Home » Ашық сабақтар » «Театр» бала өмірінде

«Театр» бала өмірінде

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру жалпы әлемдік үрдістер қатарына жатады.

Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді», — деп көрсетілуі бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға жүктелетін міндет пен жауапкершіліктің маңызды екенін айқындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «13» мамырдағы № 292 қаулысына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» әзірленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «22» маусым №391 бұйрығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына «Драма» бөлімі енгізілді.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда негізгі орынды театрландыру әдісі алады.

Көркем шығарманы кейіптендіруде балалар басты кейіпкерді, образды сахналау арқылы оны өз бойынан өткізеді. Бала көркем шығарманы кейіптендіруде образға тез еніп, әсерленгіш, еліктегіш, сенгіш және оны шындық деп қабылдайды. Мұндайда балалар өз сезімін ашық білдіреді.

Мұндайда қиял-ғажайып ертегілер, аңыз-әңгімелер оқып, оны түсіндірудің маңызы зор болып табылады. Ойын сәттері балалардың шығармашылығын ұштайды десек, оның қалыптасуына өнердің де түрлері ықпал етеді. Музыка тыңдау, сабақ оқу, ертегі айту балада басқа да көңіл күй тудырып, образды жандандырады. Бұл жерде, әрине, шығармашылыққа жеке тұлғалық тұрғыдан қарау керектігін ескерген жөн. Баланың жеке бас тұлғалық ерекшелігін ескеру – оқытудағы шығармашылықты дамытудың негізгі жағдайларының бірі.

Алайда оларға спекткльді көруден, нағыз театр жұмыстарына сценарийлер жасап, оны талқылау да қызықты. Ойыншықтар өздері қатысқаны ұнайды. Декорациялар, қуыршақтар әзірлеу, театрының өзі кішкене көркемдеулерге түгел бір комплексті құрал ретінде әсер етеді.

Театр мерекелік және қызықты ойындарға толы. Балаларға ешбір теңдесі жоқ зор қуаныш әкеледі. Мектеп жасына дейінгі балалар өте әсерленгіш, олар әсіресе эмоциялық ықпалға берілгіш. Сәбилердің нақты ойларына көркем шығарманың сахнаға бейімделуі сол шығарманың мазмұнын дұрыс және ашығырақ түсінуге көмектеседі, Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна (театр) ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар ойын-қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.

Егерде бірінші сәбилер тобынан бастап, тәрбиешінің көмегімен халық әндері мен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдері кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше болуы да мүмкін.

Балалар беске қараған жасында, театр іс-әрекеті үрдісінде, рөлдерді орындау барысында өзіндік жеке ерекшелікті енгізуге белсенді ұмтылады. Мектепке дейінгі ересектер жасында балаларды көркемдік-бейнелік айшықтықтың амалдарына арнайы үйрету мүмкіндігі туады. Осы жаста сахнаның әр түрін пайдалана отырып, іс-әрекетінің үзінділерін балаларды әңгімелеуге үйрету сабақтары жүйесін кіргізуге болады. Сахнада жүру, тұру, сөйлеу, өзін – өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді. Рөлді атқару арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман нәрсені қайталамауға тырысады.

Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді.

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі – ойыншықтар театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезінен бастап – ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнала бастайтыны белгілі. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды. Театр түрлері:

Ойыншықтар театры.

Саусақ театры.

Көлеңке театры.

Картиналар театры.

Қуыршақ театры.

Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін стол үстіндегі театрды, қысқа сахналық қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.

Театр балалардың көркем қабілеттіліктерін жетілдіріп қана қоймай оларды тұлғааралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтарды сезіне алады.

Қалай десек те, театр – балалар үшін мереке, демалыс орны. Баламен бірге театрға барып, оның алған алғашқы әсері мен қуанышын бөлісу ата –ана үшін зор бақыт деп білеміз. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер, үшін үлкен табыс. Балалармен өткізілген шығармашылық жұмыстар қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлкім жылдар жылжып өткеннен кейін үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар. Сол бүлдіршіндер еліміздің өнерлі азаматтарының бірі болатынына сенім білдіреміз.

«Театр» театрландырылған қойылым

 

Мақсаты: ортаңғы топ балаларының алған білімдерін өзін қоршаған ортасында, ойындарында ептілік танытып қолдануға қалыптастыру, сюжетті-рөлді ойында шығармашылықты дамыту, театр туралы білімдерін бекіту, қоғамдық орындарда мәдениеттілікке тәрбиелеу, өздеріне таныс «Мысық, әтеш, түлкі» ертегісін сахналауға білімдерін кеңейту.

Сөздік жұмыс: жарнама, фойе, көрермен залы, бет әрлеу бөлмесі, киім ауыстыру бөлмесі.

Ойынға дайындық: әңгімелесу, театр туралы көркем сөз, қуыршақ қойылымына қатысу, ойынға арнап бірігіп дайындалған атрибут, ертегі үзіндісінен қойылым.

Отбасымен жұмыс: «Мысық, әтеш және түлкі» ертегі қойылымына арналған киім үлгілері, ойынға арналған атрибут.

Ойын рөлдері: автобус жүргізушісі, кондуктор, кассир, гүл дүкенінің сатушысы, асханашы, бет әрлеуші, косюмерші, әртістер, көрермендер, киім ілуші, театр әкімшілігі.

Ойын құралдары: тұтқа, жолақы билеті, жолаушы қызметкері сөмкесі, жол белгілері, «автобус аялдамасы», «жаяу жүргіншілер жолы», касса, театр билеттері, жарқағаз, бағдарлама, үлкен тақталар «Театр», «Гүл дүкені»,

« Кафе», құмыра мен себетте гүлдер, ойыншық ыдыстар, кафедегі сөрелер, азық-түлік муляждары, жазылған тақталар «Жабық», «Театр киімдерін сақтайтын бөлме», «Бет әрлейтін бөлме», «Театрдың гардеробы», «Дәмхана» сөмке, әмиян, ақша, отыратын орны мен реті белгіленген орындықтар, қоңырау үні.

Ойын барысы:

Тәрбиеші балалармен театр жарқағазына жақындайды.

-Балалар, бұл не?

-Мұнда не жазылған?

Бұл — бүгін.

-Сендердің бұл қойылымды қарағыларың келе ме? Біз оны қайда қалай аламыз? Ендеше театрға барайық.

Театрға бармас бұрын рөлді бөліп алайық.

-Балалар, театр неден басталады? Сыртқы киім ілгіштен орынды гардероб деп атаймыз, гардеробта жұмыс жасайтын адамды гердеробшы деп атаймыз. Кім гардеробшы болғысы келеді?

-Қойылым көру үшін неге ие болуымыз керек? Біз оны қайдан сатып аламыз?

Кім билет тексеруші болады? Егерде бізде билет болмаса тексеруші қойылымға жібермейді. Кім тексеруші болады?

Театр сахнасында ойнайтын әртістің сырты келбетін келтіруге көмектесетін кім? Костюмерша рөлінде Алтынай болсын. Бет әрлендіруші не істейді? Бет әрлендіруші Майгүл болады.

-Қалай әртістерге алғыс береміз?

Гүлді қайдан аламыз? Яғни бізге гүл сататын дүкенші керек.

Қойылым басталғанша бос уақытымызды қалай өткіземіз?

Яғни бізге дәмханашы қажет. Кім дәмханашы болады?

-Енді бізге әкімшілік қажет, ол барлық театр жұмыстарына жауап береді. Менде рөл жоқ. Сондықтан мен әкімшілік боламын.

-Рөлдер мен міндеттер бөлінеді, енді тетрға барайық, сөмкелер мен ақшаларыңды алыңдар.

-Ал, онда біз немен бара аламыз?

Автобусқа отырмастан бұрын біз алдымен, автобус жүргізушісі мен кондуктор таңдаймыз. Кім автобус жүргізуші мен кондуктор болады? Жүргізуші мен кондуктор өз орындарына орналасыңдар.

Балалар автобуста кондуктордан билет алып. «Театр» аялдамасына дейін барады.

Автобустағы сазды жаттығу.

Кондуктор аялдаманы хабарлайды. «Аялдама», «Театр» Құрметті жолаушылар, автобустан түсеміз, заттарыңызды ұмытпаңыздар».

-Міне, гүлдер дүкені, әртістерге гүл аламыз. Балалар әртістерге гүл таңдайды. Жаяу жүргіншілер жолынан өтеміз.

Оңға және солға қараймыз.

-Міне, біз келдік. Театрда жүру ережелерін еске түсірейік.

Балалар билеттерін алады.

-Киімдерімізді гардеробқа қалдырады.

-Сәлеметсіз бе, мен әкімшілікпін, сендерді біздің театрда көргеніме қуаныштымын.

Әртістер қойылымға дайындалғанша, сіздер біздің дәмханаға баруларыңызға болады, көрермен залында диванға отырып бағдарламамен танысыңыздар.

-Құрметті әртістер, қойылым алдында тілімізге арналған жаттығу жасайық.

1-жаттығу «Күлімдеу»

2-жаттығу «Шарбақша»

3-жаттығу «Сөйлегіш»

Тіліміз қойылымға дайын, біз нақты және анық айтамыз.

Театр қоңыраулары соғылады.

Бірінші – қоңыраудан соң көрермен өз орындарына жайғасады.

-Құрметті көрермендер, көрме залында кіріп, билеттерің мен өз орындарыңа орналасыңдар.

Тәрбиеші ойын барысын нақты бақылап тұрады, егер де көмек қажет жағдайда ойын барысына көмектеседі.

Үшінші қоңыраудан соң қойылым басталады.

-Құрметті көрермендер, ұялы телефондарыңызды өшірулеріңізді өтінемін.

Балалар, «Әртістер» , «Мысық, әтеш және түлкі» қойылымын көрсетеді.

Содан соң балалар гардеробшыға барып киімдерін алады.

-Барлығың киініп алдыңдар ма? Енді автобус аялдамасына барып, балабақшаға қайтамыз.

-Міне, балабақшаға келдік.

Ойын соңында тәрбиеші балалар мен, ойын барысындағы алған қызықты әсерлермен және ойларымен бөліседі.

Дәулетова Рита,
«Арайлым» балабақшасы,
ОҚО, Шардара қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.