Сабақ мақсаты: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көпшілігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Тілдік құзыреттілік: Піл – слон – Eltbphant
Кірпі – еж – Hedqgehog
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру Шаттық шеңбер
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбер
— Балалар, жылы лебімізді білдірейік!
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
— Балалар, алдарыңда төрт жолды бір шумақ өлеңді түсініп оқып, өлең не туралы екенін айтыңыздар?
Түсіріп қақпанға,
Жыланды ол ұстайды.
Тып-тыныш жатқанда
Шөткеге ұқсайды.
Өлең не туралы екенін білдіңіздер ме?
— Кірпі
— Кірпі сөзіндегі таныс емес қай әріп?
— П п дыбысы
- Суретке қара
- Балалар мына суретте нелерді көріп отырмыз?
- Піл, кірпі, доп
- Осы піл, кірпі, доп сөздерін орысша, ағылшынша қалай айтылады?
- Кірпі – еж – Hedgenog
- Доп – мяч – BaII
- Піл – слон – Eitdphant
III. «Тез ойлан» ойыны (п дыбысынан келетін сөздер)
Піл, пана, парта, қап, сап, тап, жапырақ, құлпынай, арпа, теппе, ақпан.
Піл – қай дыбыстан басталады
П п – дауыссыз дыбыс
Дыбыстық талдау жасайық
Піл 3 әріп. 3 дыбыс. 1 буын. Сызбамен көрсетейік.
П дыбысын ауада жазып көрейік.
IV. Электронды әліппе
- Дәптермен жұмыс
- Сергіту сәті
- Оқулықпен жұмыс: (іштей оқу)
Кубизм стратегиясы
- Бағандағы сөздерді оқу.
- Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
- Мәтінді рөлге бөліп оқу.
- Сұрақтарға жауап беру.
- Мазмұнын әңгімелеу.
- Мәтінде неше сөйлем бар?
- VI. Венн диграммасы
- Кірпі. Көжекке мінездеме беру (сипаттау)
- Сергіту сәті
- Мәтіндегі «әдемі» сөзіне мағынасы жуық сөзді табу
VII. Жұппен жұмыс:
Буыннан сөз құрау
- Қатар: апан, пана, арпа
- Қатар: теппе, қақпан, әріп
- Қатар: әдеп, кептер, пәтер
VIII. Қалыптастырушы бағалау: 62-63бет
- Қатар: Сыпайы сөздерді пайдаланып мәтін бойынша әңгіме құру (диалог)
2. Қатар: Сурет бойынша диалог құрастыру (Үлкенді құрметтеу)
3. Қатар: Балалардың кездесуі (диалог құрастыру)
Қорытынды: Кері байланыс
«Ақылдының алты қалпағы»
Қызыл – көңіл күй
Сары – жақсы тұстарын айтады
Қара – сын айтады
Ақ – өз пікірін білдіреді
Жасыл – жаңа идея ұсынады
Көк – басшылық жасап, қорытынды.
Д.Р. Дюсебекова,
№1 мектеп-гимназиясы,
Бастауыш сынып мұғалімі,
Сәтбаев қаласы