Home » Балабақша » Табиғатты қорғайық!

Табиғатты қорғайық!

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Мақсаты: Балалардың табиғатты қорғауға бағытталған білімдерін жалпылау; олардың табиғатта өздерін ұстау мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Табиғат туралы суреттер, пазылдар, ойынға арналған құралдар.

Әдіс-тәсілдер: Ойын, сергіту сәті, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ

Билингвальдық компонент: Табиғат-природа, ауа-воздух, жер-земля

Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Біз «Табиғатты қорғайық» атты сайысымызды  бастаймыз!

Ол үшін ойын шартын есімізге түсірейік:

— Қойылған сұрақты дұрыс тыңдап алу керек. Бір-бірлеріңе кедергі жасамайсыңдар. Тапсырманы аяғына дейін дұрыс орындау керек.

Бір топ жауап беріп жатқан кезде шуламай тыңдау керек.

Білімдерің кәмпит арқылы бағаланады. Қай топ көп кәмпит жинайды,сол жеңіске жетеді.Сонымен, бастаймыз!

— Табиғат – ол анамыз

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз. (музыкамен орындалады)

1) Екі топ өздерін таныстырады.

«Қырандар» тобы

Біз «Қырандар» тобымыз

Табиғатты қорғауды

Біздің болар ойымыз.

«Сұңқар» тобы

Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

2) Сергіту ойын: « Болады – болмайды»

— Жаңбыр жазда (болады)

— Шөп қыста (болмайды)

— Боран жазда (болмайды)

— Жапырақтар күзде түседі (болады)

— Қар ериді көктемде( болады)

— Кемпірқосақ қыста (болмайды)

— Мұз күзде(болады)

— Қар жазда (болмайды)

— Ыстық қыста (болмайды)

3) «Суретті құрастыр»

Балаларға қиылған суреттер беріледі. Қай топ суретті тез жинап, суретте не бейнеленгенін айтады, сол топқа ұпай беріледі.

4) «Сұрақ – жауап»

— Ең мойны ұзын жануар? (керік)

— Өзінің баласын сөмкеде қай жануар тасиды? (кенгуру)

— Құлағы ұзын қорқақ (қоян)

— Қыста ұйқыға кетеді ( аю)

— Өз үйін өзі тасиды ( тасбақа)

— Құрлықтағы ең үлкен жануар? (піл)

— Мұхиттағы ең үлкен жануар? ( кит)

— Айлакер, қу жануар? (түлкі)

5) Қимылды ойын: « Томар»

Тапсырма: бір жағадан екінші жағаға төмпешіктен төмпешікке секіріп өту. Төмпешіктің сыртына басқан бала ойыннан шығады. Қай топтың балалары жылдам әрі барлығы түгелдей өтеді, сол топқа ұпай саны беріледі.

6) «Жұмбақтар сайысы»

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
Шым — шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыздар)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді ұшып, өлмейді. (Бұлт)
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қуып едім, мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім, қолға тұрмады. (Боран)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)

6) Табиғат туралы тақпақтар айту

Табиғат деген – Жер-Ана,

Балалар оны бағала.
Табиғат деген – туған жер,
Қорғайды оны барлық ел.

Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен.
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер – ана, көл, теңіздер.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік бір – бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір су да әдемі.

Биік-биік шыңдарым да әдемі.

Табиғат — ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

7) Балалар! Біз кәмпит арқылы білімдерімізді бағалаймыз. Қай топ көп кәмпит жинады? (Балалар санайды) Балалар, «Сұңқар» тобы жеңіске жетті.

Жүргізуші: — Балалар, сендер енді нағыз «Табиғатты қорғайық» сайысына жақсы қатыстыңдар. Табиғатты қорғап, аялап жүріңдер!

 

 Байрова Сандугаш Каспиқызы,
Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы
жалпы білім беретін Аратөбе орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.