Сабақтың мақсаты: Балалардың 10 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Балалардың тілін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілік құрал: Суреттер, үлестірмелі материалдар, геометриялық пішіндер, доп.
Әдіс – тәсілдер: Шаттық шеңбері, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, теңестіру, салыстыру, дамытушы ойындар, сергіту жаттығуы.
Сабақтың барысы: Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.
— Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
— Балалар енді орнымызға отырайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың қыс мезгіл.
-Балалар қыс айларын кім атап береді?
-Қыс айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Балалар қазір қыс мезгілінің қай айы?
-Қазір қыс мезгілінің ақпан айы.
-Балалар қыста қандай өзгерістер болады?
-Қыста қар жауады, боран соғады, аяз болады, күн суық болады. Адамдар жылы киінеді.
— Балалар, біз бүгін сабақты әдеттегідей санап, есептеп шығармай саяхатқа барамыз. Бірақ біз өзіміз барсақ көңілсіздеу болады, өзімізбен бірге достарымызды ала кетейік. Ал саяхатқа біз кімді алып кететінімізді сендер қазір жұмбақ шешуін тауып білесіңдер. Жұмбақ:
Тегіс домалақ.
Сырты қызарыңқырап, әдемі болып піскен.
Терезе алдына суытып қойған.
Бұл қай ертегі кейіпкері?
— Балалар: Бауырсақ.
— Балалар ертегі қалай басталады?
— Балалар: бауырсақ Әжеден қашып, Атадан қашып….
Тәрбиеші: Сонымен бауырсақ саяхатқа шықты. (тақтаға сурет іледі (карта))Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктерден өтеді. Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келеді. Орманда оған Қоян кездеседі.
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?
Қоян: Сәлемет пе! Бауырсақ мен сені әрі қарай жібермеймін.
Бауырсақ: Қоян мені жіберші.
Қоян: Жарайды, егер сен менің тапсырмамды орындасаң мен сені жіберемін, ал егер орындамасаң жеп қоямын (қоян бауырсаққа хат береді).
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? (балалар жауабы). Қоян, бауырсақ келіңдер балалармен бірге тапсырманы орындайық (тәрбиеші хатты ашып, оқиды.
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұруды ұсынады).
Ауызша есептер:
1 тапсырма: 1-10-ға дейін тура санау.
2 тапсырма: 10-нан 1-ге дейін кері санау.
3 тапсырма: 1-10 бір сан қалдырып санау.
4 тапсырма:4санының алдында қай сан тұр?(3).
5-тен кейін қай сан тұр? (6).
2 мен 4 ортасында қандай сан тұр? (3).
6 санының көршілері қай сандар? (5 және 7).
5 тапсырма: 4 қоян мектептен келе жатыр, кенет оларға аралар шабуыл жасайды. 2 қоян қашып әрең құтылды.
Қанша қоян қаша алмай қалды?
Балалар: 2
Тәрбиеші: Оны қалай білдіңдер?
Балалар: 4-2=2
Қоян: Өте жақсы ұнады. Бауырсақ мен сені әрі қарай жіберемін.
Тәрбиеші: Қоян бауырсақты жіберді. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастыруға болады. Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап, домалап келе жатса оның алдынан қасқыр шыға келді.
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?
Қасқыр: Сәлемет пе! Сен менің тапсырмамды орындауың керек, әйтпесе мен сені жеп қоямын.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Қасқырдың тапсырмасы мынадай. (тақтада тәрбиеші сурет көрсетеді) Мына үйшікте сандар тұрады. Әр қабатта екі көршіден тұрады. Кейбір сандар тығылып қалыпты.
Қасқыр бірнеше сандарды тауып алды, бірақ қай сан қай жерде тұратынын білмейді. 6 санына тең болатындай етіп, бос торларға сандарды жазың.
Қасқырдың келесі тапсырмасы мынадай:
Мына ортада не орналасқан? (дөңгелек)
— Қандай геометриялық пішіндер көріп тұрсыңдар? Бұл жерде қандай пішін артық? Не себепті?
Балалар: Көлемі, түсі бойынша.
Сергіту сәті:
-Ал енді кішкене демалуға болады.
Тақтада шыршалардың, дөңгелектердің, таяқтардың, шеңбер үстіндегі нүктелердің суреттері болады.
Қанша жасыл шыршалар,
Сонша біз иілеміз. (3)
Қанша дөңгелектер,
Сонша біздер секіреміз. (6)
Қанша нүктеге дейін таяқтар,
Сонша біздер аяқ ұшына тұрамыз. (5)
Қанша шеңбер үстінде нүктелер,
Сонша біздер қолымызды көтереміз. (4)
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған Аю кездеседі.
Аю: Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жеме мені Аю.
Аю: Жарайды, тек бір шартым бар. Егер сен маған заттарды салыстыруға көмектессең сонда мен сені жемеймін.
-Салыстыруға қандай таңбаларды қолданады? (көп, аз, тең)
-Бірінші қапшықта қанша үшбұрыштар бар санаңдар? (4)
-Ал екінші қапшықта қанша дөңгелектер бар? (3)
-Бұл сандарды жазып алыңдар.Енді тексеріңдер, барлық үшбұрыштарға дөңгелектер жеттіме? Оларды сиқырлы жіппен қосыңдар.
-Не байқадыңдар? (бір үшбұрыш жіпсіз қалды, ол артық)
-Дөңгелектерге қарағанда үшбұрыштар қанша көп? (1)
-Қандай таңба қою керек? (көп)
-Жарайсыңдар балалар! Бауырсаққа аюдың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Ол риза болып бауырсақты жіберді.
Бауырсақ домалап, домалап түлкіге кезікті.
Енді сен меннен кете алмайсың, балалар да саған көмектеспейді. – дейді түлкі бауырсаққа.
-Көмектесеміз бе балалар?
Балалар: Ия.
-Балалар түлкі өзінің бейнесін құрастыруды ұсынады. Қане барлығымыз түлкінің бейнесін құрастырайық.
— Қандай пішіннен құрастырдың? Түсі қандай?
— Ал енді түлкі бауырсақты жіберуіне тура келеді. Өйткені бауырсақ барлық тапсырманы дұрыс орындады. Ал оған көмектескен сендерсіңдер балалар. Балалар бүгін сабақта не істедік? Есепті ойландық, шештік, санадық, салыстырдық, олай болса енді өздеріңнің сабақта орындаған жұмыстарыңды бағалаңдар. Егер сабақ сендерге қызықты болған болса, сендерде бәрі дұрыс болса, онда күнді көтеріңдер. Ал егер де бір жері дұрыс болмаса, онда бұлтты көтеріңіз.
Бүгінгі сабақты көмектескендерің үшін бауырсақ сендерге алғысын білдіреді. Осымен сабағымыз аяқталды.
Муканова Алия Гизаттовна,
Степногорск қаласы
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы
тәрбиеші