Жуырда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласыдағы №2 «Жанар» балабақшасына «Білім айнасы» редакциясының конвергентті жуналисті Қуаныш Тұрғанбай есімді азамат тәрбиешілерге «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында тартымды тренинг өткізді. Бұл тренингте тәрбиешілер мақаланың не екенін және оның міндеттері мен түрлерін, мақаланың құрылымынан мағлұматтар алды. Сондай-ақ, тәрбиешілер топқа бөлініп, мақала жазды. Өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, мақаланың жетпіс пайызын сурет құрайтынын біліп, фотоаппарат құрылғысының бөлшектерімен, өлшем бірліктерімен танысты. Соның нәтижесін көру үшін, қызықты сәттерді бейнелеп суретке түсірді. Тренинг өте қызықты, тартымды өтті. Тренингке қатысушы тәрбиешілерге арнайы сертификаттар табыстады. Осындай тартымды тренинг өткізген Қуаныш Тұрғанбайұлының деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін. Сондай-ақ, барша Жаңаөзендік әріптестерімді осындай тренингтерге қатысып тұруға шақырамын.
Матжанова Айнагүл Қайырмағамбетқызы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№2 «Жанар» балабақшасы