Home » Ашық сабақтар » Табиғат – тіршілік көзі

Табиғат – тіршілік көзі

Білім беру саласы: таным

Бөлімі: экология

Мақсаты: табиғат құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғатты қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Экология туралы білімдерін   пысықтау.

Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: презентация, жанды және жансыз табиғаттың суреттері, ыдыс, су, сүт, тас, құм, қасық.

Іс-әрекет   кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс- әрекеті
 

Мотивациялық -қозғаушылық

 

 

 

Шаттық   шеңбері

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз.

Біз әдепті баламыз.

Жұтсам ауа, ішсем су —

Табиғатым тамаша!

 

Жұмбақ     жасыру

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады . (Күн)

 

Өлшеусіз піштім,

Жіпсіз тіктім.   (Жер)

 

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен (Су)

 

Шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге айтады.

 

 

 

 

 

Жұмбақты мұқият тыңдап, ойлана жауап береді.

 

 

Күн, су, жер.

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

 

 

 

Балалар, бүгін сендермен бірге   бізді қоршаған орта,   табиғат   туралы әңгімелейміз.

Көктем келіп, жер бусанып, күн жылынғанда барлық жан-жануарлар мен жәндіктер тіршілігін жалғастырады.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем) Осы көктем мезгілінің айлары қалай аталатын еді? — Наурыз, сәуір, мамыр айлары.

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.

Табиғат – адамға қажет баға   жетпес байлық, ырыс   пен мол қазынаның қайнар   көзі.

Сондықтан халқымыз   «табиғат – адамзаттың өмір   нәрі, қажеттінің табылар   содан бәрі» деп   дәріптеген .

Табиғат адам бойына адамгершілік қасиеттерді   қалыптастырады .

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның,   өзен мен көлдердің   ластанбауына ерекше мән берген.

Балалар, табиғат екіге   бөлінеді. Атап   айтайын: жанды   және жансыз табиғат   болып.

Жанды табиғатқа: адамдар, жануарлар, өсімдіктер, ағаштар,   жәндіктер.

Жансыз табиғатқа: тау, тас, топырақ , су.

 

Ғажайып сәт:

— Бізге қонаққа Тамшы келіпті.

— Қане, балалар, қонақпен амандасайық!

Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып оқығым келеді.

— Тамшы, кел, төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.

Сенің келгенің қандай жақсы болды!

Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?

Тамшы: Әрине, білгім келеді.

— Ендеше, балалармен бірге суға зерттеу жасаймыз, бізбен бірге тамашала.

Балалармен   бірге жансыз   табиғат суға тәжірибе жасаймыз .                     Сергіту сәті

             Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстар болып ұшамыз.

Көбелектей қонамыз.

Су болып ағамыз,

Жаңбыр болып   жауамыз.

Балалар табиғат туралы тақпақтар   айтады.

Жарқынай:    Табиғат , табиғат,

Тамаша ғой табиғат.

Табиғатта ойнаймыз,

Гүлдей өсіп  жайнаймыз.

 

Жансая :   Гүлдер, гүлдер көктесін,

Көбелектер көп   келсін.

Ақ қанатты   көбелек

Балабақшадан кетпесін

Әділбек:        Табиғатты   аялаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Гүлдерді жұлмаймыз,

Айналаны ластамаймыз,

Табиғатты сүйеміз.

Дидактикалық ойын :

«Жанды және жансыз табиғатты ажырат».

Шарты: жанды табиғатты бір жерге,   жансыз табиғатты бір жерге   жинау керек.

 

 

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Судын түсін, дәмін, исін.

Кант, тас, сүт ағаш.

Тамшымен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешімен бірге айтып, қимыл   жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды қызығып ойнайды.

 

 

 

Рефлексивті түзетушілік

 

 

 

 

Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

 

Балалар, бізге қонаққа кім келді?

Балалар, біз неге зерттеу жасадық?

Табиғат туралы қандай тиым сөздер білесіздер?

Балаларды мадақтау.

Сұрақтарға   ойлана жауап береді.

 

Тамшы.

Суға.

— Гүлді   үзбе.

— Құстың ұясын бұзба.

— Суға түкірме.

— Ағашты сындырма.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: табиғат туралы білу.

Нені   игерді: суға тәжірибе жасап үйренді.

Нені біледі : Табиғатты сүйіп, оған камқор болуды біледі.

Байманова Сәнимай Базарваевна 

                  №9 «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі

   Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,

Мұнайлы ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.