Home » Бастауыш » Табиғатқа тамаша тарту жасай берейік!

Табиғатқа тамаша тарту жасай берейік!

Құстарға қамқорлық көрсету мақсатымен «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында облыстық «Эkoboom»жобасы бойынша «Құстар кафесі»атты акциясы ұйымдастырылды. 2018 жылдың желтоқсанынан басталған іс-шара мектебімізде әлі де жалғасын табуда.

Құстар –табиғаттың керемет тіршілік иелері.Олар табиғатқа сән береді. Құстарға қамқорлық жасау-біздің міндетіміз.Павлодар облысы,Аққулы ауданының Мерғалым аулындағы Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің 2- сынып оқушылары құстарға үйшік жасап,ағаштарға қондырсақ- бұл үлкен жақсы іс болар еді деген ой туындап,бірнеше оқушылар ата-аналарымен бірігіп құстың ұясын,жемсауытын жасап әкелді.Өз қолдарымен жасаған дүниелерін ағаштарға  іліп,табиғатқа жанашыр бола білулері – осы игі істерінің тіршілік иелеріне  деген ыстық махаббатары  деп білемін.Табиғатқа қамқорлық жасап жатып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, мейірімділіктерін көрудің өзі әсерлі болды.

Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иелері.Бейне біздің аспан әлеміндегі қорғаушымыз сияқты.Сол зеңгір көгіміз олардың мекені болғандықтан,ашық аспанымызда құстар сайрап жүрсе,жердегі адамдар да тыныш,бейбіт өмір сүре алады.Табиғатқа тамаша тарту жасай берейік, құстарға қамқор білейік, достар!

 

Исагалиева А.С.
Павлодар облысы Аққулы ауданы Мерғалым ауылы
БекмұратУахатов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.