Home » Жаңалықтар » Табысты тәжірибені таратудамыз

Табысты тәжірибені таратудамыз

31 қазан 2018 жылы  Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қала және аудандар мектептерінің мұғалімдеріне «Аймақтағы жалпы  білім беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік  мектептерінің тәжірибесін  тарату, негізгі үрдістер»  тақырыбында  семинар өткізілді.

«Deep Dive»  түрінде  ұйымдастырылған семинарға  аймақтың 100-ге жуық   мектеп директорларының орынбасарлары мен мұғалімдері, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры ,   Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының өкілдері және Семей қаласының білім бөлімінің әдіскерлері  қатысты.

Семинардың мақсаты – Назарбаев зияткерлік  мектебінің  жаңашыл тәжірибесін аймақ  мұғалімдеріне тарату, практикалық ақпараттық орта құру және кәсіби біліктілікті арттыру.

Қатысушылар өздерінің оқыту бағыттары   бойынша 7 секцияда  жұмыс  жасады. Директордың бейінді экспериментальдық жұмыстар бойынша орынбасары Райгүл Қайыркенова, Педагогикалық шеберлік  орталығының әдіскері Дидар Үсенова және  мектеп  мұғалімдері «Мектепті дамытуды  басқару», «Тәлімгерлік – әріптестерді оқытудың тиімді түрі», «Эссе  жазу  бойынша шеберлік – сыныптары»  қазақ тілі, орыс тілі пәндері, «Іс – әрекеттегі зерттеу: жоспарлау, өткізу,  эволюация», «Критериалды бағалау», «Оқыту үдерісіндегі IT технологияны қолдану»  бағыттарындағы тәжірибелерімен таныстырды.

Бұл тәжірибе  тарату алдағы уақытта да жалғасын табады. Педагогтер осы құраммен  3 рет кездесіп, тәжірибеге терең үңілуге  мүмкіндік алатыны атап көрсетілді.

Семинар соңында мұғалімдер ақпараттың пайдалылығы мен тәжірибелік тұстары туралы, сондай-ақ осындай іс-шаралардың қажеттілігін атап өтті.

Семинарға қатысып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін ұстаздарға білім басқармасы «Шығыс» өңірлік  орталығының   арнайы  сертификаттары тапсырылды.

  Дидар Үсенова,

 Педагогикалық шеберлік орталығының  әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.