Татарлар – түркітілдес ұлт, қазақпен ежелден етене араласқан. Сондықтан да болар, болмысы, тәрбиесі де тамырлас. Дегенмен, әр ұлттың өз ерекшелігі болады ғой. Жақында сондай бір өзгешелікті осы ұлттан байқап қалдым. Татар халқында «Тыңға бару» деген ұлттық ойын бар екен. Бұл ойында тыңшыға баратын – ерге тимеген оң жақтағы қыз. Ол түн ішінде көршілерінен бастап, ауыл-елді аралап, ақсақалдардың, дана қариялардың әңгімесін сырттан тыңдап, көңіліне тоқиды екен. Шындығында, қыз балаларға сөзге көп араласа бермейтін, еркектердің ортасына орынсыз қойып кетпейтін ибалылықты дарыту, тәрбиелеу деген ұғым біздің ұлтта да бар. Мәселен, ауылда қандай да бір жиын болса, «Шалдар мына жақта, кемпірлер анау бөлмеде!» деп жөн сілтеп жүргендерге құлағымыз үйренген. Осындайда қыз баланы ерлердің ерек, кесек сөздеріне араластырмайтын біздің қазаққа тың-тыңдап болса да тәрбие алатын қажет-ақ ойын екен деген ойға қалдым.
Және бір өзіме түртіп алған өзгешелік мынау болды. Татарлар – біз секілді мұсылман халық. Қазір түрлі ағымның жетегінде кеткен жасөспірімдер мен балалар көбейіп барады. Ата-аналары, ересектер оларды имандылық жолында деп жайбарақат отырады. Осы жолда татар ұлтының ісін біз де қолға алсақ, жөн болар ма еді. «Үш буын» дейтін ұстаным бар екен, олар – ата, әке, бала. Осы үштік, өздерінің тілінде «Үш буын» жұма намазына бірге баруды міндет санайды екен.
Қалған ойды алуды оқырманның өзіне қалдырайын. Тамырлас екеніміздің тағы бір дәлелі – тілімізде. Біраз үндестікті байқайсыз, әйтсе де, сол тілімен жеткізген татарлардың бөлек көзқарасы барына қанығарсыз. Татар халқының бала тәрбиесіндегі менің ілмегіме ілінген тың тағылымдар тізімін ұсынғым келеді. Аудармашы болмағандықтан, түпнұсқасымен бірге беріп отырмын. Мархабат!
«Бу дөньяда бал татлы, балдан да бала татлы» – БҰЛ ДҮНИЕДЕ БАЛ ТӘТТІ, АЛ, БАЛА БАЛДАН ДА ТӘТТІ.
«Бала җаена торсаң, бала булырсың» – БАЛАНЫ ТЫҢДАСАҢ, ӨЗІҢ ДЕ БАЛА БОЛАРСЫҢ.
«Балагыз сездән күп нәрсәне яшерә башладымы? Бәлки, сез юк сәбәптән дә кызып китәсездер» – БАЛАҢЫЗ КӨП НӘРСЕНІ ЖАСЫРА БАСТАДЫ МА? ЕНДЕШЕ, СІЗ БОЛМАЙТЫН ДҮНИЕГЕ ДЕ КӨТЕРІЛІП КЕТЕСІЗ.
«Балагыз бар нәрсәдән дә курка башладымы? Димәк, сез аңа бик гади нәрсәләрдә дә ярдам итәргә ашыгасыз» – БАЛАҢЫЗ БОЛМАШЫ НӘРСЕДЕН ҚОРҚА МА? ДЕМЕК, СІЗ ОНЫҢ АЛДЫНА ТҮСІП, БӘРІН ӨЗІҢІЗ ІСТЕП БЕРЕСІЗ.
«Балагыз үзен түбән бәяли башладымы? Димәк сез, мактар урынына, артык күп киңәш бирәсез» – БАЛАҢЫЗ ӨЗІН ТЫМ ТӨМЕН БАҒАЛАЙ МА? ДЕМЕК, СІЗ МАҚТАУДЫҢ ОРНЫНА ОҒАН ШАМАДАН ТЫС АҚЫЛ АЙТАСЫЗ.
«Балагыз сезнең белән ачулы итеп сөйләшә башладымы? Димәк, сезнең игътибарыгызны начар тәртип ярдәмендә генә яулап була» – БАЛАҢЫЗ СІЗБЕН АШУЛЫ СӨЙЛЕСЕ БАСТАДЫ МА? ДЕМЕК, СІЗ ТЕК БҰЙЫРЫҚПЕН ТӘРТІП ОРНАТАСЫЗ.
«Балагыз тупас итеп сөйләшә башладымы? Мөгаен, гаиләгездә берәрсе үзен нәкъ шулай тотадыр» – БАЛАҢЫЗ ДӨРЕКІ СӨЙЛЕЙ БАСТАДЫ МА? ДЕМЕК, ОТБАСЫҢЫЗДА БІРЕУ ӨЗІН ТУРА СОЛАЙ ҰСТАЙДЫ.
Айта кетейік, осындай ұстаныммен тәрбиелейтін татар ұлтынан атақты ақын, күрескер Мұса Жәлел (Musa Mostafa ulı Cälil), Түркия президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кеңесшісі болған, түрікшілдік идеясының негізін қалаушы Юсуф Акчура (Йосыф Хәсән улы Акчурин), өнер әлемінде танымал әнші Алсу (Сафина Абрамова), елші, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы Бекшорин (Бекчурин Меңдияр) шыққан.
«Ватаным» газеті, «Сөембикә» журналы, «Тatarbaby», «Тatar-duslyk» сайттарының көмегімен,
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ.