Home » Ашық сабақтар » Тапқыр информатиктер

Тапқыр информатиктер

Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара

«Тапқыр информатиктер»

8 — сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық ойын

2017 – 2018 оқу жылы

Мақсаты: Оқушыларды компьютермен жұмыс жасауға үйрету; информатикадан алған білімдерін пысықтау; оқушылардың білім деңгейін анықтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру

Міндеті: оқушылардың инттеллектуалды қабілеттерін дамыту; тілдерді білу шеберлігі.презентация жасауды практикада қолдана білуді үйрету; алған білімдерін пысықтайды.

Күтілетін нәтиже: презентация жасай алады, алған білімдерін практикада қолданады, ойларын үш тілде жеткізе алады; информатика пәніне деген қызығушылықтары артады.

Түрі: интеллектуалды сайыс.

Жабдығы: интерактивті тақта,

Барысы:

Жүргізуші 1:

Ханымдар мен мырзалар, біздің «Тапқыр информатиктер» интелектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2:

Good afternoon, ladies and gentlemen. Welcome to our intellectual game «Тапқыр информатиктер»!

Жүргізуші 3: Добро пожаловать на нашу интеллектуальную битву « Тапқыр информатиктер»!

Жүргізуші 1:

Информатика болашаққа бастайды,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын»,

деп бүгінгі  ойынымызды бастайық..

Жүргізуші 2:

Көңілді тапқыш, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші 3: Всемирная паутина,

Цифровые аппараты,

Вычислительные машины,

Где биты и байты.

Всё это – информатика,

Это её достижения:

Для кого- то – математика,

Для кого – то -общение

Жүргізуші 2:                  

In our competition we have 6 parts:

Жүргізуші1:

Бұл ойын мына бөлімдерден тұрады:

Жүргізуші 3:

Наша битва состоит из этих туров:

Үш жүргізуші кезекпен оқиды.

1-бөлім «Таныстыру».  «Introduce yours self» . «Презентация».

(Презентация дайындау: топтың аты, девизі, құрамын таныстыру).

2-бөлім «Бәйге». «Bayge». «Байге». 

3-бөлім  «Құпия алаң». «Magic land». «Секретное поле». 

4-бөлім « Мақал –сөз мәйегі». «Complete the proverbs» «Слово пословицы».

5-бөлім. «Тапқырлар сайысы». «Battle resourceful». «Битва находчивых».

6- бөлім Қорытындылау, Conclusion. Итоги конкурса

Жүргізуші 1:

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық!

Жүргізуші 3: 

Собрались здесь, у нас,

Все умники класа.

С громкими аплодисментами,

Встречаем друзья.

Жүргізуші 2:

Let’s begin our game.

Жүргізуші 1:

1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

5 — 15 ұпай аралығында топтар бағаланады.

«Ақпарат» тобы

«Алгоритм» тобы

Жүргізуші 2:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2- бөлімді бастайық  «Бәйге».

Жүргізуші 3:

Тақтада 1-ден 30-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Жауап 3 тілде берілсе 3ұпай, 2 тілде 2 ұпай, 1 тілде 1 ұпай беріледі.

Ары қарай әр топ тақтадан сұрақтарды таңдайды.

30: 1 сұрақ: монитордың неше түрі бар? (уш,три, three)

30: 2 сұрақ: мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта, клавиатура, keyboard)

30: 3 сұрақ:дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон, микрофон, microphone)

30: 4 сұрақ: жойылған нысандар орналасатын жер? (себет, корзина,basket)

30: 5 сұрақ: компьютер теледидары? (монитор,монитор, monitor)

20: 1 сұрақ:баспа құрылғысы? (принтер, принтер, printer)

20: 2 сұрақ: зиянкес бағдарлама? (вирус,вирус, virus)

20:3 сұрақ: файлдар жиыны? (бума, папка, folder)

20: 4 сұрақ: таңбалар мен сигналдар жиыны? (ақпарт, информация, information)

20: 5 сұрақ:бір байтта қанша бит бар? (сегіз,восемь, eight)

15: 1 сұрақ : қарапайым есептеулер жүргізуге арналған бағдарлама? (калькулятор, калькулятор,calculator)

15: 2 сұрақ: жүріс келесі топқа беріледі.

15: 3 сұрақ: құжаттарды көшірмелеу құрылғысы? (ксерокопия,ксерокопия,photocopy)

15: 4 сұрақ: дербес компьютердің кішкентай құрылғысы? (тышқан, мышка, maus)

15 : 5 сурақ: сурет салуға арналған бағдарлама ? (пайнт,пайнт, paint)

10 : 1 сұрақ : Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус,антивирус,internet security)

10:2 сұрақ: дыбыс естілетін қорап?(колонка,колонка, colum)

10:3 сұрақ: компьютер маманы? (программист,бағдарламашы,programmer)

10:4 сұрақ: бүкіләлемдік желі? (интернет,интернет,the internet)

10:5 сұрақ:үлкен темір қорап? (жүйелік блок, системый блок,system unit)

Жүргізуші 1: 3 – бөлім «Құпия алаң» бөлімін бастаймыз. Әр топ конверт тандап алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Конвертте жумбақтар жасырылған.

 

Жүргізуші 2:

In this part each group mast choose 1 coloristic envelope and answer to the questions. To each right answer you can take 1 points.

Жүргізуші 3: начинаем наш третий тур «секретное поле» каждая группа выбирает конверт и отвечает на вопросы. В конвертах загадки.

Әр топ конверт таңдап алып, жумбақтарға жауап береді.

Сары конверт жұмбақтары:

  1. Төрт бұрышты әйнек                         (монитор)
  2. Тұнып тұрған әлек.
  3. Ұзынтұра жалқаубекҚозғала қалса артынан,                       (бос орын пернесі (пробел))
  4. Ешбір белгі қалмайды.
  5. Тұрмай ылғи жатады.

Қызыл конверт жұмбақтары:

  1. Батырмасын басасың,               (тышқан,мышка, маусс)
  2. Қажетті файлды ашасың.
  3. Тетігін бассаң алаңсыз,               (пернетақта, клавиатура,кейборд)
  4. Жазады қалам, қағазсыз.

Жүргізуші 1:

Осымен 3- бөлім аяқталды.

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

4 бөлімді бастайық « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 1 ұпай беріледі.

Жүргізуші 2:

Complete the proverd.

Жүргізуші 3: Начинаем наш четвертый тур «Слово пословицы»

Жүргізуші 1:

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

Жүргізуші 2:

  1. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

Жүргізуші 3:

  1. Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

Жүргізуші 1:

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

Жүргізуші 2:

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

Жүргізуші 3:

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

Жургізуші 1:

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

Жүргізуші 2:

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

Ж.үргізуші 3:

  1.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

Жүргізуші 1:

  1. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады).

Жүргізуші 2: 

5-бөлімді бастайық  «Тапқырлар сайысы»  бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Топ басшыларына сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берсе 10 ұпай алады.

 Жүргізуші 3:

1 сұрақ – Сізге қажетті ақпараттың көлемі 2 Гб, ал сіздің флеш жадыңыздың көлемі 1800 Мб. Бұл жағдайда сіз не жасайсыз?

Жауабы: (архиваторлар бағдарламасын пайдаланып ақпаратты сығып, флеш жадына ақпаратты жөнелтеміз.)

Жүргізуші 1:

2 сұрақ — Компьютеріңізге компьютерлік вирус жұқты делік. Сіздің әрекетіңіз.

Жауабы: (Компьютерге антивирус бағдарламасын орнатамыз. Компьютерді қайта жүктеп, компьютер жадын антивирус бағдарламасымен тексеріп, емдейміз.)

Жүргізуші 2:

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Жүргізуші 3:

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).

  

Бағалау парағы

                                               «Ақпарат»         «Алгоритм »  

                  

1-бөлім

Таныстыру

5,10,15 ұпай

2-бөлім

«Бәйге»

Әр жауапқа дұрыс жауапқа бір тілде айтылса 1 ұпай, 2 тілде айтылса 2 ұпай, 3 тілде айтылса 3 ұпай беріледі.

Барлығы 20 сұрақ

3-бөлім

«Құпия алаң» (Жұмбақтар)

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай

4-бөлім

«Мақал — сөз мәйегі»

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай

5-бөлім

«Тапқырлар сайысы» (Топ басшыларына сұрақ)

Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай

Қорытынды

Мергенбаева А.Е.,
информатика пәні мұғалімі,
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№18 А. Қосанұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.