Home » Жаңалықтар » «Табысты үштік» жобасы ата-аналармен байланысты арттыруда

«Табысты үштік» жобасы ата-аналармен байланысты арттыруда

«Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», — дейді   педагог әрі балалар жазушысы В.А.Сухомлинский. Иә, бүгінгі таңда еліміздің білім саласының көптеген  реформаларына халық енді үйреніп, заманауи ағымға ілесе бастағанды. Осы орайда ата-аналармен жұмыстың атқаруда  әр мекеме өзіндік ерекшеліктеріне  сүйенді.

Қамқоршылық кеңес, балаларды әр түрлі зияткерлік олимпиадаларға қатыстыру, олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін ата-анамен байланыс жасау жұмыстары жүргізіліп келеді. Қарастырылатын мәселе – ата-анамен біз қалай жұмыс жасаймыз? Осы орайда, Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясындағы сынып жетекшілердің ата-аналармен ынтымақтастық жұмыстарын тілге тиек етпекпіз.

Білім саласының бұл мекемесінде тарих және география пәнінің ұстазы және 7 «Д» сыныбының жетекшісі Ж.К.Шартыкбаева. Білікті мұғалім әр оқу жылының басында ата-аналарға арналған  бір жылдық оқу  жұмыс жоспарын жасап, бекітеді. «Ата-аналармен бірлесе отырып, сыныптың ата-ана комитетін сайлаймыз. Жиналыста мектеп ережелерімен танысып, әр ата-анадан  сауалнама алынады. Сауалнама арқылы сыныптағы  көпбалалы жанұяны, жағдайы төмен отбасын анықтап, мектеп тарапынан оқу жылы ішінде көмек көрсетіледі. Әр тоқсанда ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылған. Отбасы күніне арналған спорттық ойындар және ата-аналарға арналған тренинг-семинарлар  ұйымдастырылып тұрады.

Өз тәжірибемде ата-аналар жиналысын сәтті өткізу жұмыстарын жақсартудың жолдарын қарастыру болды. Кембридж бағдарламасы ұсынған  идеяларды басшылыққы ала отырып тәрбие сағатын өту жолдарын түрлендіріп отыруды көздеп келемін.  Әр жұмыстың сапалы өтуіне ыңғайлы тәсіл іздеуді және сындарлы оқытудың теориясын тәжірибемен ұштастыруда іс-әрекеттің өзгеше көріністері мен тұстарын түрлендіріп отыруды жоспарладым. Жалпы сынып ата — аналар жиналысының басты мақсаты — сыныптағы ата — аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.Сондықтанда сыныптағы ата-аналар жиналысын тиімді өткізудің маңызы зор.

Сол себептен ата-аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұғындыру мақсатында жиналыстарды тиімді, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Ата-ана жиналысын   коучинг, тренинг, дөңгелек үстел, кофе – брейк т.б.жұмыс түрлерін ұйымдастыруды көздедім.

Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

Сөзімді қорытындылай келе, бүгінгі таңда Қазақстандық жаңа тұрпатты мұғалім алдында екі ауқымды міндет тұр. Оның біріншісі – уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған өзгермелі қоғамда заманауи талаптарға лайықты жауап беретін кәсіби шебер маман болу, екіншісі – кейінгіге қайта оралып, ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру. Осы орайда  «Табысты үштік » жобасына қолдау көрсетіп өздерінің алтындай уақыттарын бөліп,бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлетін ата-аналарға ризашылығым шексіз», — дейді аталған мектептің 7 «Д» сыныбының жетекшісі Жанат Кеулімжайқызы.

Иә, бұл тек бір ғана сыныптың ата-аналармен жұмыс жасаудың көрінісі. Ал, жалпы мектеп әкімшілігі ата-аналармен қандай жұмыстар атқаруда? Бұл туралы Керімбай атындағы №12мектеп-гимназиясының  директоры Тұрысбек Мұрат Жарылқапұлы былай дейді: «Мектеп-гимназиямызда ата-аналармен байланыс негізінде «Табысты үштік» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты айқын, жұмыс жүйесі нық құрылған. Тоқсанына бір рет  ата-аналар өз сыныптарында сынып сағаттарын өткізді. Сынып жетекшілер ата-аналар жиналысын «Ата-аналар көзқарасындағы жаңа форматта өткізіп, сол бойынша әдістемелік құрал дайындады.

Бұдан түсінгеніміз,  «Табысты үштік» жобасының негізгі мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты  күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту екен.

Яғни, «Табысты үштік» жобасының негізгі мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты  күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту екен.

Жалпы, сөзіміздің түйінін тарқататын болсақ, мектептептегі ұжымның тірегі мектеп басшысы екендігі  бесенеден белгілі. Мұғалімдермен, оқушылармен, қажет болса ата-аналармен қоян-қолтық байланыс орнатып, мекеме мәртебесін асқақтату мақсатында жан-жақты еңбек етіп, ізденеді. Осы орайда, бүгін біз нысанаға алған мектебіміздің басшысы да осал емес, яғни мықтылардың бірі екендігі ата-аналар өз алғыстары арқылы айтуда. Мәселен, ата-ана Анар Исатайқызы Спатаева:

—  Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты жандандыру барысында «Шаңырақ» жобасын  ұйымдастыру арқылы тәрбие сағаттарын ата-аналар заман талабына сай тақырып ала отырып жүргізді және байқаулар ұйымдастырылды. Осы жоба барысында 7 «Д» сынып ата-аналары әр аптаға сынып сағаттарын өтті, мен «Достық» тақырыбында сынып сағатын өттім. Балалар өз ойларымен бөлісті, сынып сағатының қызықты өткенін айтты.

Дөңгелек үстел, кәсіби сұхбат арқылы мектеп, ата-ана, білім алушы ынтымақтастығын арттыра түсу үшін «Табысты үштік» жобасы жүргізілді онда әр бір ата-ана өзін мазалап жүрген мәселелері бойынша ашық әңгіме жүргізу арқылы ой бөлісе алды. Бұл ата-аналарға қатысты жобалар болса ал білім алушылардың білімін шыңдау барысында жүргізілген жобалар жетерлік. Мен бұл жобалар арқасында  мектеп ұжымы алдына қойған мақсатына жететініне сенемін. Ол өзгерісті өзімнің қызым 7 «Д» сынып оқушысы  Төребек Жанардың және немерем 4 «Ә» сынып оқушысы Марат Адеманың  бойынан көріп отырмын. Бұл мектепке директор болып Тұрысбек М.Ж. келгелі мектепте білім сапасы артты және эстетикалық талғамға жаңа заман талабына сай өзгерді. Мектеп директоры Тұрысбек Мұрат Жарылқап ұлына, 7 «Д» сынып жетекшісі Шартықбаева Жанат Кеулімжаевнаға, 4 «Ә»сынып жетекшісі Далабаева Меруерт Жамбылқызына және сол мектепте әрбір бала үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға, ұжымға алғыс білдіремін.Тәрбие мен білім нәрін сіңдіріп отырған білімгерлеріңіз,ата-аналарыңыз сіздердің еңбектеріңізді бағалай білсін дегім келеді, — дейді ағынан жарылып.

Иә, кез-келген мекемеге білікті басшы келсе сол мекеме гүлденіп, алға жылжиды, қызметкерлері де еңбегін адалынан атқаруға тырысады. Ал, мектеп қабырғасында нәтиженің көрсеткіші оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасып, үлгілі тәртібімен, білімімен қоғамда өз орнын алуы болып табылады. Ал, Тұрысбек Мұрат Жарылқапұлы 2017 оқу жылынан Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы алға жылжумен келеді. Жақсы нәтижелер де күн санап артуда әрі ата-аналармен байланыс артты.

Яғни «Табысты үштік» жобасы да білікті басшы мен мықты мұғалімдер арқылы іс жүзіне асырылды дейді мектеп ата-аналары. Ендеше, ұжымды біріктіру арқылы оқушылар және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орната білген білікті басшы мен өнегелі ұстаздардың жұмысына сәттілік тілейміз!

 

Жансая Құрманғалиқызы,

                                                                «Білім айнасы»,

                                                                    Тараз қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.