Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы рухани жаңғыруды қуаттап; «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», — деліyеген.
Тереңде жатқан тамырымызды тектілікпен бекемдеу, жаңа бағытқа жаңа бастама! Жастарды тектілікке тәрбиелеу аталған жолдауда нақты көрсетілген.
Қазақ халқында «Текті» деген керемет ұғым бар! Адам баласының бойындағы игі жақсы асыл қасиеттер тектіліктің белгісі. Текті деп, өз тілін, дінін, тарихын, салт дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін адамды айтамыз. «Текті» сөзі; жануарларға, аңдарға, құстарға қатысты да айтылады.
«Жақсыдан жаман туар, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз» деген қазақпыз. Демек, тектілік қанмен беріліп, туа біткеннен қалыптаспайды. Тектілік – тәрбие мен білім. Яғни, текті етіп тәрбиелеуге болады. Осы орайда бала тәрбиесінің маңызы зор. Баланы жас ерекшелігіне қарай дұрыс тәрбиелеу әрбір ата-ананың парызы. Зиялы қауым ортасында көбірек болуына көмектесу, әрбір атқарған ісінің нәтижесін сұрау, жүзуге, садақ атуға, атқа мінуін қадағалау жауапкершілік пен уәдеге берік болуға, кез – келген ортада еркін сөйлеуге тәрбиелейді. Өйткені; бала естігенінен көргенін көбірек орындайды. Тәрбие тамыры тереңге бойлаған текті ұрпақ рухани жаңғыру нұрын шашатыны анық. Өз ісінің білгір маманы, өзгеге зиянын емес, пайдасын тигізіп, елінің сыйлы азаматына айналу тектіліктің нышаны.
Текті адам өзінің ғана емес, өзгенің де қамын ойлайды, өзгенің қамын ойлаған адам елдің де қамын ойлайды. «Тектілікті» әркім әрқалай түсінеді. Хан тұқымдарын, төрелерді текті деп жатады. Барлығы тектілікке келе бермес. Жемқорлық, алауыздық, білімсіздік, мәдениетсіздік, көмпістік, тәрбиесіздік және кертартпалық тексіздікті айқындайды. Жеке басыңның құлқынынан мемлекеттік мүддені жоғары қоя білу тектіліктің белгісі.
Елбасымыздың жолдап отырған жолдауының астары да осыған келіп саяды. Менменшілдіктен, тойымсыздықтан, жағымпаздықтан, көмпістіктен, кертартпалықтан, надандықтан, жалқаулықтан арылып, имандылыққа, ілім ғылымға, әдептілікке, намысшыл болуға, қамқор болуға, қанағатшыл болуға, көпшіл болуға ұмтылу — тектілік тамырын бекемдеп, жаңа бағытқа, жаңа Қазақстанға бет бұру.
Бүгінде «Рухани жаңғыру» аясында барлық білім ошақтарында түрлі іс-шаралар мен семинарлар өтілуде. Мақсаты; өскелең ұрпақ санасын жаңғыртып жаңа өзгеріске, рухани күшін жігерлендіру. Білім салтанат құрған жерде зейін ашылып, ой өріс кеңейіп, түрлі салада жаңалықтар ашылары сөзсіз! Бұл — текті ұрпақтың мемлекет кемелденуіне қосқан үлкен үлесі. Cебебі, «Рухани жаңғыру» ұлттық текті сақтап қалуға мүмкіндік беретін жоба! Жобаны жүзеге асыру сіз бен біздің қолымызда!
Ұрпағымыз текті болсын, мемлекетіміз мықты болсын ағайын!!!
Ахишев Мурат Бахитжанович
Түркістан облысы, Мақтарал ауданы
Мақтарал Аграрлық колледжі
Кадр бөлімінің меңгерушісі