Үстіміздегі жылдың 20-қаңтарында «Атамекен» жалпы орта мектебінде Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты 1күндік семинар-тренинг болды. Ол тренингті «Білім айнасы» журналының маманы Мәдина Иманәліқызы өткізді. Бұл тренингте мұғалімдерге пайдалы мақалалар жариялаумен айналысатын сайттар жайлы және оған қалай мақала жариялауға болатыны туралы пайдалы мәліметтер берді. Мен бұл тренингтен БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін меңгердім.
Аталмыш тренинг ұстаздар қауымына берері мол пайдалы тренинг болды деп санаймын.