атқаруы.

Мінез – адамның негізгі өмірін, беталысын және оның өзіндік әрекетінің айрмашылығын сипаттайтын сапалық өзгешелік.

Мінез – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психикалық қасиеттері  мен ерекшеліктерінің жиынтығы.

 

            Сөзжұмбақ 

  1. Психологияның негізгі әдістерінің бірі
  2. Психикалық қалып түрі
  3. Психология саласы
  4. 20 ғасырдағы АҚШ-та дамыған мектеп
  5. Жүйке-жүйесінің жеке жасушасы
  6. Ұзақ уақыт бойы зерттеу
  7. Іс-әрекеттің жетекші түрі
  8. Бұлшықеттердің жұмысын тіркеуге арналған құрал
  9. Қарым-қатынастың әрекеттесу жағы қалай аталады?
  10. Адамға да, жануарға да тән психикалық қалып

Жаңа сабақты түсіндіру  (15 минут)

«Тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек!»
Д.Ушинский
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттеріннен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол – адамдардың эмоциялық қозғалыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Мәселен, біреулер шапшаң қимылдайды, тез қозғалады, енді біреулер жай қозғалады, асықпайды. Бұлар адамның жалпы қозғалысынан байқалады.

Психиканың күші мен тереңдігінен адамның өжет алғыр болуын байқауға немесе керісінше, сылбыр, жігерсіз болуын байқауға болады. Адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, ал эмоция сезімдерінен сабырлы, күйгелікті байқауға болды. Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие.

Темперамент туралы алғашқы ой пікірлер ғылымда өте ерте кезде айтала бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін – қара өт (талақ).
Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “карсис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді “темпераментум” деп атаған.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамның тампераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген.
Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (лат «сангиус» — қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма» — шырын), флегматик темпераментті, ал организмде қара өт басым болса меленхолик (грекше «меланхолик» — қара өт), организмде сары өт басым болса холерик  (грекше «холе-өт) темпераментті деп аталады.

Рим дәрігері Гален температенттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераментті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераментті баяуламайтынын айтты.

 

Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің «антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрлі туралы писихологиялық сипаттама береді. Бірақ ол темперамент пен мінезді бір-біріне балама ретінде қарастырады.
Темперамент түрлеріне теориялар 19-ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттің түрліше болуы – жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропалогы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.

Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деді. Темпераменттің физологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павлов болды. “Жүйке жүйесінің типтері деген Павловтың ілімі” темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.

Жүйке процестерінің күші – сыртқы ортаның түрлі тітіргеніштерге мидың төзімділігі жатады. Жүйке процесінің тепе-теңдігіне – қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процесінің қозғалыштығы – қозу мен тежелудің бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттігін айтады. Осы принциптерді негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке жүйесінің әрбір типінің үш үлгісін көрсетті – ұстамсыз тип, ширақ тип, баяу тип.

  • Ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу мен тежелу процесі бір-бірімен сәйкес келмейтін ерекше қозғалыстағы тип.
  • Ширақ тип – қозу мен тежелу процесі бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады.
  • Баяу тип – қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу.
    Павлов сангвинктерді – ширақ, күшті, қозуы мен тежелуі тең, халериктерді – ұстамсыз, қозғалғыш адам, флегматиктерді – қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанымен, қозғалысы баяу адамдар десе, меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар.
    Павлов холериктерді жылдам, тез әрленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип атады. Бірақ ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда сылғыртау икемі кемірек. Осыдан ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбірек сырттай көрінеді, сондықтан толық экстраверт.
    Сангвиник – ойнақы, еті тірі, бірақ кез-келген істі бастап, тастап жүреді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бір жерде жеңіл мінезге салынады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа себептерге қарамастан бір істен, екіншісіне ауыса алады. Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Флегматик – өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді, сырттай әсерге төзімді. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет боып табылады.
    Меланхолик темпераментіндігі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді неде болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтпайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомылуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалық – осы темпераметтің ең нашар жағы. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның біршама психикалық процестері әлсіз.
    Неміс психологі Вильгелм  Вундт 19 ғасырдың аяғында темпераментті жылдамдықтың және жан қозғалыстарының күштерінің арақатынасы деп біледі. Ол темпераментті екі түрге бөлді; эмоциясы күшті темпераменттер, әлсіз эмоциялы темпераменттер холерик және меланхолик типтерін жатқызады.

20 ғасырда темперамент туралы пікір айтқандардың бірі және ерекше кеңінен таралған Э.Кречмердің (1888-1964) ұсынған типологиясы. Ол 1921жылы өзінің «Тән құрылысы және мінез» атты белгілі еңбегінде темперамент адамның тән құрлысының белгілі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болатындығын дәлелдеді. Э.Кречмердің теориясы Еуропада кеңіне тарады. Бұл теория “дене бітімінің теориясы» деп аталады. Ерекше кеңінен тараған теория Э.Кречмердің типологиясы. Бұл теорияның негізгі идеясы адамдардың дене бітімінің немесе құрылымының белгілі түріне қарай белгілі психолгиялық ерекшеліктері болатындығы.
Ол адам денесінің бөліктеріне көптеген зерттеулер жүргізіп, осының нәтижесінде 4 дене бітімінің типін бөліп көрсетуге мүмкіншілік берді.

  1. Лептосоматик – нәзік дене құрылысымен, биік бойымен, тегіс келген омырауымен сипатталады. (тар-мықты, қол-аяқтары ұзын және жүдеу келеді)
  2. Пикник – өте толық келген, орта және шағын бойымен, үлкен ішімен және қысқа мойынды дөңгелек басымен сипатталады.
  3. Атлетик – күшті дамыған бұлшық етімен, мықты дене бітімімен, ұзын немесе орта бойлы, кең мықты, тар жамбасымен ерекшеленетін адамдар.
  4. Диспластик – дене бітімі ешқандай түрсіз, дұрыс емес дене құрылымымен ерекшеленетін адамдар.И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы типін гено атады, демек тұқым қуалайтын тип жүйке жүйесінің типі – бұл жүйке жүйесінің табиғи туа біткен қасиеті, бірақ өмір және іс-әрекет жағдайымен өзгеруі мүмкін. Жүйке жүйесінің типі адамның мінез-құлқына ерекшелік береді. Адамның барлық келбетіне өзгеше із қалдырады.

Гиппократ бойынша темпераменттер классификациясы

Бұдан 2500 жыл бұрын белгілі дәрігер Гиппократ алғаш болып адамдардың темпераментінің классификациясын құрды. Ол барлық адамдарды темперамент бойынша 4 топқа бөлді:

  • Холерик – қарым-қатынасшыл, эмоцияналды, аздап қызбақанды. Холериктер жоғары дәрежедегі, іс-әркекетте өте жылдам қозғалғыштық, уайым-қайғыда өте қатты эмоцияналды, конфликтілі жағдайларда ашушаң, ұстамсыз.
  • Сангвиник – ұстамды, салмақты, тұрақты тип. Қабілеттілігі, зейіні жақсы дамыған. Сангвиниктердің белгілі бір мақсатқа жетудегі белсенділігі өте жоғары деңгейде. Бұл типтегі адамдар қарым-қатынасшыл, қозғалғыш, жағдаятқа тез бейімделгіш, сәтсіздіктерді оңай жеңе біледі.
  • Флегматик – эмоциясы, қарым-қатынасы, қимыл-қозғалысы баяу типтегі адамдар. Олардың қабілеті мен зейіні жақсы дамыған. Олар жәй, салмақты, тұрақты, өз әдет-ғұрпын өте жай өзгертеді. Үнемі жақсы көңіл-күйде жүретіндігімен ерекшеленеді.
  • Меланхолик – аздап әсершіл, қарым-қатынасшыл емес, және өз-өзіне сенімсіз тип. Ол қозғалғыштығының және сөйлесу белсенділігінің төмендігімен, жоғары дәрежедегі эмоционалдылығымен және әсершілділігімен ерекшеленеді. Ішкі қайғы-мұңға әсершіл болып келеді. Көбінесе меланхоликтер творчестовалық әрекеттерде көрінеді.

Бекіту  (12 минут)
І «Кім жылдам?» сұрақ-жауап ойыны:
1. Темперамент жөніндегі ғылымның іргетасын қалаған кім?
2. “Темперамент” термині қалай пайда болды?
3. Темперамент пен мінезді бірі-біріне балама ретінде қарастырған кім?
4. Темпераменттің санын он үшке жеткізген рим дәрігері кім?
5. Жүйке жүйесінің типтері ілімінің авторы кім?

ІІ Тест сұрақтары
1. Темпераментті төрт түрлі заттарға байланысты бөлген ғалым?
А) И.П.Павлов               Ә) Гиппократ          Б) Гейне
2. Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик?
А) И.П.Павлов               Ә) Гиппократ          Б) И. Кант
3. Адамның дене құрылымына байланысты конституциялық типологияны енгізген ғалым?
А) К.Гален                      Ә) Э.Кречмер          Б) Шелдон
4. Темперамент туралы теориялар қай ғасырдан бастау алды?
А) 17ғ                               Ә) 18ғ                        Б) 19ғ
5. Күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, белсенді әрекеттер қай тип ерекшеліктері?
А) Сангвиник                  Ә) Меланхолик          Б) Холерик
6. Өте сақ, байсалды, бірқалыпты, жақсылық тіліейді. Бұл қай тип ерекшеліктері?
А) Флегматик                  Ә) Сангвиник            Б) Холерик
7. Ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, оптимист. Бұл қай тип ерекшеліктері?
А) Флегматик                  Ә) Сангвиник            Б) Холерик
8. Өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, баяу. Бұл қай тип ерекшеліктері?
А) Флегматик                  Ә) Сангвиник            Б) Меланхолик
9. Қара өт басым балса, ол қалай аталады?
А) Сангвиник                  Ә) Меланхолик         Б) Холерик
10. Сары өт басым болса, ол қалай аталады?
А) Сангвиник                  Ә) Меланхолик         Б) Холерик

Талқылау
 Үйге тапсырма 
Жаңа тақырыпты мазмұндау.

Қорытындылау.   Тілек ағашы

Искалиева Рысжан Джумагалиевна

«Болашақ» колледжі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.