Home » Мақалалар » Тарих сабағында тиімді оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру

Тарих сабағында тиімді оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру

 «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан Уалиханов айтқандай еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек . «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин бекер айтпаса керек. Әрбір мұғалім өзін мектептің жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс. Өз ісіне аса ықыласпен ден қойып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білсе нұр үстіне нұр болар еді.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай – ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну .
Білімді және тәрбиелі, дүниетанымы кең , ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшін — тиімді  оқыту мен оқудағы теорияны сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат — мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс – тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады

 

. Ол үшін жергілікті және облыстық білім беру ұйымдары педагог кадрлардың ізденісі бағытындағы тәжірибе алмасу шараларының формаларын жетілдіріп отыруы қажет. Ұстаздар қауымының республикалық және өңірлік тәжірибе алмасуы үнемі болуы шарт.
        Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай :
-оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру
-оқушының шығармашылық таланттарын жан –жақты ашып көрсету
-оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту
-тарих сабағында оқушының белсенділігін арттыру
-оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
-оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
-ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейіне сай оқу мазмұны мен әдісін таңдау болып табылады .
Өзара оқыту (жұптық оқыту) — оқушылар тұрақты жұпта немесе құрамы өзгеретін жұпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды .
Сындарлы оқытуда  оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты ,мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді.
Сындарлы оқытудағы негізгі білім беру бағыты топпен жұмыс жасау арқылы жүргізіледі . Тиімді  оқыту  мен  оқудағы  7  модульді  ықпалдастыра  отырып,  әрбір  сабағымда  жаңа  әдіс  -тәсілдерді пайдалана  жоспарлаймын.
Сындарлы оқыту тәсілдері — оқушы шығармашылығы мен дүние- танымын дамытудың көзі. Жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білу -оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі . Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып , практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым :
— оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
— қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
— қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
— оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
— қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс–амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу–танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа -әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді  іс -әрекетін , қызығушылығын байқадым.

Тарих сабағында оқушы шығармашылығын дамыту тарихи көркем әдебиеттерге жол сілтеу болып табылады . Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады .Мен осы бағытта өз қолданысымдағы тақырыптық бірнеше электронды оқулықтарды- «Таңбалы Тамғалы» ,«Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру», «Қазақстандағы индустрияландыру », «Зиялы қауымды жаппай қудалау», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» тағы басқаларын атап көрсеткім келеді. «Робин раунд» әдісі бойынша сыныптағы оқушылар бір –бірін қайталамай сабақ мазмұнына сай пікірін айтып сабақты қорытындылай алады . «Елес жетелеу», «Автор орындығы», «Ассоциация» әдістері,диалогтік оқыту әдістері оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары анық.Сонымен бірге тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға ,олардың ой-пікірлеріне,көзқарастарына,атқарған еңбектеріне сын тұрғысынан баға беруге дағдыланады.
Тарих сабағында АКТ –ны пайдаланудың тиімді және   практикалық қолданыста  өте  қолайлы.
Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану — басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан тарих сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірден- бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.          Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс Мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейне көріністер алып талдау жұмыстарына үлкен мән беремін. Осы арқылы оқушылардың тарихи түсініктері бір жерде ғана тоқталып қалмайды .
Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға  аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды . Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді . Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен.Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе .

       «Ел  мен  елді теңестіретін — білім»  екенін біз  ұлағатты ұстаздар бір  сәт  естен  шығармауымыз  керек  деп  ойлаймын.

Сапарбаева Асылзат
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Ш.Қодаманов ауылы
«№158 орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі тарих пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.