Home » Мақалалар » Тарих біздің өткеніміз бен бүгініміз!

Тарих біздің өткеніміз бен бүгініміз!

«Жеті атасын білмеген жетесіз» — демекші, қазіргі таңда жеті атасын білмейтіндер көп. Білмегені, тарихына үңілмегені. Өз өзін танымағаны. Тарихты білу өзіңді білуден басталады.

Тарих-адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және болашағын зерттейтін ғылым. Тарихты білу-сонау өткен замандағы маңызды оқиғаларды, сол кезеңдегі адамдардың өмір-тіршілігін оқып-үйрену. Адамзаттың дамуы барысында жинақтаған мәдени жетістіктерімен, айтулы тұлғалардың жарқын істерімен танысу. Өткен өмірден сабақ алып, қателікті қайталамауға тырысу, келешекті болжай білуге талпыну.
Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. “Тарихсыз-халық жоқ” деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі

Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену біз үшін бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет. Біз тарихымыз арқылы өте маңызды оқиғаларды есте сақтаймыз.Туған жер, ата-бабаларымыздың батырлық, ерлік дәстүрі, тыныс-тіршіліктерін тарихтан оқып білеміз.Өнеге алып, болашағымызды болжаймыз, қателіктерін қайталамауға тырысамыз.Өткен замандардағы дара тұлғалардың ерлік дәстүрін оқып-білген жас ұрпақтан ғана елім-жерім деген ерлер шығады.Тарих пен шежіре – ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге азамат баласының бүкіл тарихына ой жүргізетін жол. Біздің мақсатымыз беру — халқымыздың әлем тарихында алатын өзіндік орнын, атқаратын қызметін сезіну.

 

Тагаев Мусурманкул Тиллабекович,
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Атақоныс елді мекені
Абдурахман Жами атындағы №24 ЖОМ
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
тарих пәнінің оқытушысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.