Home » Мақалалар » Татулық-тілегіміз, тұрақтылық — тірегіміз

Татулық-тілегіміз, тұрақтылық — тірегіміз

Көктемнің алғашқы күнімен  адам көңілін жадырата келер «Алғыс айту» мейрамында Жетісу ауданына қарасты №137 жалпы білім беретін мектепте «Татулық – тілегіміз,тұрақтылық – тірегіміз» атты  Жетісу ауданы бойынша мектепаралық фестивалі болып өтті. Фестивальдің мақсаты оқушылардың еліміздің  тарихына  деген  танымдық  қызығушылықтарын  дамыту, зияткерлік  деңгейін  арттыру, шығармашылық ойлау  қабілеттерін белсендіру, өз еліне деген  сүйіспеншілік пен мақтаныш  сезімдерін тәрбиелеу. Аталмыш шара  ауданның  төрт мектебінен келген өнерлі өрендердің  түрлі ұлттардың биіін билеуімен ашылды. Атап айтқанда,  «Бір шаңырақ астында биі», орыс биі «Кадриль», украин биі, ұйғыр, татар биі және тағы басқа халық билері   шараның көрігін қыздырды.
«Рухани жаңғыру» жобасның аясында ұйымдастырылып отырған бұл тәлімді шараға Жетісу аудандық  Білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангельдиновна, рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Тау Нургуль Тауқызы,Жетісу аудандық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Гараев Низамдун Саламдинович қатысып,оқушылардың  өнеріне тәнті болды. Салтанат Кусаинова өзінің көпшілікке арналған сөзінде: «Бүгін, 1-наурыз, алғыс айту күнінде , ең әуелі ғұмыр сыйлаған жаратушымызға , сосын осында отырған қонақтарға, мұғалімдерге, оқушыларға  шын жүректен алғыс айтқым келеді. Және де осы шараны ұйымдастырып отырған №137, №118, №110, №101 мектептердің басшылығына алғысымызды білдіреміз. Себебі, бүгінгі шарамыз, қатысушыларға тамаша көңіл-күй мен рухани ләззат сыйлап отыр» -, деп айтып , оқушылардың кешке тамаша дайындалғаны көрініп тұрғандығын атап өтті. Артынша сөз алған Нургуль Тауқызы  бүлдіршіндерге жетістікке бастар жол мектептен басталатынын, қоғам қайраткерлерінің барлығы мектепте үздік болғанын айтып, оқушыларды жақсы оқуға, ғылым мен өнерге ұмтылуға үндеді. Ұлағаты бар шараның соңында түрлі ұлттың биін билеп, сан халықтың тілінде ән салып, өнер көрсеткен оқушылар мен шараны ұйымдастырушыларға тамаша  фестиваль үшін  редакция атынан біз де рахметімізді айтып тарқадық.


Дінмұхамед МҰХАМЕТЖАН

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.