Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы қоғамды толғантып жүрген рухани өмірдің барлық астары қамтылған десек жаңылмаймыз. Әсіресе, біз, яғни телемамандар үшін «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты 6-тарауы өте маңызды.
Ел тарихын зерттеп, зерделейтін танымды деректі фильмдер, телевизиялық сериалдар, көркем суретті кинокартиналар қазіргі қоғам үшін өте қажетті де, қасиетті дүниелер болмақ. Ұлы даланың бай эпостық-мифологиялық және фольклорлық материалдары әлі де талай ұрпаққа шығармашылық нәр бермек. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу үшін мультипликациялық және балаларға арналған кинотуындылардың рөлі ерекше екені даусыз. Осы бағытта Ұлт көшбасшысының қоғам өміріндегі түйткілдерді дәл басып, ертеңге жол сілтер қасиеті тағы да бір көрініс тауып отыр. «Ұлылық ұлдан – қасиет қыздан» демекші, ендігі мақсат Елбасы көрсетіп берген жаңа бағыттарды сапалы да саналы түрде бағындыру.
Әлібек Татанов
«Қазақстан-Көкшетау» облыстық
телеарнасының директоры