Home » Жаңалықтар » Тамақтың денсаулыққа тигізетін пайдасы

Тамақтың денсаулыққа тигізетін пайдасы

Балалардың денсаулығын, олардың үйлесімді өсуін, дене және психикалық дамуын, ішкі ортаның жұқпалы ауруларымен басқа да жағымсыз факторлар әрекеттеріне тиімді тамақтанусыз тұрақты қажеттілікті қамтамасыз ете алмаймыз. Сонымен бірге, дұрыс ұйымдастырылған тамақтану балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларды, пайдалы әдеттерді, тиімді тағамдық тәртіп деп аталатын, мәдени тамақтану негізін қалайды.

Қазіргі жағдайда балалардың денсаулық жағдайының тұтас себептер нәтижесінен, тамақтану құрылымының бұзылуы және оның сапасының жанұяда сонымен бірге ұйымдасқан балалар ұжымдарында да төмендеуіне байланысты тамақтанудың рөлі айтарлықтай жоғарылады.

Дұрыс тамақтану сіздің балаңыздың дамуында, баланың өсуіне, оның ақыл-ойы және дене дамуында бірінші дәрежелі рөл атқаратын, түрлі дәрумендер мен микроэлементтерді алуына қарай бастапқы маңызды рөл атқарады. Балабақшада тамақтанудың бала денсаулығы үшін маңызы зор. Бала денсаулығына: пайдалы астың рөлі бірінші ретте. Баланың өсіп жетілуіне қажетті дәрумендер мен микроэлементтер пайдалы астың құрамынан табылады. Балабақшадағы балалардың тамақтану мөлшері арнайы балалар үшін белгіленген. Бүлдіршін үшін қажетті микроэлементтер мен пайдалы заттардың көлемі өлшеніп, ас мәзірі бір апта бұрын құрылады. Балалар тағамы аса мұқияттылықпен ойластырылып, тамақ пісіру барысы мен дәмінің сипаттамасы үнемі медициналық қызметкерлердің қабылдауында болады. Балалардың күнделікті ас үлесінде бірдей азықтар қайталанбайды. Ал балық балаларға аптасына бір рет беріледі. Әр балабақшаның ас мәзірі: қышқыл сүт өнімдерінен, жұмыртқа, ет, дәнді – дақылдар, көкөністер, макарон өнімдері сияқты міндетті азық-түліктерден құралады. Балабақшада балалар 7-8 сағат уақыт болғандықтан, үш-төрт рет тамақтандыру тәртібі енгізілген.

Балалар балабақшада үйлестірілген әр түрлі тағамдарды талап етеді. Қуатты дұрыс дамуды және бала өзінің жеке тамақтану дағдыларын қалыптастыруды бастайтын уақыт және сондықтан, бұл уақытта ата-аналардың әсері аса зор.

Көкөністер мен жемістер, дәнді-дақылдар, сүт өнімдері баланың денсаулығының дұрыс дамуы үшін қажетті бар заттар мен дәрумендерді осы аталған өнімдерден алады.

Күнделікті тағамның әр түрлі болғаны, бала денсаулығына өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, сүт өнімдерінің құрамында балалардың дұрыс дамуы үшін өте көп мөлшерде кальций бар. Ең пайдалылары, қатықтар және табиғи йогурттар. Балаларды ақ ірімшік жеуге дағдыландыру қажет, олардың құрамында майлар және сода аз. Бұл дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады.

Көкөністер мен жемістер А, С дәрумендерінің көзі болып саналады. Көкөніспен жемістердің жаңа піскен түрі ғана емес, сонымен қатар кептірілген жемістерін де пайдалануға болады. Атап айтқанда түс мезгілі кезінде берілетін сусындар. Сонымен қатар әр түрлі тағамдарға қосылатын салат түрлері. Балаларға ең қажетті өнімдердің бірі – дәнді дақылдар. Олардың ең пайдалысы құрамында ірілей тартылған дәндері бар өнімдер. Осындай өнімдер В тобы дәрумендерінің және де басқа да микроэлементтердің көзі болып табылады. Бағалы әрі, пайдалы, пісірілген қара нанға кей кездері карамель құйылады- осындай өнімдерден аулақ болған жөн. Осы топтың ең танымал өнімдері – қауыздар, олардың ішіндегі ең пайдалысы – бидайдан, арпадан және қара бидайдан жасалғандары.

Балалар тәттілерді рахаттанып жейді, бірақ барлығын тәттілермен ауыстыру мақсатында емес, оларды балаға қосымша ретінде берген жөн. Сонымен қатар, ақылды ережелерді ұстаған жөн. Конфеттің орнына – шоколад, кремі бар пирожныйдың орнына – қандай да бір пісірілген нан немесе бисквит берген жөн .

Балаңыздың балабақшадағы тамақтану тәртібін, үйіңіздегі тамақтану тәртібімен келістіріп алсаңыз, өсіп келе жатқан жас ағзаға керекті дәрумендерді түр-түрімен үйлестіріп бере аламыз.

 

 

 

 

 Абдуллина Жанар Сериковна,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы

МКҚК № 162 бөбекжай-балабақша медбикесі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.