Буланбаева Улбала Спандияровна,
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рыскұлов ауылы
МККҚ «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі
Білім беру саласы:Таным. Қатынас. Әлеумет.Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика.Тіл дамыту. Көркем әдебиет. Жапсыру.
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқу қызметінен алған мағлұматтардан ойын арқылы әңгімелеп, еске түсіріп дамыту. Ертегіні әңгімелеп, сурет салу. Жапсыру арқылы балалардың шығармашылығын дамыту.
Көрнекіліктері: Слайд, сандар, суреттер, түрлі-түсті бояулар, ермексаз, қайшы, желім.
Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, ойын, сұрақ-жауап көрсету, әңгімелеу, санамақ, жапсыру, мадақтау, өлең айту.
Шаттық шеңбері:Апайлармен амандасу.
1.Балалар балабақшамызға деген жылы лебіздерімізді айтайық.
Балабақша есігін,
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз.
Бұл екінші үйіміз.
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің гүліміз.
Біз осы үйдің сәніміз.
2Ал енді балалар, елімізге, жерімізге, балабақшамызға, бір-бірімізге деген жылы тілектерімізді айтайық.
-Аспанымыз ашық болсын
-Күніміз жарық болсын.
-Түніміз тыныш болсын.
-Нанымыз көп болсын.
-Елімізде тыныштық болсын.
-Күніміз шуақты болсын.
-Ата-аналарымыз аман болсын.
-Табиғатымыз таза болсын.
-Балабақшамыз гүлдене берсін.
-Елбасымыз аман болсын.
-Көк туымыз биік болсын.
-Жеріміз дәнге толсын.
-Балабақшамыз балаға толсын.
-Бейбітшілік болсын.
-Деніміз сау болсын.
-Мейірімді болайық.
Тілектерің қабыл болсын.Сендердің тілектеріңнен үлкен «Тілек шоғы» пайда болды. Балалар сендерге үлкен рахмет.
Ал енді балалар мен сендерге таңғажайып алаң ойынын ұсынамын. Ол үшін бес бөлікке бөлінген шеңберді айналдырамыз көрсеткіш тілі қай бөлікке келіп тоқтаса, сол санның тұсындағы сұраққа жауап береміз. Егер жауабымыз дұрыс шықса, тақтадағы ілінген суреттің не сурет екенін көреміз. Ендеше ойынымызды бастайық.
1-тапсырма:Терезені тап дидактикалық ойыны. Қай үйдің терезесі дұрыс. Пішіндерін атау, түстерін айту.
2-тапсырма:Өлшемдер заттарды салыстыру.Ұзын-қысқа, биік-аласа, жуан-жіңішке, көп-аз.
3-тапсырма:Көкөністермен жемістерді санап, санына қарай, қажетті санды қою.Санамақ айту,1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
Сергіту сәті:
4-тапсырма: «Су-тіршілік көзі»ертегісін суретпен әңгімелеп беру.
5-тапсырма:Шығармашылық жұмыс. Ғажайып алаң жасау.
Балалар енді орталыққа бөлініп ұжымдық жұмыс жасаймыз.
Бірінші орталықтың жұмысы – гүлді саусақпен бояйды. Жолды шыршаны түрлі –түсті қағазбен қиып жапсырамыз.
Екінші орталықтың жұмысы-ермексазбен балабақшаның ойын алаңшасын жапсырады. Күннің шуағын сары моншақпен жапсырады.
Балалар жарайсыңдар барлықтарың бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, сендерге рахмет. Біз осының бәрін қайдан үйрендік.
-Балабақшадан.
Олай болса барлығымыз «Балабақша»туралы әнімізді орындайық.