Бүгін біздің мектебімізге республикалық ғылыми-танымдық газеті мамандары Нұржан Сырлыбекұлы мен Мадина Иманәліқызы келіп, ұстаздар қауымына мағынасы терең тренинг өткізді. Онда газет – журналдарға мақала, ашық сабақтар және бейнероликтерді жариялау кезінде нұсқаулықтар туралы мәліметтермен қанықтырды. Шығармашыл ұстаздардың еңбектері мен тиімді сабақтары туралы баспа беттерінде жариялауда уақытты үнемдеу және оны өңдеу т.б мәселелер алдыңғы орында тұратыны һақ.
Бүгінгі тренинг біз үшін осы сұрақтардың жауабын алып, өзіміздің жұмысымызды ары қарай өркендетуге шабыт берді десем артық айтпағаным. Келген мамандарға алғысымыз шексіз. Бірге жұмыс істеуге құлшынымыз арта отырып, алдағы уақытта жұмыстарымыздың табыстылығын арттыру мақсатында аянбай еңбек жасап, бірге ұжымдасып шығар биіктерімізді жоспарлауға мұрындық болды. Еліміздің саналы азаматтарына білім мен тәрбие беру жолында ұстаздардың еңбектерін бағалау, дәріптеу арқылы олардың ұзтаздық мәртебесін көтеруге үлес қосуға бағытталған. газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.
Сабденбекова Роза Қалмаханқызы
ОҚО. Шымкент қаласы,
№102 жалпы орта мектебінің математика
және физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі