ЕЖИХАНОВА ГҮЛШАҺАР ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
№2 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды білім-білік дағдыларын арттыру. Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, таным-түсініктерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әңгіме сюжетіне талдау жасау, кейіпкер бейнесін ашу. Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау, ізденуге, өзінше топшылауға, өз ой-пікірін дәлелдеуге, өз көзқарасын айта білуге дағдыландыру. Өнер құдіретін сезініп, өнер адамына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: талдау сабағы
Қолданылатын модуль: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, түртіп алу. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, (Диалогтық оқыту, сұрақ қою стратегиялар); Сыни тұрғыдан ойлау; Оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау; Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту;
Нәтиже. Оқушылар сабаққа белсене қатысады. Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып бір — бірімен топтаса, сұхбаттаса отырып өз ойларын еркін жеткізе алады. Әңгіменің мазмұнын меңгереді, талдайды. Күй құдіретінің өмірде қажетті екендігіне көздері жетеді.
Ресурстар: Интербелсенді тақтасы. Бағалау тарақтары. Стиккерлер. А3 қағазы. Ғаламтор сайттары. Бейне баян сайты. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Cәлемдесу. Түгендеу. Оқушы назарын сабаққа аудару.Педагогикалық талап қою, психологиялық дайындық.
«Күй күшті, тауды – тасты бұзатұғын,
Орнына өз өрнегін сызатұғын.
Талқандап тас кереңді үн оятар,
Дүкені дүниенің қызатұғын».
«Бозінген» күйін тыңдату
Қызығушылығын ояту: суреттер тізбегі көрсетіледі
(автор портреті, күйші, түйе, домбыра)
Сұрақтар:
1. Бұл суреттердің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
- Біз жоғарыда қандай күйді тыңдадық?
3.«Бозінген» күйінің шығу тарихын білеміз бе?
4 Өнер сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер?
5 Күй сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?
6 Күйші сөзін қалай түсінеміз? Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер?
ІІ Жұмыс барысы:
- Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы;
- «Күй аңызы» әңгімесінің жанры, тақырыбы, автордың идеясы мен тәрбиелік мәні; Әңгіменің тақырыбы не? (Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті.)Әңгіменің идеясы не? (Өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау)
- Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.
4.Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру). -Естемес пен Оразымбет портретін табу; Жаңыл мен қарт бейнесін табу.
- «Түйе» малы жайында мәлімет, пайдасы, ерекшелігі туралы баяндалады;
- «Күй», «күйшілік өнер» жайлы ой бөлісу.
- Сөз сырына саяхат.
- Шығармашылық шарықтау. «Егер мен күйші болсам…» ойтолғау жазады;
- Тест интервью.
- . «Сөздер сөйлейді» ойыны. /логикалық сұрақтар/
— Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер. Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
— «… Он алты — он жеті жаста болар…», «… ұзатылар уақыты да жеткен екен ғой..», — деп ойлайды ішінен күйші. Қазіргі кезбен салыстырғанда не айтар едіңдер? Қалай ойлайсыңдар?
— Өлімнен ұят күшті. Шалға қандай мінездеме берер едіңдер?
ІІІ Үйге тапсырма. «Қазақтың күй өнері» шығарма жазу.
ІV. Критерийлері бойынша бағалау
№ Оқушының аты — жөні Топта бөлінген, жүктелген міндеттерді атқаруы Идея тастауы Топтағы талқылауға белсенді қатысуы Топ мүшелеріне көмектесуі Қорғауда өзін ұстай алуы (сыпайы жауап беруі, туындаған сұраққа нақты жауап бере алуы Жалпы ұпай. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл беріледі.«5» — 21 — 25 ұпай;«4» — 14 — 20 ұпай; «3» — 5 — 13 ұпай; «2» — 0 — 4 ұпай;
Әңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?
1 топ. Тахауи Ахтанов жайлы не білесің?
Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келіп, Абай атындағы қазақ педагогика институтына оқуға түседі. 1941 жылы соғыс басталып, студент Тахауи Ахтанов майданға аттанады. Майдан шебінде жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, әскери газет-журналдарға мақалаларын жариялап жүреді. Отты мақалалары арқылы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңістің жақындауына қарудың да, қаламның да ұшымен үлес қосады. Жеңіспен елге оралып, өмірдің, сұрапыл соғыстың қиындық мектебінен өтіп келген, жауынгер жазушы басқа жолды таңдамай, әдебиетке келеді.
Т.Ахтанов қаламынан әңгіме, хикаят, роман және драмалық шығармалар өмірге келді. Жазушы өз басынан өткізген, көз көрген Ұлы Отан соғысындағы суретті «Қаһарлы күндер» атты романында жазды. «Дала сыры» хикаяты үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Ал драматург, жазушының «Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», Махаббат мұңы», драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» атты комедиялары ұзақ жылдар сахнада қойылып, көрермендерге күлкі, қуаныш сыйлады.
Жазушының алғашқы әңгімесі – «Күй аңызы». Т.Ахтанов өнер құдіретінің ботасы өлген бозінгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырғанын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды тілмен баяндалады.
- Әңгіменің тақырыбы не? (Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті.)
Әңгіменің идеясы не? (Өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау).
Әңгіменің композициялық құрылымын талдау (оқушылар дәптерлеріне жазып отырады).
Композиция – көркем шығарманың құрылысы, тұтастық бірлігі.
Оқиғаның басталуы (экспозициясы- Сюжеттің басталуы – екі салт атты Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.
Оқиғаның дамуы — Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
Оқиғаның шиеленісуі — Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы. үй иесінің өтініші.
Оқиғаның шарықтау шегі — Жаңа күйдің пайда болуы. нардың иіп, сүт шығуы.
Оқиғаның шешімі-Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі. “Нар идірген” күйінің өмірге келуі.
- Сөз сырына саяхат
Қырқа – ұзыннан ұзақ созылып жатқан биік жер, қыр.
Аруна – бір өркешті таза тұқымды түйенің ұрғашысы
Бошалап кету – ұрғашы малдың төлдеу алдында оңаша кетуі.
Тулақ – жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін кептірілген, қатырылған шикі тері.
- Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру:
Тест тапсырмасы
1.«Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
2.«Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
3.«Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
4.«Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
5.«Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
6.«Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
7.«Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
- Шығармашылық шарықтау.Егер мен күйші болсам… (Төрт топ та күйші бейнесіне енеді)
ІІ топ.
- Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру).
– Естемес пен Оразымбет портретін табу
– Жаңыл мен қарт бейнесін табу.
№ Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы. Адамгершілік қасиеті. Кейіпкерлерге баға
- 1. Естемес. Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды. Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді. Жақсы
- Оразымбет. Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт. Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал. Жоғары
- Жаңыл. Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді. Кішіпейіл, ибалы, өжет. жоғары
- Қарт. Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан. Көпті көрген, қонақжай, есті кісі. Жақсы
- Қосымша: Күйшілер туралы мәлімет
*А.Жұбановтың “Ғасырлар пернесі” кітабында “Нар идірген” күйінің шығу тарихына шолу берілген.
*Амангүл Серікқалиева “Нар идірген” күйін тартады.
- Сөз сырына саяхат
Тарамыс денелі – еті қашу, сіңірлену, таралу.
Талдырмаш денелі – тал шыбықтай үзіліп тұрған, нәзік, жіңішке.
Көнек – көннен, теріден жасалған бие, түйе саууға арналған ыдыс.
Қағылез – арықша, жұқалтаң, жүріс – тұрысы ширақ, шапшаң.
- Тест интервью
1.Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.
2.Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.
3.«Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.
4.Қарт күйшінің өнері, мінезі, осы күйді шығарудағы толғанысы қандай болды?
Қыз неге інгеннің иіп тұрғанын білдірмеді?
5.Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.
6.Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?
- Шығармашылық шарықтау.Егер мен күйші болсам… (Төрт топ та күйші бейнесіне енеді).
ІІІ топ
- Түйе малы туралы мәлімет береді, ерекшелігі туралы баянау
- Тахауи Ахтанов «Күй аңызындағы нар туралы оқып, беру. Сипаттама беру
- Сөз сырына саяхат
Қайнар – судың жерден шымырлап шығып жататын көзді жері, бастауы.
Жырада – қар суы жырып кеткен ойдым шұңқыр.
Күйіс қайырмау – жануардың жеген жемін шайнап, қорытпауы.
- Тест интервью
- Шығармашылық шарықтау. Егер мен күйші болсам… (Төрт топ та күйші бейнесіне енеді)
ІV топ
- «Күй» туралы мәлімет береді, ерекшелігі туралы баянау
- Тахауи Ахтанов «Күй» аңызындағы күйдің құдіреті туралы оқып, беру
- Сөз сырына саяхат
- Тест интервью
-Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осыншама тебіреніп жазады деп ойлайсыңдар?
- Шығармашылық шарықтау. Егер мен күйші болсам… (Төрт топ та күйші бейнесіне енеді).