Home » Балабақша » Тазалық – денсаулық кепілі

Тазалық – денсаулық кепілі

         Міндеттері:

  1. Балаларға өздерінің денсаулықтарын қадірлеуді үйрету, салауатты өмір салтының әдеттерін қалыптастыру.
  2. Түйсік қабілетін дамыту.
  3. Балаларды денсаулығы мықты, сау болуға ұмтылуға тәрбиелеу.

Заттық – дамыту ортасы: Топтардың төсбелгілері, спорттық киімдер, 2 қап, муляждар, ойыншықтар, себеттер, доптар, шаршылар, лозунгтер, доғалар, жалаулар, 2 самокат, 2 фланелеграф, 2 мольберт.

2 топ «Чемпиондар» музыкасының әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Тыңдаңыздар, Назар аударыңыздар!

Жарысты біз бастаймыз!

Міне, балалар залға кірді,

Жас спортшылар екі топқа бөлінді.

Ал, балалар, өздерің аянбағдар,

Ептілік, батылдық, мықтылық танытыңдар!

Біз, бәріміз сымбатты, әдемі, денсаулығы мықты адам болғымыз келеді. Осындай болып қалу үшін бүгін бізге не көмектесетіндігін байқап көрейік.

Бүгінгі жарысымызға екі топ қатысады.

«Жұлдыздар» тобы және «Зымырандар» тобы.

Ал, қане, бір-бірімізді қостаймыз,

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

Жеңіске жетеміз деп –

Жалынды ұран тастаймыз.

«Жұлдыздар» тобының ұраны:      Шынығамыз күнде біз,

Осал болып ауырмаймыз.

Күнмен, сумен, ауамен,

Шынайы біз доспыз!

«Зымыран» тобының ұраны:          Қорықпаймыз, жалықпаймыз,

Спорт – біздің досымыз!

Қайратты да, жігерліміз,

Қарсыласты жеңеміз!

Жүргізуші: Әділ-қазылар алқасымен таныстырайын.

Айтқұлова Г.К. – әділ-қазылар алқасының төрайымы.

Бізге қайрат, күш беріп,

Рухани дем береді.

«Ауырмасын балалар» — деп,

Күніге ол тілейді.

Кожагельдинова А.А. – әділқазылар алқасының мүшесі.

Ақылды да, кемеңгер,

Бәрін-бәрін біледі.

Шыдамды да төзімді,

Білім нәрін төгеді.

Уревская С.Г. – әділқазылар алқасының мүшесі.

Төсектен де, диваннан,

Ерте тұрғызады.

Қатар тұрғызып,

Жаттығуды жасатады.

Жүргізуші: Ал, жарысымызды бастайық!

Бала: Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Жүргізуші: Бірінші эстафеталық жарыс – «Досыңа көмектес» деп аталады.

Жарыстың шарты: Балалар жұптасып тұрады: бір бала көзін жұмып, екінші көзі жұмулы баланы едендегі доптар арасынан сүрінбей, дұрыс өткізу керек. Қай топ бірінші боп келсе, сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы эстафеталық жарыстың әділ бағасын берсеңіздер.

Жүргізуші: Екінші кезек үй тапсырмасында.

«Тәні саудың – жаны сау» деген мақалды бәріміз білеміз. Әрқашан тәніміз сау болып жүру үшін біздің қатысушыларымыз тазалық көмекшілері туралы жұмбақтар жасырады.

«Жұлдыздар» тобының жұмбақтары:

  1. Басында қылшығы,

Тазалар тісіңді.

Осы бір тұмсығы,

Тындырар ісіңді.

Бұл не?                                                                                  (Тіс щеткасы)

  1. Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар

Басыңмен ісі бар.

Бұл не?                                                                                  (Тарақ)

  1. Ертемен күнде сен,

Қолыңды үйкесің.

Кетіп кір-ласың

Тап-таза боласың.

Бұл не?                                                                                  (Сабын)

  1. Иілсең – иіліп,

Түйілсең – түйіліп,

Қарайды кісіге,

Ұқыпты ісіңе.

Бұл не?                                                                                  (Айна)

«Зымыран» тобының жұмбақтары:

  1. Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не?                                                                                  (Сүлгі)

  1. Жалтыратып шашыңды,

Тап-таза қып басыңды.

Әдемі боп жүрсін деп,

Сыйлар саған көркемдік.

Бұл не?                                                                                  (Сусабын)

  1. Батыл ал да қолыңа,

Үйкеп су мен сабынды.

Ысқыласан болғаны

Кірдің бәрін жояды.

Бұл не?                                                                                  (Жөке)

  1. Жүру үшін әрқашан да таза болып,

Адамзаттың барлығына не қажет?                                    (Су)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Әділ-өазылар алқасы, балалардың тапқырлықтарының әділ бағасын беріңіздер!

Бала: Спорт – біздің досымыз,

Спортпен дос болыңыз.

Таңдасаң, достар, бұд жолды,

Ұзарар өмір жолыңыз.

Жүргізуші: 3 – эстафеталық жарыс: Самокатты тебеміз,

Бағдарлардан өтеміз!

Жарыстың шарты: Әр топтың топбасшысы самокатопен бағдарларға дейін бәр қалыпты, дұрыс жетіп, самокатты тез өздерінің топ мүшелеріне кезекпен жеткізу керек. Қай топ жылдам аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы, балалардың шапшаңдылығының бағасын берсеңіздер!

Жүргізуші: 4 – «Тобасшылар жарысы»

  1. «Төсбелгіні құратыр».

Шарты: Әр топбасшы өз тобының эмблемасының бөліктерін дұрыс тауып, фланелеграфқа орналастырады.

  1. «Киімдерді жина».

Шарты: «Жұлдыздар» тобы мольбертке жаздық спорттық киімдерді іледі. Ал «Зымырандар» тобы мольбертке қыстық спорттық киімдерді іледі. Қай топ жылдам аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы топбасшыларымыздың ептілігі мен зейінділігіне әділ бағасын берсеңіздер.

Балалар:       1. Дене шынықтыру керек бәрімізге,

Жаттығу ырғағы қосылды әніме.

Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермейді,

Ауру-сырқауды жолатпайды тәнімізге.

  1. Шаршағанды басады,

Көңіл-күйді ашады.

Музыкамен, қиомылмен,

Көңілді сергіту сәті.

Көңілді жаттығу «Лавата».

Бала: Шынықтырып денені,

Жаттығулар жасаймыз.

Күшті болып біз енді,

Салауатты өмір бастаймыз.

Жүргізуші: 5 – эстафеталық жарыс «Сипап сезу арқылы іздеу».

Жүргізуші: Балалар ең тәттіні – шоколад деп санайды. Ал, мен сәбізді және қырыққабатты ең тәтті  деп санаймын.

Біздің алдымызда екі ғажайып қоржын тұр. Оның ішінде әр түрлі заттар бар. Тапсырманы мұқият тыңдаңдар.

«Жұлдыздар» тобының балалары кезекпен жүгіріп келіп, қоржыннан сипап сезу арқылыденсаулыққа пайдалы азық – түліктерді ғана алады.

Олар қандай азық – түліктер?

Балалар сұраққа жауап береді.

«Зымырандар» тобының балаларына берілетін тапсырма.

Сымбатты болып жүру үшін дене шынықтырумен шұғылдану керек.

Мына қоржыннан сендер сипап сезу арқылы тек спортқа қажетті құралдарды аласыңдар.

Қандай спорттық құралдарды білесіңдер?

Жүргізуші: Әділқазылардың бағалары.

Жүргізуші: 6 – эстафеталық жарыс – «Кедергілер жолағы».

Жарыстың шарты:Алдымен балалар шаршыдан секіріп өтеді, доғадан иіліп, одан кейін допты алып, дәлдеп көздеу арқылы лақтырып, себетке салады.

Жүргізуші: Әділқазылар, осы сайыстың бағасын берсеңіздер.

Жүргізуші: Міне, спорттық жарысымыз да аяқталды. Қорытындылайтын уақыт та келді. Тапсырманы балалар жақсы орындады. Спорт бізге әрине, көмектесті.

Жүргізуші: Өорытынды сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.

Мадақтау.

Балалар:       1. Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер намысымыз.

Осылайша, қуанышпен думандатып,

Аяқталды, халайық, жарысымыз!

  1. Осылайша жарыс жолын тартамыз,

Біз үйімізге көңілді боп қайтамыз.

Бізді тәрбиелеп, шынықтырған

Дене тәрбиесі нұсқаушыларына РАХМЕТ айтамыз!

            Балалар «Жаса, Қазақстан!» музыка әуенімен залдан шығып кетеді.

  

 Құлжанова Бақыт Алтынбекқызы,

 І – санатты дене тәрбиесі нұсқаушысы

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімнің №8

«Арнайы логопедтік» балалабақшасы»

мемлекеттіқ коммуналдық казыналық кәсіпорны»

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.