Тақырыбы: «Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған,
Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан ...
«Туған өлке келбеті» (оқушы туған жерінің бүгінгі келбеті, өзгерістері мен жаңалықтары жайлы жазады);
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.Табиғат – адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін — асыл ана. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылғы дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі екенін атап көрсеткен болатын».
Табиғат адамзаттың қайнар көзі. Табиғат өмірімізге қажетті рухани байлық. Табиғат — айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем. Табиғат — адам тәрбиешісі. Өйткені адам баласы табиғатта, тіршілікте өсіп-өніп, жетілген, алып өз пайдасына жаратқан.
Табиғат – ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?!
Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонады.
Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаған сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған. Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені, оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі.
Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт. Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ — біз. Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші. Табиғат біз киетін киімді, оқитын кітапты, тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз. Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін. Экологияны және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң, қатты суық және ыстық желдерден микробтар, түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады.
Табиғат адамзаттың қайнар көзі. Табиғат өмірімізге қажетті рухани байлық, айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем.. Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат – үйіне қамқорлық жасауы тиіс.
Таза болса табиғат –
Аман болар адамзат, —
деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы — адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
Бұл орайда ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Осы орайда, менің мына бір өлеңім ойыма ой жалғағандай әсерде отырмын.
Сондықтан да Табиғатқа немқұрайлы қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Кең далам жайқалған майсалары,
Самал есіп, көк жайлау жайқалады.
Гүр- гүр өзен, бұлақта сырғып ағып,
Сарыарқам саған бақыт тоқталады.
Сарыарқам әлемнің төріндейсің,
Сол төрде төбедей боп көрінгейсің.
Бұлақтар, өзен, жота,тауларың
Даламның мәні-сәні боп көрінгейсің.
Қойшыбек Әнел Жанатқызы,
Қарағанды қаласы
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ
4 «В» сынып оқушысы
Жетекшісі: Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы
бастауыш сынып мұғалімі