Home » Жаңалықтар » Тайынша ауданындағы тамыз кеңесі

Тайынша ауданындағы тамыз кеңесі

Өткен жылды қорытындылап, жаңа оқу жылының жоспарын нақтылау мақсатында педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданында «Төртінші өндірістік революция жағдайында адами капитал» тақырыбында аудан мұғалімдеріне  арналып өтті.  Конференцияға Тайынша ауданының әкімі Дудов Владимир Сергеевич және қонақтар мен мектеп мұғалімдері қатысты. Конференция барысында ұстаздар мен мектеп оқушылары ерекше жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ, білім беру саласының үздік қызметкерлері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Биылғы жылы аудан мұғалімдері 12 жас маманмен қамтамасыз етілді. Енді ғана жаңа өмірге қанат қаққан жастарға аудан басшылығы сәттілік тілеп, өз сый-сыйапатын көрсетті.

Аудан әкімі Дудов Владимир Сергеевич жыл сайынғы оқу жылының нәтижесінде үздік болған мектептер мен мұғалімдерді құттықтады. Жаңа оқу жылында бұдан да үлкен табыстарға жетуіне тілектес екенін жеткізді.

 

 Көкбасқызы Жазира

«Білім айнасы»

СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.