Home » Эссе » Тазалық — денсаулық кепілі Эссе

Тазалық — денсаулық кепілі Эссе

Тән сұлулығы – адамның сыртқы келбеті, сыртқы көрінісі.Тән саулығының тамыры — тазалықта, жан саулығының тамыры салуықта деп ойлаймын. Себебі, денсаулықтың кепілі — тән мен ардың тазалығы. Менің ойымша тән тазалығының  басты қағидалары ішкі жан дүниесі сұлу болған адамның  мейірімділігі, адал жан дүниесі бетінен  көрініс табады, жүзінен нұр шашып тұрады. Тазалық менің ойымша, әр адамның сана сезімінен, отбасы тәрбиесінен, орта тазалығынан пайда болады.  Мен өз тазалығым туралы айта кетсем. Өз басым тазалықты қатты ұнатамын. Ерте тұрамын, ертеңгілік жаттығулар жасаймын. Жуынып, өз бөлмемдегі құрал — жабдықтарымды таза ұстауға тырысамын. Өз денсаулығыма пайдалы тағамдарды жеуге тырысамын. Тазалық туралы маған әкем мен анам күнделікті ақыл кеңес беріп отырады. Өз бойымдағы тазалық маған жақсы әсер беретін секілді. Маған күш — қуат, шаттық көңіл күй береді. Әр адамда мінез болады. Мен өз мінезімнің осал жақтарын ішкі ар-ұждан дауысынан естіп, ішкі жан дүниемді тазартуға тырысамын. Жақсы ой ойлаймын, жақсы жылы сөздер  айтамын, жақсы істер жасауға тырысамын. Сонда менің тән сұлулығым және жан сұлулығым таза болады деп ойлаймын. Менің ең жақын досым бар. Досымның  жақсы игі адамгершілік қасиеттері мол, ол – адал шынайы дос. Досым екеуіміз спортпен айналысқанды ұнатамыз. Денемізді шынықтырған өзімізге өте пайдалы. Денеміз жаттығып әрі ішкі жан дүниеміз де тазарады. Денсаулығымыздың мықты болуының тағы бір себепшісі — спорт. Өйткені спортпен айналысқанда біздің көңіл — күйіміз көтеріліп, деніміз сау болып, шынығып қаламыз.Мен мұны салауатты өмір салты деп түсінемін. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы өте зор. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруда басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетуінен кейін қолдау алды. Сол себептен, халықтың денсаулығы үшін елімнің мақсатына қол жеткізу менің де мақсатым деп білемін. Біздің алаңда денені  шынықтыруға арналған арнайы орындар жасалып жабдықталған. Маған көбіне  аулада  таза ауада спортпен айналысқан қатты ұнайды. Демалыс күндері отбасымызбен спорт алаңына барып жақсы дем алып, денемізді шынықтырып  қайтамыз. Өзіміз тұрып жатқан алаңды таза ұстауға тырысамыз.

 Қоршаған ортаның тазалығы менің түсінігім бойынша барлық адамзаттың міндеті деп ойлаймын. Таза ұстау қазіргі таңда экологияны яғни, қоршаған ортаны қорғау ең басты мәселе болып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, зиян келтіруге жол бермеу керек. Жануарларға, өсімдіктерге қиянат  жасамауымыз керек. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, сақтау әр адамзаттың міндеті деп ойлаймын. Өз денсаулығымызды сақтау үшін қоршаған ортаға жақсы әсер беруіміз керек. Ауаның ластануымен күресу, суды және ауыз суды  ластанудан қорғау керек. Біз адамдар барлық сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әсемдікті табиғаттан  үйренеміз. Біз де табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауымыз керек. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан әлем қоқыстың құрсауында қалып отыр деуге де болады. Өйткені шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан зардап шегеміз. Қанша ғасыр өтсе де, еш бұзылмайтын пластикалық бөтелке, полиэтилен қалталардың залалы климатты өзгертуге дейін ықпал етіп отыр. Біз көбіне  полиэтилен пакеттерді, пластикалық ыдыстарды көп қолданамыз. Ыдыс, пакеттер жылдам жарамсыз болып қалады. Осындай қоқыстарға көміліп қалмаудың жолы — табиғи өнімдерден жасалған заттарды адамдар қолданса деймін. Менің ойымша, әр адам өз жүрген жеріне көңіл бөліп, тазалық сақтап жүрсе, біздің денсаулығымыз да жақсарады. Денсаулық – баға жетпес асыл зат. Сол себепті денсаулығымызды ерте жастан  барынша күтейік, достар!

Астана қаласы,
№ 64 мектеп-лицейінің
5 «и» сынып оқушысы
Жұмалы Досымжан

 

Астана қаласы,
№ 64 мектеп-лицейінің
Өзін-өзі тану пән мұғалімі
Дюсембина Бибигуль Айдархановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.