Home » Мақалалар » Тарихымызды ұрпағымызға мұра ету міндет

Тарихымызды ұрпағымызға мұра ету міндет

Елбасының стратегиялық маңызға ие «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – тарихи және ұлттық сананы жаңғыртуға арналған таптырмас даңғыл, дара жол. Елбасы мақаласының шығуы кездейсоқтық емес, жүйелі бір жұмыс нәтижесі. Мақала түсінікті, публицистикалық, ғылыми стильде, бұқара халыққа түсінікті тілмен жазылған. Әлемнің жеті кереметі, киелі жеті саны, ұлы даланың жеті қыры деген сөздерде әдемі бір үндестік, үйлесім жатқандай. Бұл мақаланың айтары: өткенімізге көз жүгірту, оны зерттеу, зерделеу, бүгінгімізді бағалау, келешегімізге көз жүгірту. Міне, осы үш мақсатты көздейді. «Тарихын білмеген елдің болашағы бұлыңғыр» дейді.  Өкінішке орай, өткенімізді зерттеп, терең тарихымызды толыққанды зерделей алмадық. Біріншіден, оған мүмкіндік болмады. Себебі, жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің қол астында болуымыз өзіндік кесірін тигізді . Шежіресі мен қойнауы байлыққа толы тарихымызбен мақтануға мүмкіндік туған жоқ. Егемендік алып, еңсемізді тіктегеннен  кейін бұл мүмкіндік келді.  Жеті атасына дейін жазбай білген дана халқымыздың Ұлы даламыздың   мәдениеті мен өркениетінде ойып тұрарлықтай өзіндік орны бар. Оған ешкімнің дауы жоқ. Тек соны нақтылап, шегелеу үшін алдымен оның мәні мен мазмұнын өзіміз жете түсініп, зердеден өткізуіміз керек. Мақала екі бөлімен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы бастау алады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде Алтын адамға ерекше тоқталады. Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан.  Ал, мақаланың екінші бөлімінде болашағымызға нақты бағыт-бағдар береді. Елбасымыз төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты алты тапсырма жүктеген. «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты өнер және  технологиялар музейін ашу сынды тарихи міндеттер бар. Қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесі ерекше. Қазақ халқының көшпелі болуы, мал шаруашылығымен айналысуы, ұрпағын еңбекке баулуы, құнды жәдігерлерді  кейінгіге мұра етуі де – тарихтың бір парағы болмақ. Бұл мақалаға  өзге елдер де қызығушылық тудырып отыр. Измирде өткен  жиында талқыланған. Бабаларымыздан келе жатқан  ұлттық мұраларымызды терең тануға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа жігер беретінін атап өтті. Бауырлас түркі елдерінде де тарихи құжат болып қалатыны сөзсіз. Біз, әрине, бабаларымызбен мақтанамыз. Мақала аясында атқарылар жұмыстар тобы жетерлік.

Осы мақала аясында біздің мектеп те жоспар бойынша жұмыстануда. Бастауыш буын оқушыларына оқушылардың елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, тарихи әндерімізді насихаттау мақсатында «Туған жерім, әнім сен едің!» атты  хор байқауы өтті.

Оқушылар тарихи ескі әндерді шырқап, шығу тарихымен танысты. Орта буын арасында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»  шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға мағынасы терең салтымыздың шығу тарихы мен оның әлі де өміршеңдігі бар екендігін ұғындыру. Жоғары сыныптарда өзіміздің тұрғылықты жеріміз Мичурин ауылының тарихы, тарихи тұлғалары туралы альбом жасақтады. Бұл альбомнан оқушыларымыз өз өңірлерінің тарихымен таныса алады. Тарихымызды толықтай зерделеуден өткізіп, ұрпағымызға таныстыру, мұра ету, көздерінің қарашығындай етіп ұстауға тапсыру міндет.

 

Акгул Мақсотқызы Нахметова,
Зеленов ауданы, БҚО
Мичурин ЖББ орта мектеп-балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.