Home » Жаңалықтар » Татулық — достықтың киелі бесігі

Татулық — достықтың киелі бесігі

Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекеттке айналып, жүз жылға татитын ширек ғасырда ортақ жауапкершілік жолын өтіп, бекемдей түскен бірлігіміз бен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстанды бүкіл ел танып, көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір шаңырақтың астында ерікті, тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Ал жыл сайын аталып өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күткен мейрамы. «Береке бастауы — бірлік, ел іші — тату тірлік» қағидасын ұстанған біздің ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Осы мерекеге орай қасиетті Мерғалым ауылында дүбірлі «Татулық-достықтың киелі бесігі» атты ауыл тойы қарағай жиегінде өтті. Халықтың, келген қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар және ат жарысы ұйымдастырылды.

Той-тәңірдің қазынасы деп бастаған Майқарағай ауыл әкімі Телегенов Нұрғали Қайдарұлы өз құттықтау сөзінде 1-мамыр мерекесі елдің бірлігі одан сайын нықтап, сол арқылы еліміздің тірлігінің берекелі болуына жол ашсын,-деп барша жұртшылыққа ақ тілегін тілесе, Есілбай ауылынына келген Құдайберген ақсақал, ауыл имамы Көшімхан ата және ел ағасы Қаршыға Мерғалымұлы қонақтарға жүрекжарды тілектерін арнады.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен басталды. Ауылымыздың жас бүлдіршіндері мен бишілері өнер көрсетсе, ауылымыздың жас ақыны Амирханов Рауан «Туған жер» атты өлең жырын күллі халыққа оқып қуантты.                                                                                                   Іс-шара бағдарламасы бойынша: 100м қашықтыққа жүгіру (әйелдер, ерлер арасында), кір көтеру(24кг), арқан тартыс (әйелдер, ерлер арасында), бөренеге өрмелеп шығу, қол күрестіру және  6км, 15км қашықтықта атттар жарыстарымен жалғасын тапты. Жарыстың қорытындысы бойынша: 15-25жас қыздар арасында 100 метр қашықтыққа жүгіруден  Құрмаш Г.1-орын (Майқарағай), Сағдат Ж. 2-орын (Мерғалым), Төлеубай М. 3-орын (Мерғалым) иеленсе, 26-45жасқыздар арасында Санатханова Қ. 1-орын (Мерғалым), Смагулова Г. 2-орын (Мерғалым), Алигожина Д. 3-орын (Павлодар), 46-55 жас арасында Смайлханова Б. 1-орын (Арбиген), Сыздықова Г. 2-орын (Қазантай), Тусупханова М. 3-орын (Мерғалым) еншілесе, 15-25жас ерлер арасында  100метр қашықтыққа жүгіруден Құдайберген Т. 1-орын (Есілбай), Манап Р. 2-орын (Мерғалым), Иманұлы А. 3-орын (Майқарағай) иеленсе, 26-45жас арасында Бозжигитов Қ. 1-орын, Амирханов Р. 2-орын, Абденбаев Д. 3-орын (үшеуі де Мерғалым ауылы азаматтары) иеленсе, 46-55жас аралығында Сапаров Қ. (Мерғалым), Бикеев Р.(Мерғалым), Аманжолов Е. 3-орынға (Шоқтал) иеленді. Кір көтеруден Қаратаев Н. 1-орын, Биболат Н. 2-орын, Сапаров Қ. 3-орын (үшеуі де Мерғалым ауылы азаматтары) иеленді. Ал әйелдер арасында арқан тартыстан Қорт-2 тобы 1-орын, Қорт-1 тобы 2-орын және Павлодар қаласынан келген «Жастар» тобы 3-орынға ие болды. Бөренеге өрмелеуде бөрене басына дейін еш кедергісіз шығып жеңіске жеткендер: Сағынаев Н. (Жабағылы), Амирханов Р. (Мерғалым), Сарсенбай Ә. (Мерғалым).

Ал батырлық дәстүрді жаңғырту мақсатында қойды көтеруде білекті жігіттер де баршылық екені анықталып, 30келі салмақтағы семіз қойды 102 рет көтерген Мерғалым ауылынан Ертай Ғалым болды, оған сол қой сыйға тартылды. Бәйгеге көрші ауылдардан,бір шеті Семей облысының ауылдарынан тұлпарлар жиналды. Әуелі 6 шақырымға дейінгі қашықтықта «Әсем қасқа»тұлпары 1-орын (Жабағылы ауылы), «Сылдыр»тұлпары 2-орын (Қоянбай ауылы), «Арафат»тұлпары 3-орын (Мерғалым ауылы) еншілесе, ал кейін бәсекелі доданың басты оқиғасы-Аламан бәйгеге өңкей өңірлердің кекілін жел тараған жүйріктері сынға түсіп «Камила» тұлпары 1-орын (Сосновка ауылы), «Ала»тұлпары 2-орын (Қоянбай ауылы), «Қарагер»тұлпары 3-орын (Сосновка ауылы) алып жеңіске жетті. Жеңімпаздар дәрежелі дипломдармен ақшалай сыйлықтар және ЭКСПО-2017көрмесінің билеттерімен марапатталынды.

Ел бірлігі — ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, татулық бар жерде ауылымыздың көркейіп өсуі де бар. Достық пен ынтымақты ту еткен бірлік пен татулықты жыр еткен барша Мерғалым елінің тұрғындарының достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін!

Исагалиева Айгуль Сабыржановна

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,

Мерғалым ауылы, Бекмұрат Уахатов атындағы

орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.