Білім беру саласы: Таным
Оқу іс – әрекеті: Жаратылыстану
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру.
Жұмбақтар шешу арқылы ой — өрістерін дамыту.
Табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгімелесу, ойын.
Көрнекіліктер: табиғат құбылыстарының суреті: бұлт, күн, қар.
Тәрбиеші: — Балалар, бүгін ауа райы қандай болып тұрса да, біз бір — бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
Балалар: Балалар шеңбер болып отырады. Терезеге қарап, ауа райының өзгерісін айтады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ауа райы жылы, күн шығып тұр.
Ауа райы әртүрлі болады, бірде күн ашық болады, бірде жаңбыр немесе қар жауады.
Балалар: Тәрбиешінің айтқандарын қайталайды.
Тәрбиеші: Жұмбақ жасыру.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.(Күн)
Балалар: — Күн.
Тәрбиеші: — Қолымыздан ұстап дөңгелене ұстайық. Біз қазір неге ұқсадық?
Балалар: Күнге.
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар бізге күн не үшін қажет?
Күн әлемге жарық беріп, шуағын шашады. Балалар біз немен тыныс аламыз?
Балалар: — Ауамен тыныс аламыз.
Тәрбиеші: — Дұрыс айтасыңдар біз ауамен тыныс аламыз. Ауасыз бізге тіршілік жоқ. Таза ауа тыныстау үшін кере
Тәрбиеші: Сергіту сәтін өткізеді.
Күн төккен нұрынан
Биік болып өсеміз.
Денемізді тік ұстап,
Дөңгелене билейміз.
Балалар: Қолдарын жоғары созады, бір орындарында тұрып билейді.
Тәрбиеші: — Балалар қыс мезгілінде не жауады?
Балалар: Суретке қарап жауап береді:
Тәрбиеші: — Қыста, қар жауады, жел тұрады, күн суық болады. Осының бәрі табиғат құбылыстарына жатады.
Ойын: «Күн мен түн» Шарты: Балаларға «күн»дегенде, олар қолдарын ашып, дөңгелек жасайды, ал «түн» дегенде, олар ұйықтаған болады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Тәрбиеші: — Бүгінгі оқу іс — әрекетіміз жақсы тілекпен аяқтайық. Әрқашан күн сөнбесін! Ауамыз әрқашан да таза болсын! Суымыз тұнық болсын!
Балалар: Бірге қайталап тілектерін айтады.
Қорытындылау:Балаларға сұрақтар қойып, жауап алады.
Мұхитова Әлия